Пішіндер

Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Математика негіздері.
Тақырыбы: «Пішіндер».
Мақсаты: балаларға өздеріне таныс дөңгелек,шаршы және үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді бір бірінен ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Айырмашылығын және ұқсастығын ажырата білуге үйрету,ой қәбілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: мұқияттылыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: көрсету,түсіндіру,үйркету,ойын,сұрақ жауап.
Көрнекіліктері: суреттер,пішіндер,слайд.
Іс -әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің
іс- әрекеті Балалардың
іс әрекеті

Мотивациялық
Қозғаушы

Ұйымдастыру-іздестіру

Рефлексивті-түзетушілік Шаттық шеңбері.

Армысың алтын күн!
Армысың көк аспан!
Армысын жер ана!
Армысың достарым!

— Ой жарайсыңдар балалар,қазыр жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай болады?
-Қыс мезгілінің айларын атап беріңдер?
-Бір аптада неше күн бар?
-Апта күндерін орыс тілінде атап беріңдерші?
Тосын сәт:
Маша кіреді.

-Сәлем балалар қалдарың қалай?
Тәрбиеші;
-Сәлеметсің бе Маша,бізде бәрі жақсы.Өзің қалайсың.
Маша; Менде бәрі жақсы.Міне осы сендерге қонаққа келдім.Бірақ бос қол келген жоқпын, Аю менен сендерге сәлемдеме беріп жіберді.
Тәрбиеші:
— Қане,көрейік,ол қандай сәлемдеме болды екен.
-Балалар бұл хат екен,бұл хатта не жазылып тұр екен оқиық.
-Аю «Сәлеметсіңде ме балалар,қалдарың қалай? Мен сендерге бір неше тапсырмаларды жібердім.Өзім сол тапсырмаларды шеше алмай қойдым,маған көмектесіңдерші? Аю»
Тәрбиеші.
— Балалар Аюға көмектесеміз бе?
Олай болса Маша сен жайғасып біздің балалардың білімдерін тамашала.
-Балалар біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізді бастаймыз.Бүгін біз сендермен «Пішіндер» туралы әңгімелестін боламыз.
Ендеше пішіндер туралы экранға қарап біліп алайық.
Слайд: «Пішіндер».
-Балалар міне дөңгелек.Ол неге ұқсайды?
-Дұрыс допқа ұқсайды және көліктің донғалағына ұқсайды.Қараңдаршы дөңгелек домалайды.
-Ал мынау үшбұрыш,үшбұрыш неге ұқсайды?
Үйдің шатырына,пирамидаға ұқайды.
— Балалар сендер білесіңдер ме,үшбұрышты неге үшбұрыш деп атаған?
Үшбұрыштың үш бұрышы бар,қане санайық:бір екі үш.Үшбұрыш домалай алмайды,өйткені бұрыштары бөгет жасайды.
Ал мынау шаршы; терезеге немесе үйге ұқсайды.Шаршының төрт бұрышы бар,олда домалай алмайды,өйткені шаршының да бұрыштары бөгет жасайды.
-Балалар ендеше Машаға пішіндер туралы тақпақтарымызды да айтып берейікші.
Нұрсұлтан
Нүктесі жоқ басталған,
Аяқталған жері жоқ.
Шеңбердің сірә теңі жоқ.
Даяна.
Шаршы алаңдар тізіліп .
Бір қатарға тұрады,
Мұның бәрі түбінде,
Тікбұрыш боп шығады.
Айша.
Атына сай бағы бар,
Үш бұрыш,үш жағы бар.

Блингвальдік компанент:

Үшбұрыш-триугольник,
Шеңбер-круг,
Шаршы-квадрат

-Жақсы балалар ал енді бірінші тапсырмаға қарайық.
1-тапсырма:
Балалар менде бір неше суреттер бар.Олар қандай пішіндерге ұқсайтынын табуларың керек.
Тақтаға пішіндердің суреттері ілінеді.Балалар бір суреттен алып пішіндердің астына жапсырады.
Мысалы: алма дөңгелектің астына,ал сәбізді үшбұрыштың астына жапсырады.
Балалар шаршаған шығарсыңдар бір серігіп алайық
Сергіту сәті:
Күн ашылды,
Бұлт төнді,
Найзағай тарсылдады,
Жел соқты,
Жаңбыр жауды,
Жел басылды,
Кұн ашылды.
2- Тапсырма: қане балалар келесі тапсырмаға қарайық,бұл жерде тәрелкені құрастыру екен.

3-Тапсырма: Таяқшаларды санына қарай реттеу .

4-тапсырма: Пішіндерді түстеріне қарап ажырат.

5-тапсырма: Сиқырлы тақтайшада пішіндерді жазу.

-Жарайсыңдар балалар Маша көрдің бе біздің балалар Аюдың барлық тапсырмаларын орындап берді ,енді Аю бізге риза болаты шығар.
Маша . Иә жарайсыңдар балалар мен сендердің жұмыстарыңды Аюға апарып көрсетемін,сендерге көп рахмет,сендер өте ақылды балалар екенсіңдер ,ендеше мен барайын,Сау болыңдар.

-Балалар бүгін біз пішіндер туралы біліп алдық,және де Аюдың беріп жіберген тапсырмаларын орындап бердік.
-пішіндерді бір-бірінен ажырата аламыз ба?
-Шеңберде,дөңгелекте бұрышы бар ма?
-Үшбұрышта неше бұрыш бар екен?
-төртбұрыштың бұрыштарын санап беріңдерші?
-Жарайсыңдар балалар сендер өте ақылды балаларсыңдар,ендеше келген апайлармен қоштасайық.
Сау болыңыздар!
Балалар шеңберге тұрып жылы лебіздерін білдіреді.

-қыс мезгілі,

-үш ай бар.

-желтоқсан,қаңтар,ақпан

-жеті күн бар.
Орыс тілінде атап береді.

-сәлеметсіз бе.

-жақсымын

-иә

-иә көмектесеміз

Балалар экраннан слайд тамашалайды.

-үйдің шатырына,пирамидаға ұқсайды.

-1,2,3 үш бұрышы бар

-шаршы

Балалар тақпақтарын айтып береді.

Үшбұрыш-триугольник,
Шеңбер-круг,
Шаршы-квадрат

Балалар бірінші тапсырманы түсініп орындайды.

Сергіту сәтін іс-қимылар арқылы орындайды.

-тәрелкелерді сандар және пішіндеріне қарап құрастырады.

-таяқшаларды да санына қарай реттеп береді.

-Сау болыңыз Маша!

-Иә
-иә ажырата аламыз

-жоқ бұрышы болмайды.

-үш бұрышы бар

1,2,3,4 бұрышы бар

Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
Пішіндердің бір-бірлерінен ажырата алуды білулері керек.
Нені меңгерді: қоршаған ортадағы заттардың пішіндерге ұқсастығын меңгереді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *