Алдаркөсе мен бай

Білім беру саласы : «Қатынас»
Бөлімі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Алдаркөсе мен бай»
Мақсаты: Көркем шығарманың мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету.Халық ауыз әдебиетінің туындыларын түсіне білуге қызығушылығын арттыру,ертегі тыңдау қабілеттерін қалыптастыру,сөздік қорын,байланыстырып сөйлеу,есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.Қайырымдылыққа,адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Блингвальдік компанент:тон -шуба,тымақ -шапка,

Шаттық шеңбері.
-Сәлеметсіңдер ме балалар!
-Сәлеметсіз бе !
-Кәнеки балалар келген қонақтармен сәлемдесіп алайықшы
-Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын,
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басығой,
Ал кәнеки бәріміз,
Сәлем дейміз үлкенге.
Жарайсыңдар балалар.
-балдалар бүгінгі күнімізге сәттілік тілейікші!
-күніміз сәтті өтсін!
-бәрекелді балалар.

Ой қозғау.

«Ертегілер әлемі» өлеңін жіберіп балаларға тыңдату.
– балалар өлең не туралы?
-ертегі туралы.
-дұрыс айтасыңдар,ертегі туралы екен.Ал сендер қандай ертегі білесіңдер,есімізге түсіріп көрейікші?

Слайдтан ертегілер көрсету.

-Бұл қай ертегі?
-Бұл үйшік ертегісі.
-Үйшік ертегісінің кейіпкерлерін айтайықшы.?

-Қаптесер тышқан,бақылдауық бақа,,секек қоян,түлкібике,қасқыр және қорбаңдаған аю.
-өте дұрыс.
-Келесі ертегіміз қай ертегі?
-Бауырсақ ертегісі.
-Бұл ертегі бізді неге тәрбиелейді?
-Достыққа тәрбиелейді.
-Ия дұрыс айтасыңдар
-Балалар бұл ертегіден біз нені ұғындық,қандай қасиеттерді бойымызға сіңірдік?
-Дос болуды,бірге болуды.
-Жарайсыңдар балалар,балалар сендер «Балапан» телеарнасын көресіңдер ме?
-Иә көреміз.
-Ендеше бәріміз бірге «Балапан» арнасына назар аударайықшы,бүгінгі күнге қандай жаңалықтар бар екен.

Экранға назар аудару.

-Сәлеметсңдер ме балалар!
Балалар әлемде бір қызық оқиға болған екен.Біреу бір ақымық байдың тоны мен астындағы атын алдап алып кеткен екен.
-Балалар сендер білесіңдер ме кімнің алдағанын?
-Жоқ білмейміз.
-Ал білмесеңдер мен сендерге бір жұмбақ жасырайын,мүмкін содан кейін естеріңе түсер.
Әлсіздерді жақтайды,
Сараңдарды алдайды,
Шайтанды да алдайды.
Білесіңдер ме ………(Алдарды)
-Кім екен балалар?
-Алдар көсе.
-Иә ол Алдаркөсе дұрыс айтасыңдар.
-Сонымен бүгінгі таңға арналған қызықты оқиғамыз осы.
-Сау болыңдар балалар!
-Балалар «Балапан» арнасынан Алдаркөсе туралы естідік,Алдаркөсе әлсіздерді жақтаушы,сараң байларды аямай алдап соғып,келеке етуші болған.
Ендеше бүгінгі оқу іс әрекетімізде «Алдаркөсе мен бай» ертегісін өтеміз.
-Ал сендер ертегіні көргілерің келе ме?
-Иә көргіміз келеді.

-Ал балалар енді осы ертегіні көріп тыңдайық.
-(балалар ертегіні көріп тыңдайды)
-Балалар ертегі кім туралы? (Алдаркөсе туралы)
-Алдаркөсе қандай адам? (ол өте қу,мейірімді,ақ көңіл)
-Алдаркөсе келе жатып кімге кездеседі? (байға кездеседі)
-Балалар байды қандай адам деп ойлайсыңдар?(ол өте жалқау,сараң,алыпсатар)
-иә дұрыс айтасыңдар
– Бай Алдарға не деді?
– Сен, немене тоңған жоқсың ба, үстіңдегі тоның шұрық – тесік?
-Алдар көсе не деп жауап берді?
– Тоңсаң, сен тоңған шығарсың? Менің тонымды киген кісі үнемі қыз-қыз қайнап жүреді дейді. Бір тесіктен кірген суық екінші тесіктен шығып кетеді. Ал жылу менің бойымда қалады.
– Байдыі үстіндегі киімі қандай?
– Байдың үстінде қалың тон, басында түлкі тымақ, астында жүйрік ат.
– Алдаркөсенің киімі қандай еді?
– Алдаркөсенің үстінде шұрық-тесік тон, басында жұқа телпек, астына мінгені арық ат.
-Алдаркөсенің арманы. Ол арманына жетті ме?
– Байдың қалың тоңын алдап өзіне алу. Оның арманы орындалды.
-Балалар бұл оқиға қай мезгілде болып жатыр?
-Қыс мезгілінде .
Ендеше қыс мезгілі туралы қандай тақпақтар білеміз.

Қыс мезгілі көңілді,
Аспаннан ақ қар төгілді.
Шанамен біз ойнаймыз,
Шаңғы теуіп зырлаймыз. Нұрсұлтан.

Қар жауғанда топ бала,
Соқты қардан аққала.
Мұрны сәбіз,үп-үшкір,
Көзі көмір қап-қара. Ибрахим.

Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып-жылтыр болып жатады. Даяна.

Ауыл сырты биік жар,
Бізді күтіп тұр қарап.
Биік жарға шығып –ап,
Жөнелеміз сырғанап. Уғилой.
-жарайсыңдар балалар.

Белингвалдық компонент:
Тон-шуба, шұрық-тесік – дырявый

– Кәнеки балалар біраз отырып қалған болармыз, бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті.
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан,
Қар атысып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.

Жарайсыңдар балалар.
-балалар,бүгінгі тақырыбымызға байланысты қандай ізгі сөздер,мақал-мәтелдер айта аламыз.

-жақсы сөз жарым ырыс. Буняд.

-жылы киім тәнді жылытар, Атабек.
Жылы сөз жанды жылытар.

-жалқаулық ең жаман әдет. Лазиз.

-жалқау жарты кісі. Дилмурат.

-кісіге қарап есінеме. Роза.

-үлкен кісінің алдынан кесіп өтпе., Хилола

-жалған сөз сөйлеме. Уғилой.

-Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей. Даяна.

Жарайсыңдар балалар.

Тосын сәт: Алдаркөсе кіріп келеді.

Мен Алдармын,Алдармын,
Сақалымды талдармын,
Сақал түгілі мұртта жоқ.
Шайтанды да алдармын,а аа а,а аа а ау.

-Сәлеметсіңдер ме балалар!
-Мені таныдыңдар ма?
-Иә сен Алдаркөсесің.
-Иә Алдаркөсе сәлеметсізбе ,біз қазір ғана сіз туралы ертегілерді тамашалап болған едік,сіз қалайған байды алдап кеткенсіз?

-Ой балалар мен аңқау байды өзімнің шұрық тесік тонымды сиқырлы тон десем соған сенеғалғаны ха ха ха, ендігі байдың кемпірі әбден соққыға жыққан шығар.
-Иә .
-Алдаркөсе біздің балалар да сізге бір сиқыр көрсетсе қалай қарайсыз?
-Кәне ки көрейікші сендердің қолдарыңнан қандай сиқыр келеді екен.
Балалар мына сиқырлы қылқаламмен алдарындағы ақ қағазды бояп шықса сол қағаздан ертегідегі суреттер шығады.
-Ой распа мен сенбеймін.
Кәнекки балалар бізде бір сиқыр көрсетейікші
(балалар алдарындағы ақ қағазды бояп шығады.)
Ой балалар сендер мұны қалайғана жасадыңдар.
Ендеше балалар кімде қандай серет шыққанын айтып берейікші.
Балалар сереттегі шыққан затты ертегінің қайжерінде кездескенін айтып береді.
-Бәрекелді балалар мен сендерге таң қалдым.
Ендеше мен жолға шығайын,менің әлі атқаратын тірлігім көп.
Сау болыңдар балалар!
Сау болыңыз Алдаркөсе!
-Ой балалар менде ақымақ байдың қоржыны қалып кеткен екенғой,іші толған кәмпит сияқты ,алыңдар балаларым сендер де бай болыңдар !
Сау болыңдар!
-Балалар бізге кім келді?
-Алдаркөсе келді.
-Алдаркөсе жақсы адамбекен?
-Иә
-Балалар бүгінгі ертегіміз сендерге ұнадыма?
-Иә ұнады
-Ендеше келген қонақтарға сау болыңыздар деп айтайық.
-Сау болыңыздар.!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *