“Астана- Бас қала!”

 

Білім беру саласы: Қатынас. Шығармашылық

Тақырыбы: «Астана- Бас қала»

Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы- Астана туралы мәлімет беру. Балалық ізгілік қасиетін дамыту.

Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін, отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу. Астана қаласынаң әдемілігін, көркемдігін әсемдеп жеткізу. Адам қолымен жасалған жетістіктері. Адам еңбегі оның қала ішіндегі көрінісі жайлы түсінік беру.

Әдіс- тәсілдері: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ- жауап, слайд, көрнекіліктер.

Билингвалдық компонент:  Отан- Родина, Столица- Елорда.

 

Оқу іс –әрекетінің кезеңдері

 

Тәрбиешінің іс- әрекеті

 

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық кезең Сәлеметсіздер ме құрметті апайлар және ересектер тобының бүлдіршіндері! Сіздерді салтанатты мереке Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Балалар бүгінгі кеңейтілген оқу іс- әрекетімізді гимнмен бастайық.

Ән: Гимн

 

– Балалар сәлемдеседі!

Іздену ұйымдастырушылық кезеңі Балалар сендердің іштеріңде кімдер саяхатқа шыққанды ұнатады?

Бәріңде ме? Өте жақсы!

Бүгін олай болса бәріміз «Сиқырлы кілемшемен» елордамыз- Астанаға саяхатқа шығамыз!

Релаксация: Кәне балалар сиқырлы кілемшеге мінейік!

1,2,3 көзімізді жұмайық. Біз ұшып барамыз. Айналаның бәрі жап- жасыл, ну орманның мүлгіген дауысы, сарқырап аққан судың дауысы қандай керемет! Құстардың дауысы ерекше шығып жатыр. Гүлдердің иісі мүңкіп шығып жатыр, кәне бәріміз иіскеп көрейікші, терең демалып.Кәне 1,2,3 көзімізді ашайық!Міне балалар біз Астанаға да жетіп қалыппыз. Енді балалар саяхатымызды бастайық!

Келісесіңдер ме?

Біздің Отанымыздың Елордасы – Астана.

Елордамызда үлкен және зәулім сарайлар орналасқан. Қаланың орталығында Парламент үйі орналасқан. Парламент үйінің үстінде не орналасқан?

«Астана- Бәйтерек» кешені оның биіктігінен тіпті мойның ауырады.

«Бәйтерек» кешені «Ертөстіктің» оқиғасының желісінің ізімен шыққан екен. Өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік биік бәйтерекке кездеседі. Ағашты көріп аң- таң болады. Бәйтеректің төбесіне ұя салған самұрық құстың алтын жұмыртқасын ие болып дәулетті ғұмыр кешеді. Ғимараттың ұшар басынан Астана қаласының әдемі бейнесін көруге болады.

«Ханшатыры» ойын- сауық кешені. Бұнда көптеген халық қыдырып келеді. Ғимараттың ішінде ойые- сауық кешендері, дүкендер және т.б кешендері бар.

«Ынтымақтастық пен Бейбітшілік сарайы». Бұл зәулім ғимарат басқа елдерде жоқ қайталанбас ерекше ғимарат.

Ал, енді балалар қаланың біраз жерін тамашаладық енді өзіміздің қаламызға қайтайық!

Кәне 1,2,3 көзімізді жұмайық, кілемшемізге мінейік. Айнала жап- жасыл гүлге оранып, құстардың дауысын естуге болады. Сарқыраған су ағып жатыр. Гүлдердің иісі шығып мұрынды жаратындай. Қандай керемет! Көзімізді ашайық! Біз өзіміздің қаламызға да жеттік. Балалар өздеріңді қалай сезіндіңдер?

Саяхаттаған ұнады ма?

Астананың қандай ғимараттары ұнады?

Балалар енді саяхаттан алған әсерімізді өлең жолдарымен жеткізейік!

 

 

 

 

Енді, балалар біз осы Астана қаласындағы «Бәйтерек» кешенін саусағымызды сары және көк түсті бояуға батыра отырып саламыз.

 

Алдымен, «Бәйтерек» кешенінің үстіңгі бөлігі сары түспен, төменгі бөлігі көк түспен боялады.

Балалар сендер ойын ойнағыларың келе ме?

Онда «Кім шапшаң» ойынын ойнайық.

1. Қ.Р астанасы қай қала?

2. «Астана» қаласы

неше буыннан тұрады?

3. Қ.Р президенті кім?

 

 

 

– Барлығы қол көтереді.

 

-Балалар өз қуаныштарын білдіреді.

 

 

 

– Балалар кілемшеге мініп, көздерін жұмады, қолдарын жайып құсша ұшады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

– Иә!

– Балалар мұқият тыңдайды!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

– Иә, ұнады!

– Балалар өздеріне ұнаған ғимараттарын айтады.

 

Сырым:

Сарыарқаның төсінде

Гүл жайнаған- Астанам!

Ақ пейілдей арнайы

Ақ тілекпен, жас балаң.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

– Астана қаласы

 

– үш буыннан тұрады

– Нұрсұлтан Назарбаев

Рефлексивті коррекциялаушы Балалар сендердің барлығың оқу іс- әрекетке жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге! Ертең ер- азамат болғанда сендерде Астанадай үлкен қаламызда үлкен қызмет атқарып, ата- аналарыңды қуанта беріңдер!

Келесі кезекте «Бәйтерек» ересектер тобының бүлдіршіндерінің өнерін тамашалаңыздар!

Би: «Жаса Қазақстан!»

Ән: «Көк тудың желбірегені!»

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: «Астана» қаласының елордамыз екенін.

Меңгереді: «Астана» қаласындағы ғимараттармен танысады.

Игереді: Адам қолымен жасаған еңбектері мен жетістіктерін

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *