МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ

«Ел боламын десең — бесігіңді түзе» деп Мұхтар Әуезов  келер ұрпаққа өзінің  салиқалы ойын айтып кеткен болса[1/208] ,баланы дарынды етіп тәрбиелеудің сырларымен Жапониядағы әйгілі бизнесмен, жапон дарынды балаларын тәрбиелеуші, “Sony” корпорациясының негізін қалаушы Масару Ибука өзінің “Үштен кейін кеш” (“Kindergarten Is Too Late” by Masaru Ibuka) кітабында ой бөліседі.

«Бала тәрбиесі туралы көп ойланып жүрсіз бе? Дарындылықтың», «вундеркинд» болудың  астары қайда жатыр деген сұрақ өзінен- өзі туындайды. Ал оның жауабын Масару Ибукадан іздеп көрейік.

Баланы “вундеркинд” етіп тәрбиелеудің сырларымен Жапониядағы әйгілі бизнесмен, жапон дарынды балаларын тәрбиелеуші, “Sony” корпорациясының негізін қалаушы Масару Ибука өзінің “Үштен кейін кеш” (“Kindergarten Is Too Late” by Masaru Ibuka) кітабында ой бөліседі.  Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өз борыштарын атқаруға кіріседі.  Болашақ ұрпақты тәрбиелеу жолында әр түрлі қиындықтарға да тап болады. Жан-жақты дамуға ат салысады. Кез-келген ата-ана баласынының алғыр, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар, сабырлы, байсалды, ақылды, ашық мінезді, аңғарғыш және өз-өзіне сенімі мол қылып өсіргісі келеді. Өйткені отбасының міндеті — баланы дүниеге келтіру ғана  емес, оған мәдени-әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабаның, ұлылардың ақыл-кеңесін бойына сіңдіру, қоршаған ортаға, адамзатқа, қоғамға өз пайдасын тигізу, ал ең бастысы оны адам қылып тәрбиелеу. Өкінішке орай баласының ақыл-ойын, санасын қалай қалыпастыруды әркім біле бермейді!!!

Масару Ибуканың «Үштен кейін кеш» атты кітабы бала тәрбиесі мен дамуының ерте кезінде қалыптастыру керек екенін айтады. Бірінші үш жылдық бала зияттылығының(интелектуалдылығының) қалыптасуына үлкен ықпал етеді. Жан-жақты даму кезеңінде әр күн маңызды болып саналады. Баланы жастан дейтін едік, дұрыс емес, баланы бесіктен де емес, құрсақтан тәрбиелеу керек. Біздің қалыптасқан дағдымыз бойынша адам тәрбиені жүре келе, қоғамнан жинақтайтын тәрізді. Алайда, құрсақтағы баланың өзі анасынан тәрбие ала бастайды. Автордың пікірі бойынша кішкентай балалар кез-келген нәрсені тез қабылдап алады. Бала тәрбиесін  ерте кезден дамыту үшін өте қарапайым, түсінікті әдістерді ұсынады және  оған қоршаған орта үлкен ықпалын тигізеді, — дейді Масару Ибука. Оның ойынша, үлкендер әрең қабылдап, ұғатын  нәрсені, кішкентайлар ойнап жүріп қабылдайды. Бүгінгі таңда ана мен бала тәрбиесіне көп көңіл бөлу керек. Сонда ғана жастар жанашыр және бауырмал болады. Автордың да негізгі ойы мынада жатыр: ерте кезеңде дұрыс қалыптасқан тәрбие — надандық, сауатсыздық, өзіңе деген сенімсіздікті жояды, сол арқылы кедейшілік, өшпенділік, қылмыс азаю жолына түсер.

Масару Ибуканың айтуынша, ең қиыны шет тілдерін үйрену, скрипкада ойнау, оқып үйрену. Ал балалар үшін бұл қиын жағдай емес. Мен айқын мысал бола аламын дейді, әр континентте мұғалім болғаннан кейін, тілдерді үйренуге мәжбүр болдым, шындығына келгенде тек ана тілімді білдім. Музыканы сүйемін, бірақ бірде-бір аспапта ойнай алмаймын,  бірде-бір әуен де білмеймін.

Біздің балаларымыз бірнеше тілде еркін сөйлесе алу үшін, скрипка, фортепианода ойнай алу үшін, жузе алу үшін, аттың құлағында ойнау үшін және бұның барлығы кәсіби деңгейде болу үшін-оларды жақсы көру керек(әдеттегідей), сыйлау керек(анда-санда емес), үйреткіміз келген нәрсеге толық билік беруіміз керек.

Егер әр бала бірнеше тіл білсе, өнер жолынан хабары болса, ересек жасқа жетпей ғылым негізін оқып, кейінгі өмірінің жылдарын лингвистикага, дінге, этикаға, философияға, өнерге, ғылымға арнаса, одан әлем бақыттырақ, қауіпсіз болушы еді.

Егер балалардың оқуға деген ынтасы ойыншықтармен, ойын-сауықтармен көмілмей, керісінше, қолдау табылып отырса, әлем қандай бояулармен өзгерер еді.

Егер үш жасар баланың танып-білуге деген құштарлығы циркке барумен, Микки-Мауспен шектелмей, Микеланджело, Мане, Рембранд, Ренуар, Леонардо да Винчидің шығармаларымен де үгіттелгенде мына әлем қандай болары белгілі еді. Өйткені кішкентай баланың әлемді танып-білуге деген құлшынысы өте зор және ең бастысы ненің жаман, ненің жақсы екенін білмейді ғой!

             Масару Ибукидің айтқанына қандай негізде сенуге болады? Бұндай сұрақтар туындайтын шығар.Біріншіден,  1947 жылы елі қиын жағдайдан шыға алмай отырғанда, автор өзінің үш серіктесімен және 700 доллармен фирма құрды, кейіннен оның атын «Sony» деп қойды. Жапонияны құлаған жерінен әлемге атақты еткендердің бірі болған кемеңгер.Екіншіден,  ол сөзбен емес,  іспен көрсетеді. «Дарындарды оқыту» ұйымының директоры және ертеден дамыту қауымдастығының(ассоциация) директоры міндетін орындаушы ретінде Мацумотода осы кітапта жазылған әдістер бойынша мыңдаған жапон балаларының оқуына мүмкіндік сыйлап отыр. Масару Ибука бала тәрбиесінің мазмұнын емес, әдісін өзгертуді ұсынады.

Автор нәрестеге білім мен қоршаған орта қандай үлкен әсер ететіні туралы көп ойланады. Бұл мәселе жекелеген балаларға ғана қатысты емес, бүкіл әлемнің денсаулығы мен бақыты үшін де маңызы зор.

Жұмыс барысында дейді,  адамдар балаларының тәрбиесіне деген дәстүрлі әдістері жақсы емес екендігін аңғардық.  Біз балалар туралы бәрін білеміз деп санаймыз,  ал негізі олардың мүмкіндіктері қандай екенін де есепке алмаймыз.  Біз оларға назарды үш жастан кейін бөлеміз, біле білсеңіздер қазіргі заманғы зерттеулерге сүйенсек, үш жасқа дейін баланың алдыңғы миының клеткалары 70-80% дейін қалыптасып қояды. Бұл біз бала тәрбиесін ерте кезеңдерден, нақты айтсақ үшке дейінгі жасқа арнауымыз керек емес пе деген сөз?!

Ерте даму кезеңінде құрсақтағы баланы сандармен әріптермен күштеу емес, тек дәл уақытында жаңа әдістерді үйрету. Күніге баланы қарайтын адам, яғни, анасы, осы дәл уақытты зерделейді.

Бір жағынан, мидың физиологиялық зерттеулері, басқа жағынан балалар психологиясы баланың ақыл-ой қабілетінің даму кілтін тапты, ол үш жас аралығындағы баланың  танып-білудегі жеке тәжірибесі, яғни, мидың клеткалары дамитын кезеңде.

Ешбір бала кемеңгер(гений) болып, не ақымақ болып туылмайды. Барлығы  бала өмірінің шешуші сәтіндегі, яғни алдыңғы мидың даму кезеңінің деңгейі мен стимуляциясына байланысты. Бұл үш жасқа дейінгі уақыт. Бала-бақшадағы тәрбие кеш болады.

Ерте дамутудың негізгі мақсаты — бақытсыз балаларды болдырмау. Балаға жақсы әуенді тыңдату  және скрипкада ойнату, бұның барлығы одан атақты музыкант шығару үшін емес. Оған шет тілдерін данышпан лингвист болу үшін емес, тіпті оны бала бақшаға не мектепке жақсы дайындау үшін емес. Ең бастысы баланың шексіз әлеуетті (потенциалды) мүмкіндіктерін дамыту, сол арқылы оған және әлемге улкен қуаныш сыйлау. Нәрестенің әлеуетті мүмкіндіктері мол. Өйткені, ол дәрменсіз, нақ осы қасиеті үшін оның мүмкіндіктері зор.Бір қызық жайт, хайуандардың балаларында ми туа біткеннен қалыптасса, адамдардың баласында жүре қалыптасады. Адамның миын таза қағаз беті деп алсақ, осы қағаз немен толтырылғанына қарай, баланың қаншалықты дарынды болып шығатынын білеміз.

Үш жасқа дейін тәрбие берілмесе, одан кейін қанша тырысса да қиынға соғады дейді автор. Сабаққа барған кезде, бірдеңе үйрету мақсатында, баяғы мейірбан, сабырлы ата-ана бірден, ашушаң, қатал болып кетеді. Бұдан, шығаратын қорытынды, барлығы керісінше болу керек. Жасынан қатал да жұмсақ болып, кейін оңды-солды танығанда, оның бостандығына ерік беру керек. Керек уақытта араласпай, кейіннен балаға қысым түсірсек, оның талантын жойып, қарсылық көрсету де ғажап емес.[2/20-24]

Бейбіт заман орнауы бізге байланысты емес, ұрпаққа, яғни, жөргектегі нәрестеге байланысты. Мен, ерте кезеңдегі даму жайында артық айтпадым, мүмкін көптеген сыншыларға да тап болармын, бірақ осы кітапты оқып, кез-келген ата-ана баласына ерте тәрбие бере алса, әсіресе үш жасқа дейін, онда мен — өз мақсатыма жеттім, — дейді Масару Ибука. .[2/45-67]

Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген балабақша болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында қазақ тілі пәнінің мұғалімнің алдында балаларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр.

Ал, енді әрбір баланы оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.

Баланың білім сапасын көтеру негізгі мақсат

Біздің балаға қойған талабымыз:

  • қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;
  • ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;
  • алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;
  • өзін — өзі талдауды, өзін — өзі бағалай білуді меңгеру;
  • басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);
  • қоршаған ортада өз орныңды , жеке рөліңді анықтай білу;

Сондықтан,  мұғалімнің сапасын соңғы нәтижеге бағыттау керек.  Көздеген мақсатымыздың нәтижесін көреміз, мұғалімнің кәсіби шеберлегін дамытуға қажетті жағдай жасау арқылы білімнің жаңа парадигміне өту тәртібі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру.

Балабақша мұғалімдері шығармашылық жұмыспен айналысуға даяр болуы керек, нәтижеге жетуге ұмтылу қажет.

Ел президенті Н.Назарбаевтың  Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек,ақын өлеңдерін көбірек жаттауларына, балалардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі.  Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.

“Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”.

Баланың дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби  біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Қазақтың мақал мәтелдері» Алматы, «аруана»2009
  2. Масару Ибука өзінің “Үштен кейін кеш” (“Kindergarten Is Too Late” by Masaru Ibuka) қазақша аудармасы
  3. Қазақ тілі мен әдебиеті/4/2009

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *