менің отбасым

Тақырыбы: Менің отбасым Педагогтің аты-жөні:Садыбаева Улжан
Сынып/топ: «А» сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

 

0.1.1.1. Отбасындағы өзара тату қарым-қатынастың маңызын түсініп, отбасы мүшелерімен бірлесе жұмыс жасау.
Күтілетін нәтиже

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық тәрбиеленушілер:

Өзінің отбасы олардың жақсылығы мен қайырымдылығы туралы айта біледі. Отбасы

мүшелерінің өзара тату қарым-қатынаста болу керектігін түсінеді.

Көпшілік тәрбиеленушілер:

Ата-аналарының қамқорлық жасайтынын түсінеді. Қандай істі болмасын отбасы мүшелерімен бірлесе атқару керектігін біледі.

Кейбір тәрбиеленушілер: Сурет бойынша әңгіме құрастырады. Отбасы мүшелеріне деген ізгі қарым-қатынас болу керектігін біледі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету керектігін түсінеді.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер:

– Отбасы, туыстық, қарым-қатынас, отбасы мүшелерінің міндеттері туралы түсінік бере біледі.

– Өзінің отбасы туралы айтып бере алады.

Көптілділік:

Отбасы – семья – famyli

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері.

Әке, ана, ата, әже, аға, іні, әпке.

Пікір алмасу сұрақтары.Отбасындағы әке мен ананың айырмашылығы қандай?

Отбасыларымен қайда қыдырып бардыңдар?

Өткен ҰОҚ-дан алғант білімі Отбасыларын атай білуі
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл

күй орнату.

0-2 мин

Шаттық шеңберіне тұрып, төмендегі өлең жолдарын айтады:

Біздің отбасы

Алақаны аялы,

Анам бар жаны саялы.

Кешіре білген кінәмді,

Әкем бар менің шыдамды.

Шалғы тартқан шалғында,

Ағам бар менің алдымда.

Жақсылыққа талпынған,

Інім бар менің артымда.

Б. Кірісбаев

Музыкалық сүйемелдеу.
 

ІІ . Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин

(ПТ , Ұ) – Бүгін отбасы туралы әңгімелесеміз.

Айтыңдаршы, отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?

(Т) Балаларды екі топқа бөледі: ересектер; балалар.

Әр топ отбасындағы ересектер мен балалардың міндеттерін айтады.

Отбасы мүшелерінің суреттері
ҰОҚ-ның ортасы

ІІІ . Тақырып

бойынша жұмыс.

6–28 мин

(ПТ ) Педагог: Отбасы – туыстық қатынастағы және бірге тұратын адамдар тобы. Олар: атасы, әжесі, әкесі, анасы, балалары.

Өз отбасыларың туралы әңгімелеп беріңдер.

(Ұ) Әр бала өз отбасылары туралы әңгімелейді.

(ПТ) Сөздік жұмысын жүргізу.

Көптілділік:

Отбасы – семья – famyli

Таспадан сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Дәптердегі 1-тапсырма бойынша фотосуретте кімдер бейнеленген?

– Отбасы мүшелерін ата.

– Осы отбасы мүшелеріне есімдер қояйық.

• Айсұлудың неше әпкесі, неше ағасы бар?

• Айсұлудың отбасындағы туыстар арасындағы қарым-қатынас қандай деп ойлайсың?

– Әрқайсысыңның отбасында неше адам бар?

– Әкеңнің, әжеңнің, атаңның, анаңның есімдері кім?

– Сендердің неше аға, әпкелерің бар?

Ата-анаң саған қандай қамқорлық жасайды?

Өзің үлкендерге қалай көмектесесің?

– Олардың есімдері кім?

– Сендер ата-аналарыңа көмектесесіңдер ме?

– Сендер ата-аналарыңа қамқорлық жасайсыңдар

ма?

• Отбасы үлкен де, шағын да болуы мүмкін.

Ең бастысы – отбасыңда әрқашан тыныштық,

достық, сыйластық, бір-біріне деген сүйіспеншілік

болуы қажет.

Отбасы мүшелерінің

суреттері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудиотаспа.

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер.

  (Ұ, Ө) Үнсіздік ойыны. Балалар жайланып отырып, көздерін жұмып, өздерінің отбасы мүшелерін, үйлерін көз алдарына елестетеді.

(Ө) Дәптердегі 2-тапсырма бойынша отбасы мүшелерімен бірлесе жұмыс жасау.

Жеті ата туралы түсінік беріледі:

Жеті ата – қазақ халқының адамның ата жағынан тегінің таратылуы. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы т.б., яғни жеті атасының

нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. 1 – бала, 2 – әке, 3 – ата, 4 – арғы ата, 5 – баба, 6 – түпкі ата, 7 – тек ата.

Жеті атаның ішінде сендер кімсіңдер? (Бала).

Үйге тапсырма: ересектердің көмегімен жеті аталарыңның нақты есімдерін біліп келу.

(Ұ) Қол сергіту сәті: «Кел, санайық»

Үйде нешеу екенбіз?

Кел санайық екеуміз:

Бас бармағым – папам,

Балаң үйрек – апам,

Ортан терек – ағам,

Шылдыр шүмек – мен,

Кішкене бөбек – сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

(Ұ) Тапқырлыққа арналған ойын ұсыныңыз.

«Жылы лебіз» дидактикалық ойыны Ойын шарты: ойынға барлық балалар шеңбер бойымен тұрады. Ортаға бір бала шығады, оның

қолына доп ұсынылады. Бала допты кез келген бір балаға лақтырады, допты қағып алған бала отбасы мүшелеріне арналған тілекті айтып, допты кері лақтырады.

Дәптердегі 3-тапсырма бойынша отбасы мүшелерінің суреттерін ретімен орналастырады. Орналастыру себебін айтады.

Ағаштың тамырынан бастап, отбасы мүшелерінің суреттерін жапсыру. (Ата, әже, әке, шеше, аға, әпке, мен, іні, қарындас).

Д/о: «Отбасы мүшелерін ата»

Ойын шарты: ойынға қатысушы барлық балалар шеңбер бойымен тұрады. Ортаға жүргізуші шығады. Оның қолына доп ұсынылады. Жүргізуші допты кез келген бір балаға лақтырады. Допты қағып алған бала отбасы мүшесін білдіретін бір сөзді айтып, қайтадан жүргізушіге лақтырады. Мысалы: әже, ата, әке, ана, сіңлі, қарындас, аға.

4-тапсырма. Мақалдың мағынасы түсіндіріледі. Мақалдағы «ата» сөзі отбасындағы әке және атаңды білдіреді. Олар – отбасындағы қадірлі адамдар. Ата мен әкені биік тауға теңеп тұр. Ана мен әже – олар аналар. Оларды суға теңеп тұр. Су өмірде қандай қажет болса, ана да сондай қажет. Баланы желкілдеп өсіп келе жатқан құраққа теңеп отыр. Өйткені ол шөп сияқты желкілдеп өседі.

Әуен ырғағымен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интерактивтік тақта.

 

 

 

 

 

Отбасы бейнеленген үлгі

суреттер.

https://www.google.kz/

search?q=7+ата&biw

Әліппе-дәптер.

 

 

Доп.

 

 

Әліппе-дәптер.

 

 

 

 

 

Дидактикалық ойындар

жинағы.

 

Тау, ағып жатқан су және

құрақтың суреті; ата, әке,

ана және баланың суреті.

ІV. ҰОҚ

қорытындысы.

Рефлексиялық түзету.

28–30 мин

(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап қорыту.

Балалардан ағаштың жапырағын кез келген түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

• ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;

• түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;

• бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен.

Әліппе-дәптер,

түрлі түсті қарындаштар.

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *