Жер қазушы машиналары

Жер қазушы машиналары
27.12.2019ж. 1300-де 304 кабинет
Тақырып: Сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақта
пайдалану тәжірибесі «Жүк көтергіштері
және арнайы крандар».
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Құрылыста пайдаланылатын жүк
көтергіш крандар туралы мағлұматтарды
өздерінің меңгеруіне жағдай туғызу;
СТО технологиясы стратегияларын
сабақтарында әдістемелік тұрғыда
салауатты пайдалануын меңгерту.
Дамытушылық: Оқытушылардың құрылыс машиналары, құрылыс көтергіштері туралы білімін нығайту, өзіндік идеясын, қабілеті мен ынтасын шығармашылықтарын дамыту, өздеріне деген сенімділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқытушыларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, ұжыммен, топпен жұмыс жасауға, өз тобының білім мен жауапкершілігін күшейтуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары
Пән аралық байланыс: Құрылыс материалдары, үймереттер мен
ғимараттардың құрылымдары
және конструкциясы.
Квалификациялық талаптар:
Білу керек: Құрылыста қолданылатын машиналар аттарын жатқа білулері керек, пайдаланылу
жолдарын білу.
Орындай білу керек: СНиП талаптарына
сай жұмыстарды орындай білу.
Сабақтың оқу жабдықтары: М.А Абдыгалиев «Строительные машины
и механизмы», Барсов И «Строительные машины»
Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта бойынша мәтін, кабинеттің
безендірілуі, тапсырмаға қажетті жабдықтар.

Сабақ құрылымы:

І. Сабақты ұйымдастыру
(сәлемдесу, сабаққа қатысын және аудиторияның дайындығын тексеру)
Сәлемдесу жұбыңды таны стратегиясы бойынша жүзеге асады.
ІІ. Жаңа сабақ
І. Ой қозғау
1.Тақырыпты ашу
2. Қызығушылығын ояту (слайд )
3. БББ стратегиясы бойынша кестені сабақ бойына толтыру.

Білемін Білдім Білгім келеді

ІІ. Мағынаны тану
1.ДЖИК СО старатегиясы бойынша мәтінмен танысу. Мақсаты: жалпы мәтінмен алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау, яғни жүк көтергіштер түрлеріне анықтама алу.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Автомобильді кран
2. Портальды кран
3. Пневмодөңгелекті крандар
4. Мұнаралы крандар
2. INSERT немесе түртіп алу стратегиясы – түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып,
«v» – білемін,
«+» – білмеймін,
«-» – мен үшін жаңа білім (ақпарат)
«?» – мені таң қалдырды деген белгілерді қойып мәтіннің мазмұнын түсінеді және басқа топқа сұрақ қоюға дайындалады.
ІІІ. Ой толғаныс.
1. Куббизм стратегиясы – ойын арқылы оқыту. Кубиктің төрт жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады.
Сергіту сәті: Дене мүшелерімен сандар салу: 1,2,3,4,5. Бас,оң иық, сол иық, оң тізе, сол тізе арқылы
2. Бір айналым сөйлесу стратегиясы – ойын арқылы оқыту. Топ мүшелерінің өз ойларын ашық жеткізуге талпындыру. Топта отырып тақырып, мәтін бойынша топтың әрбір мүшесі бір – бір сөзден қосу арқылы сөйлем құрау арқылы сөйлесу.
3. Геометриялық фигуралар стратегиясы – бұл стратегияның құралдары геометриялық пішіндер. Мақсаты: сөздік қорын, әдеби, мәдени сөйлеу тілін, күрделі ойлау қабілетін дамыту. Себебі оқылып отырған мәтінге сипаттама бере отырып қорытынды жасайды.
Сипатта (түрі, түсі, көлемі)
Салыстыр (Ұқсастығы, айырмашылығы)
Ұсын (қалай, қай жерде пайдаланылады?)
Дәлелде (қарсы және қарсы емеспін)
Талда (қалай жасалған, неден тұрады?)
Ой толғау (бұл неден жасалған?)
4. Венн диаграммасы стратегиясы – бұл стратегияның мақсаты салыстыру, пайымдау. Екі заттың айырмашылығы мен ұқсастығы жазылады. Бір біріне айқасқан екі немесе үш шеңбер. (Тек шеңбер болу керек деген қате түсінік) Екі жағына салыстырылады, ал айқасқан жеріне ортақ қасиеті жазылады. Ойлары ашылып, салыстыру сияқты күрделі операция жүзеге асады.
ІІІ. Сабақты бекіту.
1. Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы – берілген тапсырма бойынша өлең құрастыру.
1. Кім?
2. Қандай?
3. Не істеді?
4. Түйін
5. Синоним
IV. Үйге тапсырма:
1. БББ стратегиясы бойынша кестені аяқтау
2. Қазіргі жаңаша үлгімен шығарылып жатқан көтергіш крандар түрлеріне мағлұмат жинау.
V. Сабақты бағалау.

1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй жұмысын жан-жақты тексеру.
Студенттердің үйге берілген тапсырмаларға дайындығын тексеру.
Слайд арқылы өткен тақырып бойынша білімдерін ұяшық арқылы тексеру.

1. Жүк көтергіш машиналарына түсінік беру: домкраттар
2. Полиспасттар
3. Арқандар мен шынжырлар
4. Ілмектер, ілмектік обоймалар
5. Ілгіштер
6. Жүк көтергіш крандарға түсінік

3. ББД жан-жақты тексеру кезеңі (білім алушының білім дағдысын)

Сұрақ-жауап арқылы тексеру:
1. Құрылыс машинасының неше жетегін білеміз?
2. Электр жетегі дегеніміз не?
3. Гидравликалық жетегі дегеніміз?
4. Пневматикалық жетек дегеніміз?
5. Қол жетегі дегеніміз?
6. Ішкі жану жетегі дегеніміз?

4. Білім алушылардың жаңа материалды түсініп және белсенді игеруге дайындық кезеңі.
Студенттердің қызығушылығын ояту мақсатында бұлыңғыр суреттерге жауап алу. Тақтада берілген бұлыңғыр суреттерге жауап береді.

5. Жаңа білімді қабылдау кезеңі.
І. Ой қозғау.БББ кестесін толтыру.
ІІ. Мағынаны тану. ДЖИК СО тәсілі арқылы студенттерге мәтін тарату.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Бульдозер.
2. Скрепер.
3. Автогрейдер.
Түртіп алу әдісі бойынша өздеріне керекті материалдарды алады.

6. Жаңа материалды білім алушының түсінуін тексеру кезеңі.
ІІІ. Ой толғаныс.
1. Қубизм тәсілі.

2. Сергіту сәті.

3. Бір айналым сөйлесу.

4. Геометриялық фигуралар.

7. Жаңа материалды бекіту кезеңі.
5. ВЕНН диаграммасы.

6. Бес жол өлең.

7. РАFT немесе автор орындығы.

8. Сканворд: Бульдозер.

9. Топтастыру.

8 Білім алушыларды үй жұмысы туралы ақпараттандыру, оларды орындау бойынша нұсқаулық кезеңі.
10.Өз топтарында берілген тақырып бойынша ЭССЕ жазу.

10. Сабақты қорытындылау. Студенттердің сабаққа қатысын бағалау. Үйге тапсырма беру.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *