Қала мен ауыл арасында қандай байланыс бар?


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
4-бөлім «Сәулет өнері»
Мерзімі: 2-тоқсан
Сынып: 3 Мектеп: №35 Х.Ерғалиев атындағы мектеп гимназия
Мұғалімі: Умбеткалиева Паризат
Қатысқандар: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Қала мен ауыл арасында қандай байланыс бар?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.3.2 Қала мен ауылдың байланысын зерттеу, мысалдар келтіру

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Қала мен ауылдың байланысын зерттей отырып анықтайды және мысалдар келтіреді.
Көптеген оқушылар: қала мен ауылдың байланысын зерттейді, мысал келтіреді, қала мен ауылдың шаруашылық қызмет түрлерін ажыратады.
Кейбір оқушылар: қала тұрғындары мен ауыл тұрғындарының немен айналысатынын ажырата отырып, тұрғылықты жерде экономиканың қандай салалары дамығанын зерттейді, өмірмен байланыстырады

Бағалау критерийлері • қала мен ауылдың байланысын анықтайды
• мысалдар келтіреді;
• қала мен ауылдың шаруашылық қызмет түрлерін біледі.
• Қала тұрғындары мен ауыл тұрғындарының немен айналысатынын ажыратады
Тілдік мақсаттар экономика, экономика салалары, қажеттіліктер, ел экономикасы
Құндылықтарды дарыту Шығармашылық пен сын тұрғысынан ойлау, өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау
Пәнаралық байланыстар Қазақ тілі, әдебиет: алгоритм бойынша сызбаны оқып-үйрену, сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау.
АКТ-ны қолдану бейнекөрсетілім,білімланд, бейнекөрсетілім, тапсырмалар
Алдыңғы меңгерілген білім еліміздің көрнекі жерлерін біледі, ауыл мен қаладағы қызмет түрлерін айта алады
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы

Білу

5минут

3 минут

1.Ширату. «Галлереяға саяхат» әдісі
Суреттерді таңдай отырып ауыл, қала,селоға тән қызмет түрлеріне қарай топқа бөлінеді,өз пікірін айтады
1 топ ауыл 2топ қала 3 топ село
2.Веен диаграммасына суреттерді ауыл мен қаладағы қызмет түрлеріне қарай ортақ қызмет түрлеріне қарай ажыратады,

3.«Қажеттіліктер ағашы» тапсырмасы
Оқушыларға стикерлер таратамын. Олар әрбір стикерге өздерінің жеке қажеттіліктері туралы жазады. Кейіннен топта барлық нұсқаларды талдайды. Әрбір топ көптеген нұсқалардан ең жақын жауаптарды таңдап алып, «қажеттіліктер ағашына» жапсырады.

«Ой қозғау» әдісі

Түсіну
10 минут АКТ-ны қолдану
«Ай мектеп» «Кинометафора әдісі»

«Ия, жок» әдісі
Сұрақ жауап
Ауыл мен қала туралы бейнефильм көреді
-сұрыптау /ауыл өнімдерін қызыл қорапқа, кала өнімдерін көк қорапқа салады/

-сөйлемді толықтыр/ сөйлемді тиісті сөздермен толықтырады/

-дұрыс, дұрыс емес /сұраққа жауап береді/

-тест 10 сұрақ / тиісті жауапты таңдайды/
Кері байланыс «От шашу» әдісі

тест

Сабақ ортасы
Қолдану
12 минут

«Бірлескен оқу» ортасын қүрып топтық жұмыс жүргіземін
1 топ- «Синквейн» әдісі өлең шығару
Суреттен нысандарды анықтайды,туған өлке туралы өлең шығарады

Дескриптор::
-қала мен ауылдың шаруашылық қызметі түрлерін біледі.
-Нысандарды анықтайды, сипаттайды, дәлелдейді
-қандай сала түрі қалаға тән, қандайы ауылға тән келетінін анықтайды
2–топ «Жарнама» әдісі
Ауылдың картасын сызады, нысандарды көрсетеді/ мектеп, балабақша, сауда орындары, зауыттар, құрылыс дүкендері,емхана/
Дескриптор
-ауыл шаруашылық қызметі түрлерін біледі.
-әр салаға қатысты нысандарды анықтайды,
-салыстыра отырып түсіндіреді
3-топ. «Зерттейміз» тапсырмасы
Оқушыларға «Ауылдың қаласыз, қаланың ауылсыз өмірі жоқ»деген тақырыпта эссе жазады.
Дескриптор.
-Ауыл мен қаладағы қызмет түрлерін біледі.
-ауылдан қалаға жіберілетін өнімдерді ажыратады
-қаладан ауылға жіберілетін өнімдерді анықтайды, дәлелдейді
ПОПС формуласы
Мен санаймын……
Себебі………..
Мысалы……….
Сол себепті…………
ҚБ «екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы

Саралау тапсырмалары.
Мұғалімнің көмегін аз қажет ететін оқушы (қарқынына байланысты)
Семантикалық карта.
Троллейбус арба Орал Егістік
Қала + +
Ауыл + +
Дескриптор.
1. Троллейбус қала көлігі екенін біледі, белгілейді.
2. Арба ауыл көлігі екенін айтады, белгілейді.
3. Орал қаланың атауы екенін айтады, белгілейді.
4. Егістік алаңы ауылда болатынын біледі.
Қ Б «Басбармақ» әдісі Білімланд сайты
1 тапсырма
Картамен жүмыс
«сәйкестендіру» әдісі

Талдау
5 минут

Жинақтау
2 минут Жұптық жұмыс «Ойлан,жұптас» әдісі
«Суретті сызба» әдісі арқылы төмендегі сұрақтар бойынша «Қала – ауылға», «Ауыл – қалаға» сызбасын көрсетеді.
– Қала ауылды немен қамтамасыз етеді?
– Ауыл қалаға не береді?
Оқушылар қала мен ауылдың ерекшеліктерін салыстыра отырып, жеке, кейін ұжымда мысалдар келтіреді.
ҚБ «екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Сабақтың соңы
3минут
«Ақылды үкі» әдісі арқылы сабақта не үйренгені,не білгенін айта отырып алған білімдерін қорытындылайды
.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *