Тақырып «Менің Қазақстаным»

                                                                                                                                                

 

                                                                                     ЦИКЛОГРАММА

IV апта (23-27 желтоқсан 2019жыл.)

Ортаңғы топ №4 «Күншуақ»

Тақырып «Менің Қазақстаным»

 

Күн тәртібі Дүйсенбі

 

Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма  
Балаларды қабылдау Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы. Балабақша туралы жан-жақты әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға арналған ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату. Балалардың көңіл -күйлеріне назар аударып, қызуын  өлшеп қабылдау. Медбикемен бірлескен жұмыс.

 

 

Ата – аналармен әңгімелесу

Баланың өміріндегі екінші әлеуметтікқауым балабақша болып табылатындығы жөнінде әңгімелесу.

Отбасында баланың өсуі мен дамуы үшін жағдай жасалуы жөнінде әңгімелесу.

Балаларды үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу жөнінде және басқаларға тәрбиелеу тәжірибесін үйрету жөнінде әңгімелесу.

Балалармен өзін-өзі күтуге және жақындарына көмек беруге үйрету жөнінде әңгімелесу.

 

Ойындар (үстел-үсті, саусақ және т.б.) Дидактикалық ойын:

«Нені жақсы көреді»

Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.

«Бұл қай қала»

Сурет бойынша құрастырып әңгімелеу.

Мақсаты:Балаларды сурет бойынша әңгімелеуге үйрету.

  Дидактикалық ойын: «Тұғырлы жалау»

Мақсаты:Ойын арқылы заттың түрін,атын ажырата білуге тәрбиелеу.

Үстел-үсті ойыны:

«Бәйтерек»

Мақсаты:

Балалардың ойынға деген қызығушылығын дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

Үстел -үсті ойыны: «Пирамида»

Мақсаты: пирамиданы құрастыруды ,көлемді ажырата біледі .

Таңертеңгі жаттығу

(5 мин)

 

Музыка әуенімен таңертеңгілік жаттығулар  кешені. Ұйқы ашатын музыкалық-ырғақты қимылдарды орындайды

 

 

Таңғы асқа дайындық                          Таңғы ас Астарың дәмді болсын!

Ас уақытында балалар тамақты таусып жеуге дағдыланады, нанның қиқымын жерге тастамайды.

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындық Балалармен ұйымдастырылатын оқу қызметіне қажетті дамытушы орталықтардың (белсенділік орталық)  материалдарын, көрнекіліктерін,    дидактикалық ойын материалдарын дайындау.

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесі 1.«Қатынас»             Сөйлеуді дамыту 1 сағ.

2«Шығармашылық»

Сурет салу 1 сағ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. «Денсаулық»

Денешынықтыру 1 сағ.

2. «Шығармашылық»

Музыка 1-3 апта3. «Таным»

Құрастыру 0,5  2-4 апта

 

 

1.«Қатынас»

Көркем әдебиет 2-4 апта

Орыс тілі 1-3 апта

2.«Таным»

Математика негіздері 1 сағ.

3.Вариативтік компонент

1.«Шығармашылық»

Мүсіндеу1 апта

Жапсыру 2 апта

2.«Әлеумет»

Қоршаған ортамен     таныстыру 3 апта Экология  негіздері 4апта

3. «Денсаулық»

Денешынықтыру 1сағ.

 

1.«Шығармашылық»

Музыка  1 сағ.

2. «Денсаулық»

Дене шынықтыру 1 сағ.

3.«Таным»

Жаратылыстану 1 сағ.

 

Ұйымдастырылған оқу қызметтері 1.Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:  «Тәуелсіз – Қазақстан!»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Отанын сүюге   тәрбиелеу.

Білімділік: Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, мемлекеттік рәміздер туралы үйрету.

Дамытушылық: ересектермен әңгімелесу кезінде берілген сұрақтарды тыңдау және түсіне білу дағдыларын жетілдіру

 

Дидактикалық  ойын

« Қазақ халқының салт -дәстүрлеріне саяхат »

Әдіс-тәсілдері: корсету, түсіндіру, сұрақ, жауап, әңгімелесу.

Көрнекіліктер:Әр түрлі суреттер ,сиқырлы қалам.

 

Күтілетін нәтиже:

Өлең жолдарын жаттағанда сөйлеу мәнерінің тәсілдерін сақтайды.

 

2.Сурет салу

Тақырыбы: «Қысқы шыршалар»

Мақсаты:

Тәрбиелік: ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Білімділік: қарапайым табиғат құбылыстарын  бейнелеуде дәстүрден тыс техникаларды қолдануды(тіс пастасымен жұмыс)үйрету.

Дамытушылық: Сурет салу іскерлік дағдыларын дамыту.

Дидактикалық ойын:

«Шыршаны безендіру»

Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,

Сергіту жаттығуы:

Қылқаламды

қояйық

Орнымыздан

тұрайық

Қолымызды созайық

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп

Күтілетін нәтиже:

ұқыпты жұмыс жасайды.

1.Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1.Көлденең нысанаға лақтыру

2.Бір аяқтан бір аяққа секіру

Қимылды ойын: «Жалаушаға қолымызды жеткізейік»

Күтілетін нәтиже:

Жаттығуларды ретімен орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Құрастыру

Тақырыбы: «Қаладағы көпірлер»     (құрылыс материалдарынан құрастыру)

Мақсаты:

Тәрбиелік: ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Білімділік: Құрылыс материалдарын дұрыс пайдалана отырып көпір  құрастыруды үйрету

Дамытушылық: Дербес жұмыс жасау дағдылар-ын арттыру. Ұсақ қол моторикаларын дамыту .

Үстел-үсті ойыны: «Көпірді  орналастыр»

Әдіс-тәсіл: түсіндіру әңгімелеу, сұрақ жауап.

Көрнекілігі: Қаладағы

көпірлер    суреттері.

Күтілетін нәтиже:

көпірді құрастыруды біледі.Ұжымдық жұмыс жасай білуді игерген. Тақырыпты толық меңгерді.

 

 

 

 

 

1. Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан» өлеңі Оразақын Асқар

Мақсаты:

Тәрбиелік:  Отанын, елін  сүюге тәрбиелеу.

Білімділік: Өлеңді оқи отырып, сөздердің

мағынасын түсініп,дыбыстарды анық айтуға үйрету.

Дамытушылық:есте сақтау қабілетін арттыру

Дидактикалық ойын:

«Бұл қай қала?»

 

Күтілетін нәтиже:

Өленнің  мазмұнын біледі.

Тәуелсіздік туралы ұғымды түсінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Математика негіздері

Тақырыбы:

«Бір-көп»

Тәрбиелік: алғырлыққа, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу.

Білімділік: таныс заттарды көлеміне (үлкен- кішкентай) және санына қарай  (бір-көп)  салыстыра білуді үйрету.

Дамытушылық: Танымдық қызығушылықтары дамиды.

Дидактикалық ойын:

«Көп және біреу»

Күтілетін нәтиже:

заттарды көлеміне санына

қарай  салыстыра біледі

Әдіс-тәсілі: көрсету,түсіндіру.

Көрнекіліктер:

Сандардың  суреті

Сергіту сәті.

Ал, балалар,келіндер

Бой жазайық бәріміз

Мойнымызды бұрамыз

Қолымызды созамыз

Аяқтармен топ-топ

басып

Орнымызға барамыз.

 

1. Экология негіздері

Тақырыбы: «Туған елдің жабайы жануарлары»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Жануарларға деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

Білімділік: Жергілікті аймақты мекендейтін жануарлардың 2-3 түрлерін танып, атауға үйрету.

Дамытушылық:

Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Дидактикалық ойын.

«Жануарларды орналастыр»

Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

 

Күтілетін нәтиже: жануарлардың атауларын атайды.

Жануарлардың қайда мекендейтіні жайында біледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1. Бір аяқтан бір аяққа секіру

2. Биіктігі 30 см еңіс тақтай бойымен жүру

Қимылды ойын: «Метро»

 

Күтіетін нәтиже:

Жаттығуларды  ретімен орындайды.

 

1.Музыка

Тақырыбы:

Максаты:

Тәрбиелік: Балалардың Қазақстан тәуелсіздік туралы ұғымдары қалыптасады..

Білімділік: Жалаушалар пайдалана отырып ырғакпен қозғалуды біледі

Дамытушылық: Би билеуге икемділіктерін арттырамыз.

Музыка Ән тыңдау: «Біз-туған ел баласы» Қ.Қуатбаев. Ән айту: «Менің Отаным» Б.Ғизатов Әуенді-ырғақты қимыл, ойын: «Жалаушылармен жаттығу жасаймыз»

 

 

Күтіетін нәиже:

Жалаушалар пайдалана отырып, ырғакпен қозғалуды біледі.

Хормен сөздер мен дыбыстарды таза және анық айтуға дағдыланған.

 

 

 

 

 

 

 

3.«Біз кішкентай спортшылармыз» – спорттық іс-шара

 

Күтілетін нәтиже:

негізгі жаттығуларды өздігінше орындайды.

 

3. Жаратылыстану

Тақырыбы: «Қағаз бен мата»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Қоршаған ортадағы заттарға, ересектердің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу

Білімділік: Қағаз бен матаның қасиеттері туралы білім беру .

Дамытушылық:

Қарапайым тəжірибелік-зерттеу жүргізе білу дағдыларын дамыту.

 

Дидактикалық ойын:

«Ұшты-ұшты»

Көрнекілігі:  суреттер.      Әдіс тәсілі: ойын технологиясы

Күтілетін нәтиже:

Қағаз бен матаның қасиеттері туралы біледі.

Серуенге дайындық  Балалардың киіну реттілігін бақылау,  киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киіміндегі олқылықтарды жөндеуді қадағалау.

Киім шкафтарын таза ұстау және жинау.

 
Серуендеу Картотека №16

Бақылау: Қыстап қалған құстарды бақылау.

Мақсаты: Қыстап қалатын құстардың түрлерімен таныстыру және мағлұмат беру.

Еңбек: Құстарға жем шашу.

Қимылды ойын:Кім жылдам.

Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа,сезімтал-

дық қабілеттерін дамыту.

Картотека№17

Бақылау:  Аязды бақылау.

Мақсаты: Қыс мезгіліндегі күннің суықтығы аяз туралы түсінік беру.

Еңбек:Ауладағы қарды күреуге көмектесу.

Қимылды ойын: Сырғанақ тебу.

Мақсаты:Балаларды ұйымшыл тату ойнауға тәрбиелеу.

Картотека №18

Бақылау: Қар   жауып тұрған  құбылысты бақылау.

Мақсаты: Ауа-райына байланысты қысқы құбылыстарды түсіндіру.

Еңбек: Қарды күреуге көмектесу.

Қимылды ойын: «Кім жалаушаға жетеді».

Мақсаты: Жылдамдыққа, дәлдікке,ептілікке үйрету.

 

Картотека №19

Бақылау:  Бұлтты күнді бақылау.

Мақсаты: Қыста аспанды сүрғылт бұлт басады,бұлттың салдарынан қардың жауатынын түсіндіру.

 

Еңбек: Ауладағы қар жинаған адамдарды бақылау.

 

Қимылды ойын: «Мені қуып жет»

Мақсаты:Балалардың зейінін дамытып шапшаңдыққы баулу.

Картотека №20

Бақылау: Мұзды бақылау.

Мақсаты: Мұзды көрсете отырып  сипаттау,қыс мезгілінде өзендер мен көлдердің бетін мұз басатындығы жөнінде түсінік беру.

 

Еңбек: Ауладағы жолды тазалау кезінді аула тазалаушыға көмектесу.

 

Қимылды ойын: «Аттамақ»

Мақсаты:Қимылды жаттығуларды жасауды үйрету,тапқырлық таныта білу.

Серуеннен оралу, түскі асқа дайындық  

Балалардың дұрыс шешіп, шкафқа киімдерін орналастырады. Жинақылыққа қалыптасады.

Қолды тазалап жуып ,өз сүлгісіне сүртіп, өз ұяшығына іледі.

 

 
Түскі ас

 

Ұқыпты тамақтануға  дағдыланады,  ас құралдарын дұрыс қолданады. Тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз жейді..

Тазалық шаралары. Тамақтан соң қолдарын жуады. Түскі ұйқыға дайындық, дұрыс киініп шешініп, киімдерін жинайды.

Жағымды әуенмен ұйқыға жатады.Ертегі оқып беру.

 

 

Түскі ұйқы Балалардың тыныш ұйықтауына  жағымды жағдай орнату.Ояу жаттығу. Массаж жаттығу.

 

«Бауырсақ» ертегісі

 

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі

 

«Тырна мен түлкі» ертегісі

 

«Үш аю» ертегісі «Алтын сақа» ертегісі

 

Біртіндеп ұйқыдан ояту, шынықтыру шаралары Жалпақ табандылықтықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жүру «Қайық»-төсекте ішпен  жатып, қолды иекке таяп қою,жартылай тұрып оңға-солға тербелу   «Кемпірқосақ»-төсектеарқамен жатып аяғыменауада шеңбер жасау. Созылу»-төсекте аяқтары бірге,қолды денесінің қалпымен жоғарыға созып,арқасымен жатып керілу. «Тышқандар»-массажды кілемшеде аяқ ұшымен және өкшемен айналу
Бесін ас

 

 

 

Орындықта түзу отырып, қасықты оң қолға ұстауға үйренеді, ұқыпты асты төкпей- шашпай ішуге дағдыланады.  тамақтану дағдыларын,  ас құралдарын қолдануды  жетілдіру,тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз жеуді үйренеді  
Вариатив-

тік компонент, ойындар.

 

 

 Дидактикалық ойын

«Қолында не бар»

Мақсаты:Балаларды ұзын қысқа ,жуан-жеңішке білімдерін бекітуге үйрету.

алыптасады.

Дидактикалық ойын: «Неге ұқсайды»

Мақсаты:Ойын арқылы заттың түрін,атын ажырата білуге тәрбиелеу.

Вар.компонент.

«Дидактикалық ойындар»

Тақырыбы: «Апта күндері»

Мақсаты:

Апта күндерін атап,

есте сақтай білуге үйрету.

 

Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қалта»

Мақсаты: ойыншықты сипап сезу арқылы таниды және атын атайды.

Дидактикалық ойын

«Менің мекен жайым»

Мақсаты:Ұзын-қысқа,жуан-жеңішке,үлкен-кіші,оң-сол жайлы білімдерін бекіту.

 

 
 Баланың жеке даму картасына сәйкес  жеке жұмыс Жеке баламен жұмыс:

Шығармашылық білім саласы бойынша Ильдар,Айару, Бейбарысқа

Қылқаламды қолдану арқылы, жұмыс жасауды үйрету.

 

 

 

 

 

 

 

Жеке баламен жұмыс:

Таным білім саласы бойынша Ернұр,Айзере, Арайлымға                    Теледидар туралы түсініктерін молайту.

 

 

Жеке баламен жұмыс:

Қатынас білім саласы бойынша
Елнұрға, Айаруға, Айшаға тілдің  грамматикалық  құрылымы бойынша   қарапайым  сұрақтарға  жауап беруді үйрету.

Жеке баламен жұмыс:

Таным білім саласы бойынша Нұрасыл, Айзат, Ақнұрға Құрылыс материалдарымен құрастыруды үйрету.

Жеке баламен жұмыс:

Қатынас білім саласы бойынша
Әділет, Айлин, Наргизге сурет бойынша әңгімелеп беруді үйрету

 
Серуенге дайындық Балаларды киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлайды, киіміндегі олқылықтарды байқап, оны дұрыстай білулерін қадағалау.  
Серуен Балабақша   ауласына    серуен.

Балалармен    әңгімелесу.

 
Кешкі асқа дайындық Тазалақ шаралары, тамақтану алдында мұқият қолды жуып, өз сүлгісіне сүртіп,өз ұяшығына іледі.

 

Кешкі ас Балалардың назарын тағамға аудару.Балаларды  ұқыпты  тамақтануға дағдыланады .

 

Балалар-

дың үйге қайтуы,

ойындар

Үстел үсті ойындары: «Домино»

Мақсаты: логикалық ойлауынды  дамиды.

Ата-аналарға кеңес:

Баланы ауа райына сәйкес киіндіру.

 

Саусақ жаттығуы.

Құстар қанат қағады.

Құстар ұшып барады,

Көкте қанат қағады.

Барлық құстар қосылып,                               Шиқ-шиқ-деп,ән салады.

Ата-аналарға кеңес:

Үйде баланың өзі киініп, өзі шешінуін қадағалап, талап етіп отыруды түсіндіру.

 «Пазлдар»

Мақсаты: есте сақтауға, аңғарымдылыққа үйренеді.

Ата-аналарға баланың тазалығына  қарауға кеңес беру. Ата-аналарға балабақша төлемақысын уақытылы төлеп тұруын ескерту.

 

Қимылды ойын:

«Допты дәлдеп лақтыр»

Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа дәлдікке тәрбиелеу.

Ата-аналарға кеңес: баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз

Құрастыру ойындары.

Мақсаты: ойлау қабілеті  дамиды.

Ата-аналарға кеңес:

Балабақшадан себепсіз баланы қалдырмауды ескерту

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші:   

Еримбетова Г.Т.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *