Қайталау

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным.
Бөлімдер: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Қайталау
Мақсаты: 1-ден 10-ға дейінгі сандарды, олардың таңбалауын қайталау, кеністікті бағдарлауды, геометриялық пішіндерді, математикалық ұғымдарды
бекіту. Логикалық есептеді шығаруға үйрету. Балалардың есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды жылдамдыққа , шапшандыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойындар, АКТ, үш тілдік топтық жұмыс, жеке жұмыс.
Қолданылатын көрнекі құралдар: үлестірмелі карточкалар, слайд, дәстүрден тыс құралдар.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Шаттық шеңбер:
Қол алысып, кәне, біз,
Достасайық бәріміз
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу.
-Балалар, сендер Дара мен боти ертегісін білесіндерме?
-Ол үнемі барлық жан-жануарларға көмектесіп жүреді иә. Енді ол бізден көмек сұрап жатыр. Оның сиқырлы таяқшасын қу түлкі ұрлап алыпты. Таяқшаны қу түлкіден алып беруімізді сұрайды. Ол бір үйге тығып қойыпты ол үйге барар жолды бізге не көрсетеді.
– Әрине, карта көмектеседі, міне Дара картасы бірақ карта ашылмай тұр оны ашу үшін картаның тапсырмасын орындау керек.
Балалар сендерге сұрақ қояды. Сендер сұрақтарға жауап беріндер. Миға шабуыл
-Жұлдыздың шашы ұзын, ал Шынғыстын шашы қандай?
-Ағаш биік болса, шөп қандай?
-Жылқы жылдам жүрсе, тасбақа қалай жүреді?
-Енді «керсінші» ойын ойнаймыз.
– Мен айтамын –үлкен сен айтасың ….(кіші)
– Мен айтам –қалын, сен айтасын …..(жұқа)
– Мен айтам -жінішке, сен айтасын …..(жуан)
– Мен айтам –жоғары, сен айтасын …..(төмен)
– Мен айтам –көп, сен айтасын …..(аз)
– Мен айтам –алдында, сен айтасын …..(артында)
– Мен айтам –кең, сен айтасын …..(тар)
– Мен айтам –алыс, сен айтасын …..(жақын)
– Мен айтам –үстінде, сен айтасын …..(астында)
– Мен айтам –оң жақта, сен айтасын …..(сол жақта)
Міне карта ашылды көрсетіп тұр бірінші неден өту керек?
Екінші неден өтеміз? Үшінші қайда барамыз?
-Яғни өзенен өту үшін бізге не керек? Әрине көпірден өтеміз, ой балалар мынау кім?
-Бұл троль бізді өткізбей тұр тапсырмаларымды орындандар диди.
2-ші тапсырма: Бір жылда неше ай бар? Бір жылда неше жыл мезгілі бар? Бір аптада неше күн бар. Уақытты бағдарлау.
-Міне, біз тапсырманы орындадық, енді көпірден өтейік. Көпірден өтерде тыныс алу жаттығуларын жасаймыз. Алғашқы қарларды үрлеу.
3-ші тапсырма: Үкінің тапсырмасың орындайық 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау керек үш тілде.
Дид\ойын: «Көршісін тап» бұл тапсырмаларды орындау үшін бізге не керек. Бізге, көмекке Дашаның қол дорбасы көмектеседі. Қане қарайық не керек екен. Көзімізге жаттығу жасаймыз. Міне бізге бұл тапсырманы орындауға қарындаш керек. Есеп шығару.
-Міне үкініңде тапсырмасын орындадық .
Сергіту сәтті: Балалар Дашаның достары бізді биге шақырады. Қане бәріміз би билейік.
4-ші тапсырма:
1-құлып: Заттарды топтастыру (суреттер арқылы)
2-құлып: Кеңістікті бағдарлау (геометриялық пішіндермен)
3-құлып: Логикалық тапсырмалар (суреттер арқылы)
Қу түлкі топқа келеді сиқырлы лентаны балалрға әкеліп беріп кешірім сұрайды. Лентены Дараға апарып беремін деп шығып кетеді.
-Балалар Дара сендерге суретін салып жіберіпті. Ол жарысқа қатысуға үлгеріпті, ол өнерін көрсетіп жатыр.
Рефлексиялық кезең:
– Балалар бүгін біз кімге көмектестік?
– Балалар сендерге қандай тапсырмалар ұнады?
– Қандай тапсырмалар қиын болды?
– Кім сабаққа жақсы қатысты деп ойлайсыңдар?

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *