«Ұлттық бұйымдар»

Жүсіп Жазира

Тақырыбы:  «Ұлттық бұйымдар»                                    

Мақсаты: Балаларды топ бөлмесінде, өзін қоршаған заттардың ішіндегі ұлттық бұйымдарды дұрыс атай білуге, түр түсі, пішіні, көлемі жайында түсініктерін кеңейту. Апта күндерін ретімен атауды үйрету, ұлттық бұйымдарды бейнелеу ісәрекетінде бере білуге, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

 

Оқу ісәрекетінің кезендері          Тәрбиешінің іс  әрекеті     Балалардың

      ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық Тәрбиеші балаларды  сабаққа ұйымдастырады. Ұлттық бұйымдар туралы мәлімет беріп, сурет бойынша әңгіме жүргізу. Суреттен балалар өздеріне таныс заттарды атайды,

оны не үшін қолданатынын айтады

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Жұмбақ жасыру

Шебер ісі зергердің,

Әсемдіктің құндысы ( сырға)

Балалар мына суреттерден не көріп тұрсыңдар?

—         Шолпы, сырға, білезік, ағаш үй, кереге, уық, шаңырақ.

Қане осылардың ішінен ағаш және зергерлік бұйымдарды ажырату.

Шолпы, сырға, білезікті кімдер тағады? ( қыздар, аналар)

Кереге, уық, шаңырақ не үшін қажет? ( ағаш үй)

Сергіту сәті

Бойды бүкпей тік ұста,

Еркін тұрып тыныста.

Жай оң қолды, оң жаққа

Жай сол қолды, сол жаққа

Қолды айналдыр бұлданбай

«Қошқар мүйіз» сызғандай.

 

Жұмбақты шешу.

 

Алдарындағы ұнаған суреттің аттарын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін қимылмен жасайды.

 

 

 

Рефлексиялық түзетушілік «Қошқар мүйіз» оюы туралы айтады.

Ойын: « Ою құрастыр»

 Балалар ойында шапшаңдық танытты.

 

Күтетін нәтижелер:

Нені біледі: Ұлттық бұйымдарды ажырату

Қандай түсініктерді игереді: Зергерлік және ағаш бұйымдарды атау

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Сұрақтарға жауап беру.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *