Менің сүйікті анам

Жаңаөзен қалалық білім бөлімі

«Рахат бөбекжай-бақшасы»

жедел басқару құқығындағы

МКҚК  тәрбиешісі

Булкебаева Айгул

 

Білім беру саласы:Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түріСөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Менің сүйікті анам

Мақсаты:

а) Сұрақ-жауап әдісі арқылы әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру, алгоритмдік ойлау машықтарын дамыту. Сөз тіркестерін (анам мейірімді, қамқоршы, эәдемі, балаларды жақсы көреді, оларға қамқоршы), сөздерді және дыбыстарды анық, дауыстап айтуға жаттықтыру

ә) Анасы туралы пікірін тиянақты, еркін жеткізе білуге талпындыру.

б) Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу

Көрнекіліктер: № 25 демонстрациялық материал (аналардың суреттері), № 25 үлестірмелі материалмен жұмыс (әртүрлі аналар мен балалардың суреті).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу.

Сөздік жұмыс: сүйікті, мейірімді, қамқор.

Билингвальды компонент: сүйікті — любимый, мейірімді -добрый, қамқор — заботливый.

 

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық Сәлемдесу.

— Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір-біріміздің жүзімізді көреміз, бір-бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша куанышқа бөленеміз.

Балалар шеңбер құрып дөңгелен тұрады. Балалар сәлемдеседі.
Ұйымдастырушылық ізденушілік Ғажайып сәт.

Педагог сиқырлы қорапшадан қуыршақты шығарады.

— Балалар, қуыршағымыздың көңіл күйі жоқ. Оған не болды екен?

Педагог қуыршаққа құлағын тосады.

— Қуыршақ бізге бір жұмбақ жасырғысы келіп тұр.

— Кәне, тыңдайықшы:

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған. Ол кім?

— Қуыршағымыздың көңіл күйі неге жоқ екен?

— Ол анасын жоғалтып алыпты.

— Балалар, онда біз қуыршаққа көмектесейік, анасын іздеп табайық.

— Көмектесеміз бе?

— Ол үшін біз әрқайсымыз өз анамызды сипаттайық, сонда қуыршағымыз өз анасын тауып алады.

№ 25 демонстрациялық материал. (Суреттегі киімінің, шашының түсіне қарай сәйкестендіріп, қуыршақтың анасын табу). Балалармен жеке жұмыс.

— Сая, сенің анаң қандай? (Әртүрлі аналардың суретін көрсету).

— Тасқын, сенің анаң қандай? т.б.

— Алақай! Қуыршақтың анасы табылды!

— Қараңдаршы, қуыршағымыз қуанып қалды.

— Қуыршаққа анасын табуға көмектестік пе?

— Балалар, алдымызда қандай мереке келе жатыр?

Билиш вальды компонент: сүйікті —   любимый, мейірімді — добрый, қамқор — заботливый.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.

№ 25 үлестірмелі материалмен жүмыс.

«Компонентін тап!» дидактикалық ойыны. Тапсырманың шарты: киімдерінің түстеріне сәйкес аналарын тауып, сызықпен қосу.

Қорапшаға карайды.

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

Балалардың жауабы.

 

 

 

 

 

— Ана.

 

-Иә.

Балалар өз аналарының суретін табады.

 

— Менің анам ақылды.

— Менің анам мейірімді.

— Менің анам

— Менің анам қамкоршы.

-Иә.

— Аналармерекесі, әжелер мерекесі, бұл күні біз аналарымыз бен әжелерімізге тілек айтамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қайталайды: сүйікті   —   любимый,   мейірімді   -добрый, қамқор -заботливый.

 

Бірге қайталап, сәйкес қимыл жасайды.

 

 

 

Ана мен балаларды бір-бірімен сәйкестендіреді.

Рефлекциялық түзетуші — Балалар, бүгін бізге кім қонаққа келді?

— Біз оған қандай көмек көрсеттік?

— Қуыршақтың көңіл күйі көтерілді ме? Балаларды мадақтау.

Балалардың

жауаптары

тыңдалады.

 

Күтілетін нәтиже:

орындайды: өз аналары туралы (мейірімді, қамқоршы) әңгімелей білуді;

түсінеді: сөздерді және дыбыстарды анық айтуды;

қолданады: педагогтің сұрақтары бойынша әңгіме құрастыра білу іскерліктерін.

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *