Қызыл сары жапырақтар

«Қызыл,сары жапырақтар»

Кулькеева Айжан

Күтілетін нәтиже:    Білім беру дағдысы:  Коммуникация, Шығармашылық

    Білім бөлім: Көркем әдебиет, Сөйлеуді дамыту, жапсыру,  сурет  салу        мүсіндеу.

    Тақырыбы:  «Қызыл, сары,  жапырақтар»

    Мақсаты:  Күз мезгілі туралы түсінік  беріп, күздегі табиғат сұлулығына назар       аударту. Балалардың  сөздік  қорын  молайту,  сөздерді  байланыстыра  сөйлеуге   үйрету.

    Әдіс-тәсілдері:  Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

    Көрнекіліктер:  Ән таспа, Күз қаншайымы, Күз мезгілі бейнеленген

суреттер.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің   іс-әрекеті Балалардың   іс-әрекеті
Ұйымдастырушы қозғаушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушы ізденуші.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексиялықтүзетуші.

   Балалар бізде бүгін ерекше күн, өйткені қонаққа апайлар келіп отыр. Қане барлығымыз орнымыздан тұрып, шаттық шеңберін орындайық.

 

Қуан шаттан балақай!

Қуанатын күн туды.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Саламатсыздарма апайлар!

 

Ал бүгін бізде шығармашылық білім дағдысы бойынша мүсіндеу, жапсыру, сурет, кіріктірілген оқу қызметтері.

 

Тақырыбымыз «Қызыл, сары жапырақтар» деп аталады.

Жаңа оқу қызметімізді бастамас бұрын өткен оқу қызметімізді қайталап көрейікші.

 

Өткен оқу қызметімізде біз қандай тақырыпта жұмыс жасадық?

 

-Жарайсыңдар балалар өте тамаша!

 

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

 

-Жапырақтардың түсі қандай?

-Ендеше балалар барлығымыз көзімізді жұмып, күз мезгілін көз алдымызға елестетейікші.

 

Тыныштық сәті (жай музыка ойнайды).

-Күз мезгілі. Таңертең ата-анаңызбен  балабақшаға  келе  жатырсыз.  Айналаға  қарасаңыз ағаштардың  жапырақтары  сарғая  бастаған,  жер де  қызыл-сары  жапырақтар  төгіліп  жатыр.  Бір кезде  жаңбыр  жауып кетеді.  Адамдардың  кейбіреуі  қолшатыр  ұстап  барады.

 

Ал, балалар  көзімізді  ашайық,  күз  мезгілі  көз  алдарыңа  елестеді  ме?

 

Қанша  күн  суық  болсада  әр  мезгілдің  өзіндік  ерекшелігі  болады. Күз мезгілінде  ауа  райы  суытып, құстар  жылы  жаққа  ұшып  кетеді, жылы  киіне  бастаймыз.

 

Ғажайып сәт.

 

Есік қағылып топқа Күз ханшайымы келеді.

 

Саламатсыңдарма балалар! Балалар бізге Күз ханшайымы келіп қалыпты.

 

Күз ханшайымы:

-Балалар, бағанадан бері сендердің не  туралы айтып жатқан әңгімелеріңді естіпкеле жатырмын.

 

-Сендер қандай оқу қызметін өтіп жатырсыңдар?

 

-Менің сендерге арналған бір ойыным бар, ойнауға қалай қарайсыңдар?

-Дидиактикалық ойын?

«Бұл киімді қай мезгілде киеміз?»

 

Шарты: Жазғы, күзгі киімдердің суреті салынған карточкаларды өз ұяшықтарына орналастыру.

 

Рахмет сізге Күз ханшайымы!

 

Балалар ойын ойнап бір сергіп қалды. Балалардың сізге арнаған бір сыйы бар. Шығармашылық білім беру дағдысынан жұмыстарын жасап көрсетеді.

 

Ендеше үш топқа бөлініп жұмысымызды бастайық. Топтарға ат қояйық. Суретшілер, Мүсіншілер, Жапсырушылар тобы.

 

Балалар алдарыңдағы суретке не жетіспей тұр?

Ия дұрыс айтасыңдар суретке жапырақтар жетіспей тұр.

 

1-топ, суретшілер саусақ ұшын сары, қызыл түсті бояуға батырып ағашқа жапырақтар саламыз.

 

2-топ, мүсіншілер ермексазды майда бөлшекке бөліп алып ағашқа жапырақ етіп сары, қызыл түстен жапсырамыз.

 

3-топ, жапсырушылар салфетканы жұлмалап үзу арқылы ағашқа желім пайдалана отырып қызыл, сары жапырақ жапсырамыз.

 

Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

 

Сергіту сәті, Күз ханшайымы сізде балалармен қосылып сергіп алыңыз.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

Жарайсыңдар балалар!

Балалар жұмыстарын қадағалау.

 

Күз ханшайымы:

Балалар сендер жұмыстарыңды толық, ұқыпты аяқтадыңдар. Мені басқада балалар күтіп отыр, өкінішке орай мен сендермен қоштасамын.

Сау болыңдар балалар!

Бүгінгі оқу қызметте не істедіңдер.

Балалардың суреттері тақтаға ілініп жақсы жасағандары мадақталады. Мадақтау символы «Алтын жапырақ» естелікке беріледі.

 

Оқу қызметі Қ. Шаңғытбаевтың «Күзгі жапырақтар» өлеңін жаттаумен аяқталады.

Алтын сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

 

Қортынды.

Келген  қонақтар мен  қоштасу.

 

 

 

 

 

 

 Балалар шаттық шеңберін  орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күз  мезгілі

 

Қызыл, сары

 

 

 

 

 

 

Балалар көздерін  жұмып  елестетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар көздерін  ашып, ерекшеліктерін  айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәлеметсіз бе?

 

 

 

 

 

 

Қызыл, сары  жапырақтар  тақырыбында

 

 

 

 

Ойын  ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар  мұқият  тапсырманы  орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қимыл-қозғалыспен  орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сау  болыңыз  Күз  ханшайымы, жұмыстарын  көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сау болыңыздар апайлар!

 

Жаңғыртады:  Күз мезгілінің ерекшеліктерімен танысады.

Түсінеді: Дидактикалық ойындар ойнап, өлеңді түсіне жаттайды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *