Мазмұнға өту

9 мамыр – Жеңіс күні

Джайманова Светлана Сабырбаевна 3 мин оқу 397 оқылым

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызмет: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «9 мамыр – Жеңіс күні»

Мақсаты: Балаларға батырлық, ерлік туралы түсінік беру, бала бойына батырлық, жігерлік қасиеттерді қалыптастыру. Рухани отансүйгіштік сезімді дамыту, сөйлеу мәдениетін, тілдік қорын байыту.

Білімділігі: балалардың Отанға деген білімділігін арттыру.

Дамытушылық: әңгімелесу арқылы  баланың ой – өрісін дамыту.

Тәрбиелік:балаларды достыққа, бейбітшілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс – тәсілдер: әңгіме, сұрақ – жауап, мақтау, мадақтау.

Керек құралдар: батырлар суреттері, тақырыпқа сай слайд.

Оқу қызмет кезеңдері Тәрбиешінің  іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мотивация-лық-қозғаушы-лық Шаттық шеңбері:

-Қанекей балалар, шаттық шеңберін құрып, бір – бірімізге жылулық беріп жақсы тілектерімізді айтайық.

Бүгін күн жылы болып,

Еліміз аман болсын!

Әдепті болайық,

Бәрімізі аман болайық!

Балалар шаттық шеңберін құрып, жақсы тілектер айтады.
 

Ұйымдас-тырушы-лық-ізденістік

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Айларды атайықшы.

-Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады?

-Қаламыздың аты қалай?

-Қазақстан Республикасының президенті кім?

-Өте жақсы балалар. Балалар, біз жақында 1 – мамыр ынтымақ, бірлік, достық күнін тойладық.

-Балалар, бүгін бізде Сөйлеуді дамыту оқу қызметі. Мен сендерге өлең жолдарын оқып берейін, сендер мұқият тыңдап, өлең жолдары не туралы екенін айтасыңдар.

Арылтып жаудан жерімді
Табанға жаншып өлімді.
Жеңіспен желпіп өмірді
Оралды ерлер көңілді.
Десеңдер бұл қай күні
9 –шы Май күні.

-Балалар мен не туралы оқыдым?

-Олай болса балалар, бүгінгі оқу қызметіміз біздің әрқайсысымыздың  жадымызда өшпес із қалдырған Ұлы Жеңіс күніне байланысты болады. Жер бетінде барша ізгі ниетті адамзат екінші  дүниежүзілік  соғыстың аяқталғанына 72 жыл  толуына зор тарихи оқиға ретінде атап өтетін болады. Жеңіс күні бүкіл адамзат аңсаған күн, жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.

-Балалар батыр деп біз кімді айтамыз?

-Дұрыс айтысыңдар, батыр деген олар дұшпанға қарсы тұратын  елін, жерін қорғайтын батыр ағаларымызды айтамыз. Ендеше балалар, батырлар елін, жерін немен, қалай қорғағандарын білесіңдер ме?

-Жарайсыңдар. Соғыс кезінде неше түрлі қарулар болған,  соның ішінде пулеметті жақсы меңгерген елімізді қорғаған батыр, ержүрек апаларымыз Мәншүк  Мәметова мен Әлия Молдағұлова. Қазақстанның халық қаһарманы  Бауыржан Момышұлы кейінгі ұрпаққа үлгі етіп патриоттыққа тәрбиелеуге көптеген мақал – мәтелдер қалдырған.

-Жарайсыңдар, балалар. Балалар, жер шары балаларының тілегі не?

Сергіту сәті:

Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш!

Шынығамыз таңертең,

Ағалардай Отанға

Солдат болам мен ертең!

-Дұрыс айтасыңдар, балалар, жер шарындағы барлық балалардың тілегі осындай  екен.  Бейбітшілік дегеніміз балалар, аспанымыз ашық, күніміз жарық, айналамыз толған гүл, міне, осы бейбітшілік өмір. Ендеше, балаларымыздың тілегіне тақпақтар ұсынамыз.

-Көктем мезгілі.

-Үш ай бар.

-Наурыз, сәуір, мамыр айлары.

-Қазақстан Республикасы

-Ақтау қаласы.

-Н.Ә.Назарбаев.

-Жеңіс туралы.

-Елін, жерін қорғайтын адамды батыр деп айтамыз.

-Қару – жарақтармен, автомат, пулемет.

Балалар мақал – мәтелдер айтады:

Айдос:

Отанда опасызға орын жоқ.

Дария:

Ерлік бірлікте емес, жүректе.

Юньс:

Ерлік тәрбиеден туады.

-Бейбітшілік болсын!

-Соғыс болмасын!

-Достық болсын!

Балалар өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Балалар тақпақтар айтады:

Әли:

Алақай! Әйгілі

Тоғызыншы май бүгін

Алғаш күні шаттықтың

Соңғы күні қайғының

Ария:

Жеңіс келді қалама,

Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді әке боп,

Елдегі көп балаға.

К.Ернар:

Жеңіс күні құтты болсын!

Құтты болсын аталар

Ұмытпайды ешқашанда

Жауынгерді балалар.

Сезім:

Ағалар саптан шықпасын

Аналар қабақ шытпасын

Бақытқа жетіп бар адам.

Сәбилер тыныш ұйықтасын.

Әсел:

Тыныштық,
Жаса тыныштық
Осы сөз бізге тым ыстық
Көркейе берсін еліміз
Көркейе берсін ырыс – құт!

Рефлек-сиялық-түзетуші-лік Балаларға сұрақтар қою:

-Балалар біз не туралы әңгімеледік?

-Жеңіс күні қандай мереке?

Мақтау, мадақтау.

-Әрқашан еліміз тыныш болсын! Күніміз ашық, шуақты болсын!- дей отырып, бүгінгі оқу қызметімізді аяқтаймыз.

Балалар сұраққа жауап береді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Джайманова Светлана Сабырбаевна

Автордың басқа материалдары

Балабақша

9 мамыр – Жеңіс күні

Балаларға батырлық, ерлік туралы түсінік беру, бала бойына батырлық, жігерлік қасиеттерді қалыптастыру. Рухани отансүйгіштік сезімді дамыту, сөйлеу мәдениетін, тілдік қорын байыту

ДЖайманова Светлана Сабырбаевна 348 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 65 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин