«Біздің өлкеге қыс келді»

Жаңаөзен қалалық білім бөлімі

«Рахат бөбекжай-бақшасы»

жедел басқару құқығындағы

МКҚК  тәрбиешісі

Аманжолова Жамила

 

Білім беру саласы: Әлеумет

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Біздің өлкеге қыс келді»

Мақсаты: Қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарын бақылау дағдыларын дамыту. Құрдастарымен жəне ересектермен еркін қарым-қатынас барысында танымдық-зерттеушілік іс-əрекет дағдыларын дамыту.

Туған өлкенің табиғатымен қарым- қатынаста адамгершілік-эстетикалық сезімдерін тəрбиелеу

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, өлең оқу, сұрақ- жауап, ойын.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Серуен кезінде шана тебу, аққала соғу.

Қолданылатын көрнекіліктер: Қысқы табиғат суреттері, үлестірмелі материал.

Полингвизм: аққала-снеговик-snowman; шана-сани, шана- sledge; қар-снег, қар- snow.

 

Әрекеттер    кезеңі

 

Тәрбиешінің іс-әрекеті

 

Балалардың іс- әрекеті

 

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер:

Қайырымды жандар айнала,

Шеңберге келсін жайлана.

Жалықпастан қайта біз,

Сүйеміз барлық әлемді,

Әлемдегі бар елді.

Бақыттымыз осы біз

 

 

Шеңберге тұрып қимыл қозғалыс жасайды

 

 

Ізденуші ұйымдастыру

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Ауа райы қандай?

-Айнала қандай?

Слайдпен (видео ролик) қыс мезгілін көрсету.

-Қане, балалар қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтыңдаршы?

 

-Қандай өзгерістер болады?

-Қардан не жасаймыз?

Сергіту сәті:

Боран соқты оң жақтан,

Боран соқты сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтеді қолғаптан.

-Енді, барлығымыз «қар», «шана», «аққала» сөздерін үш тілде айтайық.

Полингвизм: Аққала – снеговик – snowman; шана – сани – sledge; қар – снег – snow.

-Балалар, өлкемізге қыс келді, айналаның бәрін ақ қар басты. Қыста ауа райы суық болады. Қар жауады. Балалар қармен ойнайды. Енді мен сендерге осы қыс мезгілі туралы өлең оқып берейін, сендер мұқият тыңдап отырыңдар.

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезеңді торлайды.

Қарға омбығып, бет домбығып,

Сырғанап жастар ойнайды.

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?(Ш.Ахметов)

Балалардың назарын тақтаға аудару

Сурет бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік беремін.

-Қыста балалар немен сырғанайды?

-Балалардың киімдері қандай?

-Суретте Сәбит Айгүлді шанамен сырғанатып жүр. Айгүл көңілді ме?

-Ол не үшін көңілді?

 

-Арман мен Асқат не істеп жатыр?

-Аққала қандай? Аққала қардан соғылған домалақ қыс кейіпкері.

Логикалық ойын: «Пішіндерді тап»

Ойын шарты: Алдарына берілген қолғаптарды түсіне сай пішіндермен жамауы тиіс.

 

-Қыс мезгілі.

-Ауа райы суық .

-Аппақ қар.

 

Балалар мұқият қарады.

 

-Күн салқын болады.

-Аяз, боран болады.

-Қар жауады.

-Аққала жасаймыз.

 

Барлығы бірге сергіту сәтін қимылмен орындады.

 

 

 

Барлығы тәрбиешімен бірге қайталады.

 

 

 

Балалар тәрбиешіні

мұқият тыңдады.

 

 

 

Өлеңге қызығушылық білдірді.

 

 

-Қыста.

 

 

 

-Шанамен, конькимен

-Қалың киінген

 

-Иә, көңілді.

-Оны ағасы шанамен сүйреп жүр.

-Аққала соғып жатыр.

-Аққала үлкен,

аппақ, домалақ.

Балалар ойынды қызыға ойнады. Қолғаптарды түсіне сай пішіндермен жамай білді.

 

Рефлексті түзетуші -Балалар, мына суретте қай мезгіл бейнеленген екен?

– Балалар немен ойнап жүр?

 

 

-Қыс мезгілі сендерге ұнайды ма?

-Несімен ұнайды?

Оқу қызметін « Аққала» әнімен қорытынд

 

-Балалар, мына суретте қай мезгіл бейнеленген екен?

– Балалар немен ойнап жүр?

 

 

-Қыс мезгілі сендерге ұнайды ма?

-Несімен ұнайды?

Оқу қызметін « Аққала» әнімен қорытынд

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Ойын арқылы қолғаптарды түсіне сай пішіндермен жамай білді.

Қандай түсініктерді игерді: Қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы сипаттап айта білуді түсініп игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Суретке қарап әңгіме құрастыруды және сұрақтарға толық жауап бере білу дағдысын меңгерді.

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *