Мұғалім-өз баласы-тәрбие!

Мұғалім-өз баласы-тәрбие! 

мұғалім, қоғам айнасы аталатын тұлға. Бірақ, өз баласына қаншалықты деңгейде тәрбие беріп, қаншалықты деңгейде білім береді. Менің ұстаздық жолында жүргеніме биыл, 3 толды. Өз баласына тәрбие беру, өз баласына білім беру, отбасындағы жағдайға байланысты екенін түсіндім. Әр отбасы бір Отан. Сол Отанның басқарушы мүшесі, еліндегі болашақ ұрпақтың қауіпсіздігіне, денсаулығына, біліміне, психологиялық тұрғыда, ой санасына қаншалықты деңгейде көңіл аударуы өте маңызды екенін түсіндім. Бірақ, сол басқарушы мүше осы маңызды дүниелерге үлкен жауапкершілікпен қарайтын болса, мұғалім өз баласына жоғарыда айтылған дүниенің барлығын толыққанды бере алушы еді. Мұғалім бола тұра, өзгенің баласына тәрбие беріп, білім беріп, осындай жауапкершілікті мойныма алғаныма, іштей қиналамын. Отбасында ең маңыздысы, бір біріне қолдау көрсету, түсіну, қамқорлық жасау. Ал, егер де, бұл айтылған дүниелердің 50 пайызы орындалмай, жеткіліксіз болса, мұғалімнің  жан дүниесі жетім. Айтарым, қазіргі қоғамда бұл жағдай көптеген отбасында бар деп ойлаймын. Бұл жағдаймен күресу үшін, мемлекет тарапынан ислам дініндегі отбасындағы ер азаматтардың міндеттерін, жауапкершіліктерін түсінуді жеткізуге, жол ашылып, жұмыс жасалса деген тілектемін. Мұғалім болашақ ұрпақтың анасы деп айтсам, артық айтпаймын.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *