«Қартың болса, жазып қойған хатпен тең»

 

Абай атындағы РММИ

         Тәрбиешілер бірлестігінің жетекшісі:

Жексенова Самал Еркінқызы.

         Жоғарғы санаттағы тәрбиеші

 

                            «Қартың болса, жазып қойған хатпен тең»

         Біз бұрын кандай ел едік? Ата жолынан аспаған, байырғы жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған, қартын қастерлеген қазақ едік. Ал бүгін ше?

                                      Өзендегі өлшеусіз жай ағыстар,

                                      Қарияға қарасаң аяныш бар.

                                      Қарттар үйінде қарттарым қазір көбейді.

                                     Бұл қоғамда оларды кімдер елейді?….

         Иә, көкірегімізді қайғыдан қарс айырар, қан жылатпай  тынбайтын улы қайғы, заман шындығы. «Қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деп, жасы кішілер қарияларға құрмет көрсеткен. «Төріңнен қарт кетпесін» деп, той-томалақты батасыз бастамаған, қариялардан бата алуға тырысқан.Ал, қартайған шағында ұл — қызының қызығын, немересін сүюдің орнына қарттар үйінде қапаланып жүр. Дүниеге шыр етіп келгеннен, аялап өсірген перзенттер перзенттік парызын өтемей, қарттар үйіне әкеледі. Мұны қалай түсіндіруге болады? Қатігездік пе, әлде азғындық па?Ата — анасын болу керек бауырларымызда әке — шешесін асырап бағу тек арман ғана. Ал, перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?!Дінімізде Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір хадисінде «Ата-ананың қартайған шағында олардың екеуін яки бар біреуін разы етіп, күтпеген перзент қор болсын, қор болсын, тағы да қор болсын!» деген. «Дүние алма-кезек, саған да кезек келер» деген аталы сөз жадымызда болғай. Қара шаңырағымызда қадірлі қартымыз отырса, өлшеусіз бақыт қой.Ақылын айтып, көрген — білгенімен бөліссе, немересімен ойнаса, ертегі оқып берсе қандай керемет! Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол –үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ,          ол –ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.Әрбір жүрегінде мейірімі бар, қазақ десе қанын төгуге дайын тұрар, бауырларым:

                                      Кең құшағы саялы Қаратаудай,

                                      Алақаны аялы Алатаудай.

                                      Әңгімесін тыңдасаң қарттарымның,

                                      Көңілің жай тауып бір қалатындай.

                                      Ақсақалдар сарқылмас дариялар,

                                      Әр сөзінен көңілге бақ ұялар, -деп Алатаудай қарттарды қадірлейік!!!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.