Ғажайып ертегі кейіпкерлері

Шымкент қаласы

№29 «Ай-Керім» бөбекжай-бақшасы

Тәрбиеші: Тажиева Гульшехра Оралхановна

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Тобы:  І кіші топ

Білім аумағы:   «Коммуникация», «Шығармашылық», «Таным» «Денсаулық»

Білім бөлімі:  Сенсорика, Сөйлеуді  дамыту, Мүсіндеу

Өтілетін күні: 24.05.2018ж

Тақырыбы:  Ғажайып ертегі кейіпкерлері

Мақсаты:  Ертегі  кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;  Ойлау , қайта жаңғырып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету. Ертегілер   арқылы балаларды адамгершілікке,  мейірімділікке және адалдыққа,  еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сенсорлық қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер:  Ертегі кейіпкерлерінің киімдері, ағаштар, көбелектер, гүлдер, доптар, слайд.

Алдын-ала жұмыстар: Елестету,  сахналау, көрсету, ойын, сұрақ- жауап, сергіту сәті, бағалау, қорыту.

Блингвалдық компоненттері:  Бауырсақ-Колобок

Қызмет кезеңдері Тәрбиеші қызметі Балалар қызметі

 

 

Ұйымдастырушы  қозғаушы қызмет түрі

 

 

 

 

Тілек шеңбері:

Біз балдырған баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Көп қызықты білімді,

Ертегіден аламыз.

Балалар бір- бірімізге жақсы тілектер айтайық.

Аспанымыз ашық болсын!

Достарымыз  көп болсын!

Балалар ауырмасын!

Аналарымыз қасымызда болсын!

Балабақшамыз гүлдене берсін!

-Міне, балалар сендер тату-тәтті дос екендеріңді білдіріп, бір-біріңе жақсы тілектер айттыңдар.

-Тілектерің қабыл болсын!

 

 

Балалар мәтін сөзін айтып іс-қимыл жасайды.

 

 

 

Балалар қайталап айтады.

 

 

 

Ұйымдастыру-ізденушілік

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар, қане бәріміз көзімізді жұмып, ертегілер еліне ойша саяхат жасаймыз.  Айналамызда жап- жасыл ағаштар, жайқалған әдемі гүлдер. Құстардың сайраған үні естіледі. Әдемі көбелектер ұшып жүр. Мөп-мөлдір,тап-таза бұлақ ағып жатыр. Мұнда ғажап ертегі кейіпкерлері бір-бірімен дос болып,  тату-тәтті өмір сүруде.

-Енді балалар көздеріңді аша қойыңдар.

-Ертегілер еліне саяхат ұнадыма?

(музыка әуені естіледі).

-Балалар мен қазір сендерге жұмбақ жасырамын, егерде сендер шешмін дұрыс тапсаңдар ол бізге қонаққа келеді.

Апасынан қашып кетті

Атасынан қашып кетті

Кездестіріп бір аңды

Біраз жолдан  асып етті

Бұл кай кейіпкер?

(осы кезде әуен сазымен бауырсақ  кіреді.)

Бауырсақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Мені таныдыңдар ма?

-Міне қызық балалар. Біз жаңа ғана ертегілер елі туралы айтқан едік. Ал сонымен мына әдемі Бауырсақ  қай ертегі кейіпкері екен?

-Бауырсақ  бізді  Ата-әжесінің  ормандағы үйіне қонаққа шақырып келіпті.

– Орманға саяхатқа барамыз ба?

-Балалар бізге  жолда түрлі кедергілер кездесуі мүмкін біз егерде сол кедергілерден өте алсақ . Бауырсақтың  ата-әжесінің үйіне жететін боламыз.

-Олай болса жолымыз қысқарсын. 

Біз кішкентай баламыз

Саяхатқа барамыз

Шарлап бүкіл әлемді.

Бәрін біліп аламыз

Ля –  ля-    ля-   ля

Т: Балалар, біз орманға да жетіп қалыппыз.

Қараңдаршы балалар, орманда құстар сайрап, гүлдер жайнап, көбелектер ұшып жүр, өте керемет. Осы кезде орман ішінен қоян  шығып  келеді.

Қоян: Сәлеметсіңдерме балалар!

Балалар қайда бара жатырсыңдар?

Бауырсақ , бауырсақ мен сені жеймін!

Бауырсақ : Қоян мені жемеші мен саған баларман бірге сергіту сәтін орындап берейін..

Қоян : Жарайды көрейік»

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып  сыбдырды.

Ойлы –қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып секірді.

Қарап еді артына ,

Қиығын салып көзінің.

Келе  жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Қоян Ой, жарайсыңдар балалар!

Т: Қане балалар саяхатымызды жалғастырайық.

 -Олай болса жолымыз қысқарсын. 

Шалық сумен жүреміз шолп-шолп-шолп,

Тастарменен жүреміз тарс-тарс-тарс.

Жасыл шөппен жүреміз сырт-сырт-сырт,

Жолдарменен жүреміз топ-топ-топ.

(Шөп үстінде құлпынай жеп- жатқан аюға кезігеді.)

Аю: Бауырсақ ,бауырсақ мен сені жеймін

Бауырсақ: жемеші мені, мен саған қандай өлең айтып берейін!

Аю: Бауырсақ сен маған өлең айтпай ак-қой мен сендерге ойын ала келдім, менімен ойын ойнайсыңдарма?

Ойын : «Бөлшек суреттерді құрастыр»

Қасқыр: Әй, бауырсақ  қайда барасындар?

Т: Қасқыржан біз  атай мен әжейдің үйіне қонаққа бара жатырмыз?

Қасқыр: Бауырсақ мен сені жеп қоямын.

Бауырсақ:  Қасқыржан мені жемеші мен саған балалармен бірлесіп   түрлі-түсті доптар жинап береміз.

Қ/о «Допты жина»

(Музыка әуенімен  түлкі кіріп келеді.)

Түлкі: Ой мұнда не болып жаттыр балалар мұнда неге  жүр . Мұнда бауырсақта бар екенғой?

Бауырсақ,бауырсақ мен сені  жеймін.

Бауырсақ : Түлкіжан мені жемеші, жемеші балалармен бірлесіп саған көп бауырсақ жасап береміз.

Түлкі: бауырсақ ,распа ! Маған көптеген бауырсақ  жасап бересіңдерме?

Т: Әрине  түлкіжан біз саған бауырсақ жасап береміз.

-Олай болса балалар бәріміз бірлесіп шығармашылық алаңға барайық.

-Міне  балалар мұнда барлығымызға қамыр бөліктері берілген осы  қамырларды алақан  арасына салып домалақтап , тақтайша  үстіне қойып , үстінен алақанмен басамыз.

-Балалар сендер жұмысты  бастамас  бұрын қауіпсіздік шараларын  есімізге түсірейік..Қамырды аузымызға салуға болмайды,  қолымызды үстімізге сүртпейміз, ол үшін арнайы қол сүрткішпен сүртеміз.

-Жарайсыңдар балалар!

-Міне  енді біздің бауырсагымыз көбейді. Атай мен әжей қуанып қалатын болды.

Енді балалар біз бұл бауырсақтарды атай мен әжейге апарып берейік.

Ата-әже: Рахмет балалар өркендерің  өсін.

 

Балалар көздерін жұмып ойша саяхат жасайды.

 

 

 

-әрине

-балалар келіседі.

 

 

Бауырсақ

 

 

-балалар жауаптарының дұрыс екенін көріп қуанады.

 

-Сәлеметсіз бе!

-Әрине.

 

-Бауырсақ!

 

 

 

-Балалар келіседі.

 

 

 

 

 

Балалар бірлесе айтады.

 

 

 

 

 

 

Сәлеметсізбе!

Ата мен әжейдің үйіне қонаққа бара жаттырмыз.

 

 

 

 

 

Балалар сергіту сәтін орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар бірлесе айтады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

 

 

 

 

 

 

Балалар шығармашылық алаңға барады.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар бауырсақты мүсіндейді.

 

 

 

Балалар атаймен әжейге барады.

 

Жетекші жөндеуші

 

 

 

 

 

 

 

Ал, балалар, бүгінгі  саяхатымыз сендерге ұнадыма?

-Біз орманда нелерді кездестірдік?

-Олармен біз не істедік?

Кәне балалар тақпақ айтып қонақтар мен қоштасайық.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау –саламат болайық.

Әрине

Аңдарды

Ойын ойнадық.

 

Балалар бірлесе айтады.

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі қажет:   Балалар   ертегі мазмұнын, кейіпкерлердің іс-әрекетін мағынасын түсіне біледі.

Қалыптасқан түсініктер:  балалардың ойы, есте  сақтау қабілеті, тіл  байлығы, тіл белсенділігін, меңгереді түсінеді.

 Орындаушылық қабілеті:  Балалар  шаттық шеңберін орындап, ертегі кейіпкерлерімен бірлесе ойынды  ойнап, қойілған сұрақтарға жауап беріп, шығармашылық жұмысқа да, қызыға орындап аяқтайды.

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *