ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ – СТУДЕНТТЕРДІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ БАСТЫ ТҰЛҒА

ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ – СТУДЕНТТЕРДІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ БАСТЫ ТҰЛҒА Өндірістік оқыту шебері – студенттерді оқыту және тәрбиелеудегі басты тұлға. Оқу сабақтарында шебер студенттерге жаңа технологияларды меңгертуде, өндірістік білік пен еңбек мәдениетін қалыптастырады. Жастарды оқытатын шебердің үлгілі жұмысы, өзінің білімін және тәжірибесін үйретуі, ұнамды қасиеттерді қалыптастыруы оларға үлкен әсерін тигізеді. Педагогтың жас маман жұмысшыларды тәрбиелеудегі еңбегі адамдардың іс-қимылындағы негізгі жауапкершілік болып табылады. Сондықтанда өндірістік оқыту шеберіне көптеген талаптар қойылады: Идеялық-саяси дайындығы. Қазіргі заман талабына сай маманды қалыптастыру, шебердің студенттерді тәрбиелеудегі рөлі мен жауапкершілігі жоғары болады. Оның барлық жұмысы жастарды өз Отанын сүюге, достықты сезінуге, жолдастыққа, ұжымдыққа, тазалыққа, қарапайымдылыққа тәрбиелеуге, мақсатына берілуге, еңбекке саналы қатысуға бағытталады. Барлық іс-қимыл кезеңінде шебер бірбеткей, таза өз ісіне берілуі тиіс. Ол ғылыми және кәсіби білімін үздіксіз толықтырып отырады. Ол үшін өз бетімен оқып-үйренуі қажет. Өз ісін терең білуі және мамандыққа сүйіспеншілігі. Шебер өз пәнін толық білмесе, өз ісіне сүйіспеншілігі болмаса, студенттер арасында беделге және сыйластыққа ие бола алмайды. Шебер әртүрлі тиімді оқыту әдістерін меңгеріп пайдалануы, өз пәні жөнінде шеберлігін көрсете білуі керек. Өндірістік оқыту шебері студенттердің үлгерімін және сабақтарға қатысуын үнемі бақылап отыруы , студенттердің жалпы дамуын, тәртіп ережелерінің орындалуын, студенттерді қоғамдық оқиғаларға бей-жай қарамауын, міндеті мен жауапкершілігін сезінуін, тазалыққа, қарапайымдылыққа еркіндікке тәрбиелеу , студенттердің материалдық – тұрмыстық жағдайын біліп отыруы қажет. Шебер осы байқауларды есепке алады, студент істерінің жақсы және кемшелік жақтарын белгілейді, кемшіліктерінің себебін анықтап, әрбір студенттің оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын жақсарту шараларын жүргізеді. Әрбір студентке педагогикалық мінездеме жүргізу шеберге оқу-тәрбие процесін саралап отыруға мүмкіндік береді және жақсы жақтарын дамытуға жағдай жасайды. Шебердің жалпы мәдениеті. Шебер студенттерді тек белгілі мамандыққа оқытып қана қоймайды, оларды жан-жақты болуға тәрбиелейді. Студенттерге шебердің жалпы мәдениетінің деңгейі, жеке тәртіп үлгісі үлкен әсерін тигізеді. Шебердің мәдениеті, білімі, адамгершілігі жоғары болғанда ғана, оның педагогикалық мақсаты тыңғылықты орындалады. Сонымен бірге шебер өз мамандығын басқа студенттер ынта білдіретін ғылым салаларын да білуі керек . Педагогтің мәдени элементтерінің бірқатарына тоқталайық: сырқы көрінісі сөйлеу мәдениеті, педагогикалық тактісі. Педагогтің эстетикалық тәрбиелі болу керектігін А.С.Макаренко жазған болатын. Шебер адамгершілігімен және ұқыптылығымен студентке үлгі болады. Жақсы шебер өзінің кәсіби жұмысына қалай қараса, өзінің сыртқы көрінісіне де солай қарауы тиіс. Педагогикалық такті – оқу жағдайында әртүрлі мәселелерді шешуге студенттерге педагогтік әсер етудің маңызды шарты. Шебердің педагогикалық тактісі ұстаздық шеберлігінің бір белгісі болып табылады. Педагогикалық такті, біріншіден студенттерге сыйластық білдіру және оларға талап қою, екіншіден, студентке көңіл бөлу, үшіншіден, студенттерге сенім арту және олардың әс-қимылын үздіксіз бақылап отыру. Студенттердің үлгірімі мен тәртібінің қорытындысын шығарып, шешім алуда асығыстықпен бағалау педагогикалық тактімен сәйкеспейді. Әрбір студентке ұқыптылықпен келудегі педагогикалық тактіні студенттер өте бағалайды. Педагогтің тарапынан ұйымшылдық және шыдамдылық таныту студенттерге қоятын талапты төмен түсірмейді. Керісінше, тәрбиеленушілердің жіберген қателіктерімен күресуге ұстамды және шешімді болуы керек. Сонда ғана тәрбие жұмыстарының нәтижесі оң болады

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *