“Тілім менің тірлігімнің айғағы” сайыс сабақ

Сабақтың тақырыбы: “Тілім менің тірлігімнің айғағы” сайыс сабақ
Күні:04.10.2020 Мұғалім:Ускенбаева Г.Б    
Сынып:2 б Қатысқан: Қатыспағандар:
Сабақта меңгерілетін

дағдылық мақсаттар

2.1.3.1тыңдаған мәтінге мұғалімнің көмегімен иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау және қарапайым сұрақтарға жауап беру

2.2.2.1 сюжетті сурет негізінде өз ойын айту

2.3.1.1Өлеңді мәнерлеп және дауыстап оқу

 

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білуге тиісті:

Тіл үйренушілердің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігін тексеру,әр түрлі тапсырмалар арқылы тыңдаушылардың алған білімдерін бекіту;

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:

Тіл үйренушілердің ой-өрісін дамыту мақсатында жатталған  мақал-мәтелдерін дұрыс айтып,мәнін жеткілікті меңгеруге баулу.Тілдің көркемдігін,байлығын көрсету.Тілдерін дамыту.

Кейбір оқушылар білуге тиіс:

Отан,тіл, тілге құрмет жайлы мағлұматтарды тіл үйренуші ұғымына сай түсіндіру.Олардың мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Бұрыннан бар білімдері Тапсырмаларды сатылай кешенді талдауды біледі.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі Түсіндіру,аудару,тексеру
Жоспар  
Жоспарланған

уақыттар

Жоспарланған уақыт (жаттығулар) Ресурстар
Басталуы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Мен саған сенемін

Ал сабақты бастайық

Терең білім алайық

Бізге  келген қонақтарды

Құрметтеп қарсы  алайық.

Құрметті тіл үйренушілер мен әріптестер!Сіздерді халықаралық тілдер мерекесімен құттықтаймын!Тілдің мәртебесін көтеріп,тіл үйренуде жоғарғы деңгейге жетулеріңізге тілектеспін.

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар

Құрметтейді кісі екен деп,төрге озар

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы

Мемлекеттік тілді уйренген жөн болар

Біз бүгін «Тілім менің-тірлігімнің айғағы» атты сайыс сабағын өткізгелі жатырмыз.Сабағымыздың соңында «Қазақ тілінің білгірі» кім болатыны анықталды.Сайысқа екі команда қатысады.1.Топ «Алғыр»

                                 2.Топ «Тарлан»

 

 

 

Сайыс 4кезеңнен тұрады.

 

Таныстыры

лым, суреттер.

Ортасы

20мин

1.Кезең «Кім тапқыр»

Балмұздақ таяқшасына тапсырмалар жазылады.Тіл туралы өлең немесе мақал-мәтел айту керек.Балалар өздері таңдап алған балмұздақ таяқшасын таңдау арқылы тапсырманы орындайды.

1.Туған тілім-бабам тілі өз тілім

   Тілім –анам тілі өз тілім

    Туған тілім –далам тілі өз тілім

    Туған тілім-адам тілі өз тілі

2.Ана тілім – ұраным

   Ана тілім –құралым

   Ана тілім болмаса

   Мықты болмас тұрағым

3.Ана тілің,біліп қой

   Еркіндігің,теңдігің

   Ана тілің біліп қой

   Мақтанышың елдігің

4.Ана тілің-арың бұл

    Ұятың боп тұр бетте

     Өзге тілдің бәрін біл

     Өз тіліңді құрметте

5.Ана тілім-ерлігім

   Ана тілім-елдігім

  Ана тілім болмаса

   Бүтінделмес кемдігім

   Мақал-мәтелдер

1.Тіл жүйрік емес,шын жүйрік

2.Өнер алды қызыл тіл

3.Тіл қаруы-сөз

    Сөз қаруы –ой

4.Тіл шекер,байлық бекер

5.Бас кеспек болсада

   Тіл кеспек жоқ

6.Ана сүті бой өсіреді

   Ана тілі ой өсіреді.

2.Кезең «Аудармасын тап»

Ортаға суреттер жасырылады.Әр топ кезек-кезек келіп суретті алып,үш тілде қазақ тілінді,орыс тілінде,ағылшын тілінде аудармасын айтады.Толық аудармасы айтылған суретті ортаға іледі.

«Кір ілгіш» әдісі

+. 

 

3.Кезең. «Кім жылдам»

Мақалдың бірінші бөлігі айтылып,екінші бөлігі жасырылады.Жасырылған бөлігін жыдам табу крек.

1.Тіл қылыштан …..(өткір )

2.Басқа пәле …….(тілден)

3.Білім кілті…….(тіл)

4.Ең ащы да тіл, ең тәттіде….(тіл)

5.Өнер алды…..(тіл)

Балмұздақ таяқшасы
Сергіту сәті

5 мин

 

 

 

 

Жолдарыңа үңіліп,

Екі бақа жүгіріп,

Секіреді, бақ-бақ,

Ағаштарды аттап.

Олар ерте тұрады,

Беті-қолын жуады.

Оңға-солға шайқалып,

Бақылдайды ән салып.

Судан шіркей табады,

Өсіп үлкен болады.

Бақ-бақ, нақ-нақ,

Біздер айттық тақпақ.

Сергіту жаттығуы жазылған парақша
5 мин 4.Кезең «Тапқырлар» берілген сөзден бірнеше сөз құрастырып,тақтаға жазу.

«Тарлан» тобына «ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ»-удовлетворителный

«Алғыр» тобына «ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ»-простота,обыденность.

1.ана,анар,қанат,нар,ат,аға.

2.қара,ара,апай,қар,ар.

Тақтаға қойылған ұпайларды есептеп жеңген топты анықтау.

 

Аяқталуы

5 мин

Қорытынды.

Бүгінгі «Тілім менің –тірлігімнің айғағы» атты сайыс сабағымыз осымен аяқталды.Бұл сабақта өздеріңіз көріп отырғандай көптеген тіл туралы мақал-мәтел,тапсырмалар орындалды.Сіздерге бүгінгі сайыс сабаққа қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін.Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз топ анықталды.Жеңімпаз топ «Алғыс хатымен» марапатталады.

 

Дифференциациялау оқушыларға мейлінше қолдау

көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалайша түрлендіресіз?

«Бес саусақ» әдісі Пәнаралық байланыс –

Денсаулық пен қауіпсіздікті

тексеру, АКТ

Рефлексия

Сабақтың мақсаты

мен оқу міндеттері

анық па?

Бүгін оқушылар не

үйренді?

Сабақ қалай өтті,

қандай деңгейде

өтті?

 

Бүгінгі сабақ кызықты болды ма?

Қолдарындағы смайлктер арқылы көрсету.

 

 

 

 

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *