АДАМГЕРШІЛІК – РУХАНИ ТӘРБИЕ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

АДАМГЕРШІЛІК – РУХАНИ ТӘРБИЕ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi.
Еліміздің білім беру жүйесіндегі реформа жас ұрпақтың әрқайсысының жеке тұлға ретінде қалыптасуында маңызды мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастыруды көздейді. Әр жас өркеннің азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ететін қоғамдағы негізгі де, жауапты сала, ол – білім беру жүйесі. Осы заман талабына сай білім беру жүйесі жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тұрғыдан кемелденуіне өзінің басым бағдарын аудара бастады. Дер кезінде адамгершілік құндылықтары қалыптаспаса, бұл қасиеттер адам дамуына тек кедергі болып қана қоймай, сонымен қатар жасөспірімдік шақта бала дамуында әлеуметке қарсы мінез-құлықтың болуына әсерін тигізеді.
– баланы рухани-адамгершілік тәрбиенің мазмұнын құрайтын қайырымдылық, сұлулық, достық, бақыт, сүйіспеншілік сияқты құндылықтарға баулу;
— Балаға өзінің қайталанбайтын жеке ерекшелігін, өзіндік орны бар адам екендігін сезіндіру
— Баланың бойындағы жақсы әдеттерін сақтап, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға үйрету;
— Күнделікті бірлесе атқаратын іс-әрекеттер барысында балалардың бойында өзінің құрбыларымен адамгершілік қарым-қатынас жасау, олармен санасу және жанашырлық сезімдерін дамыту;
— Жер бетінде өмір сүріп жатқан барлық жанды-жансыз дүниенің өмірлік құндылығын түсіну және сезіну;
– дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.
Сондай-ақ әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті .Көрнекті педагог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады» деген.сөзі осыған дәлел бола алады. Біз, яғни мұғалімдер бала тәрбиесіне оң ықпал жасай отырып, оның табиғатын оятамыз. Баламен жүргізілетін әрбір істі қарапайым, әрі шешімі бар іс деп қарауымыз керек. Әрбір педагог оқушының балалық шағының қызықты болуын ескергені жөн. Бұл бала бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың бірден-бір жолы. Ш. А. Амонашвилидің « Мұғалім өз сабағын сүймесе, оған өзі сүйсіне білмесе, ол шәкірт бойына да сүйіспеншілікті дамыта алмайды..» деген пікірінен жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқытуда ұстазға қойылатын талаптың маңыздылығын байқауға болады.Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат — міндеттердің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, иманды, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу де қоғам алдындағы борышымыз деп санаймын.
Осы міндеттерді ұрпақ тәрбиелеуде басшылыққа ала отырып,Қаныш Сәтбаевтың «Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз сөз жоқ, жеңіске жетесіздер» деген сөзін педагогикалық ұстанымым ретінде қолданамын. Осындай данышпан,ғалым, даналарымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған нақыл сөздері тек қана балаларды ғана емес, бізді де рухани-адамгершілікке жетелейді. «Еліміздің күші- патшада, сәбидің күші- жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.