Adobe Captivate бағдарламасы ортасымен танысу
Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі
Есманова С.С.
Adobe Captivate бағдарламасы ортасымен танысу
Біріншіден, бұл бағдарламаның құжаттармен жұмыс ерекшелігіне тоқталар болсақ. Мұнда жасалған құжат жоба деп аталады және жекелеген слайдтардан тұрады.
Ол слайдтарды өшіруге, редакциялауға, қосуға болады. Жобамен жұмыс аяқталғаннан кейін оны клип түрінде сақтайды. Ал оны редакциялап түзету жасау үшін қайтадан бастапқы жобаны ашып содан кейін түзету жасайды. Қайтадан клип түрінде сақтайды. Adobe Captivate бағдарламасы терезесінде клиптер мен жобаларды құру, редактрлеу үшін басқару элементтері ( батырма, тақта, мәзір т.б ) бар. Бағдарлама пайдаланушыға дайын жұмыс ортасын ұсынады. Әр пайдаланушы жұмыс ортасын өзіне ыңғайлап жасап алуына болады.
Басқару тақтасында файлдарды сақтау, болдырмау және қайталау, слайдтарды жазу оларды көру т.б батырмалары бар. Қойылатын объектіні слайдтың кез-келген аймағына қою мүмкіндігі бар. Ол үшін көлденең және тігінен түзету мүмкіндіктері жасалған. Слайдтар тақтасында (Filmstrip) ағымдағы жобаның кішірейтілген суреті сақталады. Бұл слайдтар тақтасында таңдалған слайд экранның үлкен аймағын алып тұрады. Adobe Captivate бағдарламасында бірнеше құжатты қатар ашуға болады. Қажетті құжатты таңдау үшін осы қосымшаларды шерту жеткілікті. Бағдарлама терезесінің оң жағында (Properties) қасиеттер терезесі орналасқан. Мұнда объекті мәнінің параметрлерін қарауға және өзгертуге болады. Терезенің төменгі жағында уақыт шкаласы (Timeline) орналасқан. Ол арқылы слайдтағы объектілердің көрсетілу уақытын реттеп отыруға болады.
1-сурет. Adobe Captivate бағдарламасының терезесі
Саймандар тақтасы
Саймандар тақтасындағы саймандарды пайдалану арқылы әр түрлі денелерді салуға, мәтіндік жазбалар, батырма, масштабын өзгерту, объектілерді өзгертуге болады.
2-сурет. Adobe Captivate бағдарламасы саймандары
Слайдтар тақтасы
Слайдтар белгілі бір ретпен орналасады. Бірақ слайдтардың орналасу ретін слайдты тышқан меңзерімен іліп алып жылжытып жоғары немесе төмен орналастыруға болады. Слайд өлшемін өзгерту үшін керек слайд үстінде оң жақ батырманы шертіп динамикалық мәзірден 3 суретте көрсетілген элементтерді таңдауға болады.
3-сурет. Слайд өлшемдерін өзгерту элементтері
Егер слайд бейнежазу режимінде құрылса, оң жағында төменде бейне камера белгісі көрінеді. Ал егер слайд аудиофайлмен байланысты болса дыбыс зорайтқыш белгішесі тұрады.
4-сурет. Аудиофайл және бейнефайл белгішелері
Егер слайд бұғаттаулы тұрса. Онда ол редакциялаудан және жылжытудан қорғалып, оң жақ бұрышында құлып белгісі тұрады.
Уақытша шкала
5- сурет. Уақытша шкала
Бұл шкала бағдарламада маңызды болып саналады. Себебі слайдтағы объектілер қозғалысы уақытпен есептеледі. Нысанға (объекті) не жатады дейтін болсақ слайдқа орналастырылған сурет, бейнефайл, аудиофайл, мәтіндік жазба, мәтіндер т.б айтамыз. Мысалы слайдта жазу, сурет т.б болатын болса, олардың әрқайсысының слайдта іске қосқанда көріну уақыттарын реттеуге болады. Олардың көріну уақытын реттеу үшін шкаладан әр нысанды жеке- жеке белгілеп тышқан батырмасымен белгілеп алып, тышқан нұсқағышымен оң жағынан немесе сол жағына созып тартамыз.Тартатын орны дөңгелекпен қоршалып көрсетілген 6- суретте.
6-сурет. Уақытша шкалада объекті уақытын реттеу
Adobe Captivate кітапханасы
Аудиофайлдар, суреттер , анимациялар т.б қорлар сақталатын орынды кітапхана деп атайды. Әрбір жобаның өз кітапханасы болады. Алайда импорттау арқылы кітапханаға қорларды алдын-ала жинастырып қойып, қажет кезде пайдалануға болады.
Үнсіз келісім бойынша кітапхана панелі Library барлық жұмыс ортасында болады. Тек Quizzing ортасында болмайды.
Кітапхана қорының пайда болуы үшін Windows мәзіріндегі команданы таңдаймыз. Нысандар кітапханада санаттары және қапшықтардың орналасуы бойынша сұрыпталады. Әр объектінің аты, типі, көлемі, пайдалану саны, мерзімі болады.
Кітапхана панелі арқылы:
• Объектілер қасиетін өзгертуге
• Жобада объектіні қайта пайдалану
Ағымдағы жоба кітапханасына басқа жобалардан қалыптарынан (шаблондарынан) импорттау үшін төмендегі әрекетті орындаймыз.
1. File Import External Library командаларын орындаймыз. 7-сурет
2. Open сұхбат терезесінде импортталатын объекті не қалыбын (шаблон) таңдаймыз.
8-сурет
3. Open батырмасын шертіп сыртқы кітапхана панеліне шығарамыз.
4. Көрсетілген кітапхана панелінен керек объектіні таңдап жылжытамыз.
7 –сурет командалар реті қоршалып көрсетілген
8-сурет. Импортталатын объектіні таңдаймыз
Нысандармен орындалатын негізгі әрекеттер
Бұл тақырыпта нысандардың экранда болу уақыты, объектілерді бір біріне салу. Сондай-ақ клипті алдын-ала көру. Жобаны сақтау, қате әрекетті алып тастау әдістерімен танысамыз.
Нысан қабаттарының (Слой) орналасуын өзгерту
Слайдтың бір аймағында орналасқан объектілер қабаттарының орналасуына қарай объектінің слайдқа қойылуы ескеріледі.
Уақытша шкалада қабаттардың орналасуын өзгерту үшін объектіге тышқан нұсқағышын жақындатамыз. Тышқан нұсқағышы ол қол түріне айналады. Нысанды жоғары төмен жылжытамыз. Сондай ақ жұмыс аймағында нысанүстінде оң жақ батырманы шертіп Arrangeмәзірінде BringtoFront,SendToBack,BringForward немесеSendBackward командаларын орындаймыз. 9-сурет.
9-сурет. Орындалатын командалар реті
Редакциялау кезінде нысандарды жасырып қою
Нысан орналасқан қабатты жасырып қою үшін уақытша шкалада көз тәріздес белгі астындағы объектіге сәйкес тұсындағы дөңгелекшені шертеміз ол крест белгісіне айналады. 10-сурет.
10–сурет. Нысанды жасыру
Нысанды редакциялау барысында жасырулы тұрады. Ол өшіріліп қалмайды.
Нысандарды блокировкаға (Қоршау) қою
Құлып суретіндегі баған астындағы дөңгелекшені шертсек қабат қоршауға түседі. Бұл кезде нысанды қозғай алмаймыз ол жылжымайды, редактрлеу мүмкін болмай қалады.
Нысандардың көріну уақыттарын белгілеу
Нысандардың слайдта пайда болу уақыттарын белгілеу үшін тышқан нұсқағышын уақытша шкалада (шәкіл) нысан жолағының оң жағына немесе сол жағына қоямыз. 2 бағыттағы бағдарға айналған кезде сол жақ батырмамен тартып созамыз. Экранда нысанның көріну уақыты өзгереді. Екі нысанның көріну уақытын бірдей жасау үшін жолақтың 2 жағын бірдей түзетіп қоямыз. 11- сурет.
11-сурет. Нысандардың экранда көріну уақытын өзгерту
Слайдты алдын-ала көру
Слайдты іске қосу үшін F3пернесін басу керек. Уақытша шәкілде қызыл сызықтың қозғалысы арқылы слайд әрекетін бақылап отыруға болады.F3 қайта басу арқылы іске қосуды тоқтатуға болады. Сонымен қатар уақытша шәкілдің төменгі жағындағыPlay,Stop,Pause батырмаларды шерту арқылы басқаруға болады. 12-сурет.
12-сурет. Қызыл сызық. Басқару батырмалары
Қате әрекетті алып тастау
Жұмыс барысында қате әрекет жасасақ оны алып тастауға болады. Соңғы әрекеттерді алып тастау үшін Edit-Undoнемесе Ctrl+Z пернесін басамыз. Алып тасталған әрекетті қайта орнына әкелу үшін Edit-Redoнемесе Ctrl+Y пернесін басамыз.
Жобаны сақтау және көру
Adobe Captivate бағдарламасында жобаларын сақтағанда .cptx кеңейтілуімен мына командаларды File-SaveнемесеFile-Saveas орындау арқылы сақтайды. Дайын клиптерді кеңейтілуі .swfфайлдарға мына командаларды File-Publish орындау арқылы сақтайды. Жобаны қосып көру үшін File-Previewкомандалары орындалады. 13-сурет.
13- сурет. Жобаны қосып көру командалары
Практикалық жұмыс №1
Бұл практикалық жұмыста үй саламыз. Слайдты көруші бұл үйлердің ретпен салыну жолынбақылайды. Мысалы: 1-ші қабырғасы, 2-ші терезесі, 3-ші есігі т.б ретімен салынуы керек.
1. Adobe Captivate бағдарламасын қосамыз.Blank Projectкомандасын шертіп бағдарламаны іске қосамыз. 14-сурет.
14-сурет. Іске қосу жолы
2. Өлшемін өзгертіп ОК батырмасын шертеміз.
3. Сайманды таңдап, SmartShape –Basic–Rectangleкомандалары арқылы тіктөртбұрыш саламыз.
4. Тіктөртбұрыш ерекшеленіп тұрған кезде қасиеттер терезесінде түстер үлгісін шертіп және төртбұрышқа түс құю әрекетін жасаймыз.
15-сурет.
15-сурет. Қасиеттер терезесінде төртбұрышқа түс құю әрекеті
5. Қасиеттер терезесінде төртбұрыш ерекшеленіп тұрған жағдайда Stroke үлгісін шерту арқылы төртбұрыш жиегін бояймыз, Width сырғытпасын жылжыту арқылы қалыңдығын үлкейтіп кішірейтеміз, ал Style арқылы жиек сызығының түрін таңдаймыз тұтас немесе үзікті т.б. 16-сурет.
16-сурет. Сызық жиегін баптау
6. Келесі әрекетіміз Smart Shape сайманын таңдап тіктөртбұрыш саламыз. Нәтижесінде бұл үйдің есігі болады.
7. SmartShape-Basic-Triangle сайманы арқылы тіктөртбұрыш саламыз . Бұл терезесі болады. Қажеттілігіне қарай касиеттер терезесінде бояуын, жиегіндегі сызық қалыңдығын өзгертеміз.
8. SmartShape сайманы арқылы жеке сызықтардан үйдің шатырын саламыз.
Сонда мынадай үйдің суреті пайда болады. 17-суре
Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718