Құстар біздің досмыз

Құстар біздің досмыз

Утебекова Бақыт

Білім беру саласы: «Таным»

 

Білім бөлімі: Құрастыру

 

Тақырыбы: Құстар біздің досымыз.

 

Мақсаты:  Табиғатты сүюге баулу, табиғатқа қамқор болуға үйрету. Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың пайдасына тоқталу, өлеңдердің мағынасын түсіну, мәнерлеп оқу, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Табиғатқа деген мейірімін ояту, адамгершілікке баулу.

Көрнекілігі: Ағаштардың , құстардың суреттері.

Пән-аралық байланыс: Тіл дамыту, көркем әдебиет, айналамен таныстыру.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,көрсету,әңгімелесу,сұрақ-жауап,ойын, мадақтау, қорытындылау.

 

Әрекет кезеңдер

 

Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
 

Ұйымдастырушы

оятушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Танымдық

оятушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушы ізденістік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жетекші жөндеуші

 

Психологиялық дайындық

-Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің іс-әрекетімізге қатысу үшін қонақтар келіп отыр. Олай болса балалар, шуағын төккен «күнмен», «мейірімді аспан атамен» және бізге келген қонақтармен амандасайық:
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын салайық,
Таза ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу сыйлайық.
Жиналған жылы шуақты,
Қонақтарға шашайық!

Жарайсыңдар, балалар!

Бүгін біздің өтетін жаңа оқу іс-әрекетіміз «таным» саласы бойынша «құрастыру».Тақырыбымыз: «Құстар біздің досымыз» — деп аталады. Ең алдымен өткен оқу іс-әрекетімізді пысықтап алайық. Өткен іс- әрекетімізде біз жабайы жануарлар мен үй жануарларының ерекшеліктеріне, соның ішінде кішкентай жануар -кірпіге тоқталып өткенбіз.

-Балалар, кірпі- үй жануарына жатады ма, әлде жабайы жануарға жатады ма?

-Неліктен біз кірпіні жабайы жануар түріне жатқызамыз?

-Кірпі немен қоректенеді?

 

-Кірпі қорыққанда не істейді?

-Кірпі туралы кім тақпақ біледі?

 

 

-Жарайсыңдар, балалар!

Енді біз жаңа оқу іс-әрекетімізді бастайық.

-Балалар, табиғат дегеніміз не?

 

Табиғаттың бір бөлігі құстарға тоқталамыз.

Құстар – бау-бақшаның сәні, әрі біздің досымыз.

-Балалар қандай құстарды білесіңдер?

 

Құстардың пайдасы көп.

Олар ағаштағы, жердегі құрттарды жейді.

-Құстар ән айтып,көңілімізді көтереді.Кейбіреулері тамақ қалдықтарын  жеп,айналаны тазартады.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Көктемде құстар қайта ұшып келеді. Ал, күзде жылы жаққа ұшып кетеді. Қыста кейбір құстар қыстап қалады.

-Балалар мен сендерге мынадай бір өлең шумағын оқып бергім келіп тұр.

Құстар,құстар келді.

Жерді жырға бөлейді.

-Көктем келді,-деп бізге,

Жақсы хабар береді.

Бұл өлеңде не туралы айтылған?

-Қараңдаршы балалар, қандай әсем табиғат.

-Біз мұнда нені көріп тұрмыз?

-Ағаштардың қандай пайдасы бар?

 

 

-Табиғаттағы тіршілік иелері бір-бірімен байланыста болады.

-Ағаштардың досы кімдер?

-Дос болуымыз үшін біз не істеуіміз керек?

-Ағаштардың тағы қандай досы бар?

-Құстар ағаштарды қалай қорғайды?

 

Таңқалдыру сәті:

Есік тоқылдап, ішке Дымбілмес кіреді.Қолында рогатка.

-Балалар осында шымшық ұшып кетіп еді, көрмедіңдер ме?

Тәрбиеші:

-Балалар шымшықты атуға болады ма?

Құстар туралы тақпағымызды Дымбілмеске айтып берейікші.

Жақсылық:

Ой балалар,балалар,

Құстарда да ана бар.

Құстарда да бала бар,

Құс ұясын бұзбайық,

Обалына қалмайық.

 

Дымбілмес,тобымызға кел қонақ бол.

Келіңдер балалар, Дымбілмеспен бірге «Ғажайып құстар» деген ойын ойнайық.

-Мынау не?

-Бау-бақша,ағаштар.

-Балалар, ағаштарға қонған ғажайып құстарды қараңдар, олар қандай құстар?

Осы құстар жайлы тақпақ білесіңдер ме?

-Мынау қандай құс?

-Түсі қандай?

 

 

 

 

 

 

-Мынау қандай құс?

-Түсі қандай?

 

 

 

 

 

 

-Мынау қандай құс?

-Түсі қандай?

 

 

 

 

 

 

 

-Мынау қандай құс?

-Түсі қандай?

 

-Жарайсыңдар балалар,ендеше құстар туралы бой сергіту жаттығуын жасайық.

Шиқ,шиқ еткен торғайды,

Қорғамасақ болмайды.

Кіп-кішкентай торғайлар,

Ағаштарды қорғайды.

Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді,

Бақшамызға қонбайды.

 

-Балалар,құстардың қандай ғажайып қасиеті бар екен?

 

Қандай тыйым сөздерді білесіңдер?

 

 

-Құстар туралы тіл ұстарту жаттығуын білеміз бе?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Құстар туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

 

 

 

 

 

 

 

-Жарайсыңдар, балалар!

Біз енді тақырыбымыз бойынша Дымбілмеске арнап құстарды құрастырайық. Ал, қанекей іске сәт!

 

 

«Дұрыс орналастыр» ойыны.

Ойынның мақсаты: Жыл құстары мен  қыстап қалатын құстардың түрлерін ажырата білу.

-Өте жақсы балалар,сендер құстарды ажырата алдыңдар ,рахмет сендерге!

Дымбілмес:

Балалар мені кешіріңдер, мен енді құстарды атпаймын.

-Кешіреміз бе, балалар?

 

Дымбілмес балаларға рахметін айтып, қоштасады.

-Сонымен қандай құстармен таныстық?

 

-Құстарға қандай қамқорлық жасауымыз керек?

Бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңыздар,балалар, мен сендерге ризамын.

Сау болыңыздар.

 

 

Балалар орындарынан тұрып, қонақтармен сәлемдеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар, орындарына отырады, тәрбиешіні тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Кірпі жабайы жануар түріне жатады.

 

-Кірпі орманда, далада мекендейді.

 

 

-Кірпі талғаусыз қоректенетін жануар, ол жәндіктерді аулап, жеміс-жидектерді жақсы көреді.

 

-Кірпі қорыққанда домаланып қалады.

Жанару:

Тұмсығында түймесі,

Деп тұрғандай тимеші.

Азулыдан сақтайтын,

Кірпінің көп инесі.

 

 

 

 

 

 

Қоршаған орта: су, тау, жер өсімдік, жануар, құстар.

 

 

 

 

Тоқылдақ, қарлығаш,қарға, аққу, көгершін,торғай т.б.

 

 

 

 

 

 

 

-Қазір жылдың көктем мезгілі..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Құстар туралы.

 

 

-Ағаштарды.

-Ауаны тазартады,көлеңке болады,жиһаздар жасайды, үй соғады.

 

 

-Адамдар.

-Ағаштарды жұлмауымыз,

сындырмауымыз керек.

-Құстар.

Олар ағаштарды құрттан тазартады.

 

 

 

 

-Жоқ.

 

-Жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарға.

-Қара.

Жансезім:

Қарға ,қарға,қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Боранды күні жел соқса,

Бұтаға келіп қорғалар.

 

-Сауысқан.

-Ала.

Нұрайлым:

Сауысқан,сауысқан,

Жауыр атқа жабысқан.

Ойда жауыр көрінсе,

Ойбайлатқан сауысқан.

 

Торғай

-Қоңыр түсті.

Һаким:

Торғай,торғай, тоқылдақ.

Жерден тары шоқып ап.

Бөтегесі бұлтиып,

Момақансып отырмақ.

 

-Қарлығаш.

-Түсі ала,құйрығы айыр болады.

 

 

 

Қолдарын екі жағына жайып,

Секіреді.

Отырады.

Қолдарымен  өздерін бүркейді.

Қолдарын алдына созып,

Сұқ саусағын қозғайды.

Жылаған сыңай танытады.

 

 

-Құстар көктемде ұшып келіп ұя салады,жұмыртқалайды,балапан ашады.

«Құстың ұясын бұзба», «Аққуды атпа», «Құстың жұмыртқасын жарма» т.б.

 

Пан-пан –пан,

Сап-сары балапан.

Ұс-ұс-ұс,

Ұшты үлкен құс.

Ғаш-ғаш-ғаш,

Ұя салды қарлығаш.

Рек-рек-рек,

Ұшты көлден үйрек.

Кіт-кіт-кіт,

Самғайды бүркіт.

 

«Құс төмен ұшса жаңбыр жауады, жоғары ұшса күн жылы болады».
« Сауысқан шиқылдаса,жақсы хабар естиміз».
«Құстар-достар.Қыста құсқа жақсылық жасасаң,жазда
жақсылығыңды өтеп береді».

 

 

 

 

-Балалар Дымбілмеске арнап,құстарды құрастырады.

 

 

 

 

-Балалар ойынды қуана ойнайды.

 

 

 

 

 

-Иә, кешіреміз.

 

 

 

-Балалар таныс болған құстардың атын атап шығады.

-Ұя бұзып, жұмыртқаны жаруға болмайды.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Құстарға қамқор бола білу,олардың тіршілігі,пайдасы туралы біледі.

Қалыптасқан түсінік: Балалар арасындағы,қоршаған ортамен қарым-қатынас, сыйластықты қалыптастыру.

Орындаушылық қабілеті: Тілдерін дамыту,сөздік қорын молайту,   әсемдікке,әдептілікке баулу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *