«Күн нұрының пайдасы»

 

Жаңаөзен қалалық білім бөлімі

«Рахат бөбекжай-бақшасы»

жедел басқару құқығындағы

МКҚК  тәрбиешісі

Кодарова Айгул

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Күн нұрының пайдасы»

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға күн туралы мағлұмат беру. Адам денсаулығына күннің тигізетін пайдасы мен зиянын айтып түсіндіру.

Дамытушылық: Балалардың қызығушылығын арттыру, ой өрісін, танымдық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Блаларды табиғаттың сыйын бағалай білуге тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, дидактикалық ойын, сұрақ – жауап, мақтау, мадақтау, қорытындылау.

Керекті құралдар: АТК – құралы,  түбекке отырғызылған пияз, геометриялық пішіндер, күнге ұқсас заттардың суреттері.

Алдын ала жұмыс: пияз отырғызу, күн туралы  туралы тақпақтар жаттау.

Сөздік жұмыс: ультракүлгін сәулесі.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеттері
 

 

 

 

 

Мотивация-лық – қозғаушы

Тәрбиеші балаларды топқа бір қатармен кіргізіп, шеңбер құрады.

-Балалар айналаға қараңызшы, тобымыз бүгін ерекше безендірілген, айнала шарға, гүлге толы, – деп топқа назарларын аударып, көңіл-күйлерін көтереді.

-Балалар қараңдаршы, бізге көптеген қонақтар келген екен, қане шаттық шеңберін құрып, келген қонақтармен амандасайықшы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар бір қатармен топқа кіріп, шеңбер құрады, топтың әсем безендіріл- генін көріп қуанады.

 

Күлімде, күн, күлімде,

Жер жасарып көгерсін.

Кешегіде бүгін де

Қанат қақсын көгершін,

Күлімде күн, күлімде,

Жайнай түсті күнім де.

Жарқыраған жұлдыздай,

Жарқ–жұрқ еткен түнімде.

Сәлеметсіздер ме, апайлар.

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Ұйымдастыру-шылық ізденістік -Балалар, есімізге түсірейікші, қазір жылдың қай мезгілі?

-Дұрыс, көктем мезгілі  екен. Балалар серуенге шыққан кезде біз көктем мезгілінің ерекшеліктерін бақылаған болатынбыз. Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Дұрыс айтасыңдар, көктем мезгілінде айнала жандана бастайды, құстар ән салады, ағаштар бүршік жарады, өйткені күн жарқырап, жерді қыздыра бастайды. Балалар мен сендерге жұмбақ  жасырамын, сендер мұқият тыңдап жауабын табыңыздар.

Алтын сандық ашылды,

Ішінен жібек шашылды.

-Дұрыс күн екен. Олай болса бүгінгі өтетін тақырыбымыз күн туралы болмақ.

(Тақтаға шеңбердің суретін іледі)

-Балалар, қараңдаршы, бұл қандай геометриялық фигура?

-Дұрыс, шеңбер екен. Шеңбердің түсі қандай?

-Дұрыс, сары түсті екен. Ал енді балалар анықтап қарайық, біздің шеңберіміз неге ұқсайды? (суреттер көрсету)

-Дұрыс біздің щеңберіміз  күнге ұқсайды екен. Бірақ біздің күнімізге не жетіспей тұр?

-Шуақтары жетіспей тұр екен.
Тренинг: «Тілек тілеу».

Тілек тілеу арқылы күннің шуағын орнына қойып, күнді құрастырады.

 

 

 

 

Тәрбиеші:

– Жарайсыңдар, балалар, қараңдаршы біздер нені құрастырдық.

-Міне біздің жылы, жарқын, шуақты күніміз де шуақтарымен пайда болды.

-Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, неліктен күн жарқырап тұрады?

 

-Ал осы күніміз әр мезгілде қалай көрініп тұрады?

 

-Күн – әлемге жарық, қызу, жылу береді. Күн кімге жылу береді деп ойлайсыңдар? Әрине, адамға, жануарларға, өсімдіктерге жылу береді.

-Күн табиғатқа қалай әсер етеді?

Біз жақында сізбен пияз отырғызған болатынбыз. Енді біздің  отырғызған пиязымызды көрейік.

Терезенің алдына, жарыққа  отырғызған пияз бен қараңғы жерде өскен пиязды салыстырайық. Пияздарға не болған екен? Терезенің алдында, жарықта тұрған пияз өскен және жасыл түсті өскіндері пайда болған екен. Ал қараңғы жерде, күн сәулесі түспеген жерде өскен пияз жаңа өсіп бастаған және ұштары сарғайған екен. Неліктен осындай айырмашылық болып тұр деп ойлайсыңдар?

-Дұрыс, бірінші пияз жарықта, ал екіншісі қараңғыда тұрды. Бұл тәжірибеден балалар өсімдіктер мен жер бетіндегі барлық  тіршілік иелеріне жарық пен жылу керек екенін білдік.

Күн туралы бейне ролик жіберіледі .

-Күн әлемге жарық қызу беріп тұратын жұлдыз. Күн –сары болып көрінгенмен шындығында күннің түсі ақ екен. Ол орасан мол энергия бөліп шығарады. Ғалымдар күн батареясын ойлап тапқан, бұл арқылы үйді жылытып, электр тоғын алуға болатынын дәлелдеген.  Күннің жарығы көрінетін және көрінбейтін шуақтардан тұрады. Көрінбейтін шуағына ультра күлгін шуағы жатады, міне солардың әсерінен біздің терімізде адам ағзасы үшін маңызды «Д» дәрумені бар. Адамға күннің тигізетін пайдасы қандай?
– Егерде күн шуағын дұрыс пайдаланбасақ, зияны да болады. Оның зиян жағын кім біледі, қандай болады?
– Дұрыс айтасыңдар, күн – табиғи дәрі, ал дәрі арнайы қатаң өлшемді талап етеді. Сондықтанда күннің шуағын дұрыс пайдалана білейік.

Сөздік жұмыс: ультракүлгін сәулесі.

 

«Көбелек» сергіту сәті

Гүл ұйқысынан оянды,

Жан – жағына қарады

Жерге сәлем берді,

Күнге қолын созды

Қанатын қағып көбелек,

Күнмен бірге тұрды

Ең әдемі көбелек,

Гүлдерге келіп қонды

Д/ойын: «Күн шуағы»

Ойын шарты: балалар тақтаға шақырылып, «Күн кімге керек»? – дегенде балалар күн шуағының айналасына үстел үстінде жатқан суреттерді іріктеп алып, қояды.

-Балалар біз күннің екінші жартысыда күн  туралы тақпақтар жаттаған болатынбыз, қане кім тақпақ айтып береді?

Күн туралы тақпақтар айтқызу

 

-Көктем мезгілі.

 

-Күн жылына бастайды, күннің жылуы айналаны қыздырады, құстар ән салады, шатырлардан мұздар тамшылайды.

 

 

 

 

 

 

 

-күн.

 

 

 

 

 

-шеңбер,

 

– сары,

 

-Апельсинге, допқа, алмаға, күнге ұқсайды.

 

 

-Шуақтары жетіспей тұр.

 

 

– Күн ашық болсын!
– Жер көгерсін!
– Табиғатымыз көркейе берсін!
– Ата – анамыз аман болсын!
– Балабақшамыз көркейе берсін!
– Еліміз тыныш болсын!

 

– Күн.

 

 

 

 

– Айнала жарық және жылы болып тұруы үшін жарқырап тұрады.

– Әр түрлі, жазда күн сәулесі көп болады, ал қыста көп болмайды.

-адамға, жануарларға, өсімдіктерге жылу береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Бірінші пияз жарықта, ал екіншісі қараңғыда тұрды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауаптары.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайталайды:

ультракүлгін сәулесі.

 

Балалар сергіту жаттығуын жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ойын ойнайды.

-Адам, жәндіктер, өсімдіктер, жан-жануарлар т.б.

 

 

 

 

Амина:

Мен жарқырап төбеде

Нұрын төгіп тұрамын.

Шуақ шашып бәріңе!

Бала жанын ұғамын!

Ақнұр:

Кейде кіріп бөлмеме,

Ол ойнайды айнада

Шомылады көлге де

Шуақ шашып қайда да.

Талғат:

Күн аспан ғой күннің

Қашаннан ақ тұрағы

Кейде сол күн Айгүлдің

Көзіндеде тұрады.

Рефлексия-
лық түзетушілік
Балалар бүгін біз не туралы айттық?

-Күн нұрының пайдасы туралы.

-Балалар бүгін біздің күннің тек қана пайдасын ғана айтып қоймай, зиянды жағын да айтып өттік. Сондықтан алдымызда жаз мезгілі келе жатыр. Көбіміз теңізге демалуға барамыз, далада ойнаймыз. Сондықтан да күннің шуағын дұрыс пайдалана білейік.

-Осымен бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды. Келген қонақтармен  қоштасайық.

Балалар сұраққа жауап береді.

 

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *