«Көңілді қыс»

Таргинбаева Галина
«Жауқазын» балабақшасының
ІІ- санатты тәрбиешісі
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жетібай ауылы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Көңілді қыс»
Мақсаты: Балаларға қыс мезгілінде болатын құбылыстар туралы түсіндіру, ерекшеліктері арқылы табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету.
Көрнекіліктер: Қыс мезгілінің суреттері, шырша, аққала, шана.
Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап, қорытынды.
Билингвальды компонент: Қыс-зима,қар-снег, аққала-снеговик, аяз-мороз, шырша-ёлка,шана-сани
Шаттық шеңбері:
Қол алысып кәне біз,
Достасайық бәріміз.
Армысың Алтын күнім!
Армысың балабақшам!
Армысың достарым!
Сендерді көріп қуандым,
-Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
-Қол алысады.
-Бәрі құшақтасады.
-Екі қолын жоғары көтереді.
-Жан-жағына қарайды.
-Достарына қарайды.
-Қолдарын шапалақтайды
-Балалар бүгінгі ашық оқу қызметіміз ерекше болмақ, өйткені, біздерге көптеген қонақтар келіп отыр Үлкенге де, кішіге де,
Бәріңізге амандасып,
Басымызды иеміз біз.
Келген қонақтармен амандасу
-Бастарын иіп қонақтармен амандасады.
Өткен тақырыпты қайталау
«Менің ауылым»
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Үш ай бар
-Қанеки, балалар атап айтайықшы.
-Желтоқсан,қаңтар,ақпан
-Қыс мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?
-Аяз, боран болады,су қатады.
-Балалалар, қыста не жауады?
-Қар
-Қардың түсі қандай болады?
-Ақ
-Балалар қарды қолымызға ұстап көрдік па?
-Қарды қолымызға ұстап көрдік
-Қар жұмсақ бола ма, қатты бола ма?
-Жұмсақ
-Балалар, қыста қандай ойындар ойнайсыңдар ?
-Шанамен сырғанап, қар лақтырып, аққала жасап
-Балалар қыс айында қандай мереке тойлаймыз?
-Жаңа жыл мерекесін
-Балалар,қардан не жасауға болады?
-Аққала
-Аққала қандай пішіндерден тұрады?
-Аққала шеңбер пішінінен тұрады.
-Қане,аққаланың бөлшектерін санайықшы?
-Балалар аққаланың бөлшектерін санайды.
-Жарайсыңдар, балалар
Ашық оқу қызметімізді жұмбақ шешуден бастаймыз.
Балалар жұмбақты мұқият тыңдаймыз
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
-Қыс мезгілі
-Ал, балалар екінші жұмбағымызды тыңдаймыз.
«Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады».
-Қар
-Жарайсыңдар, балалар!
Сергіту сәті:
Тоңса біздің қолымыз,
Қолғап киіп аламыз.
Сарт-сарт-сарт
Шапалақ согамыз.
Тоңса біздің аяғымыз,
Етік киіп аламыз.
Топ-топ-топ
Топылдатып билейміз.
Тоңса біздің денеміз,
Тонды киіп аламыз
Зу-зу-зу
Шанамен зулаймыз
-Балалар сергіту сәтін орындайды
Ғажайып сәт: Осы кезде Аққала келеді.
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе Аққала ?!
Аққала: Сәлемет пе балалар! Балалар мен өтіп бара жатыр едім, жолдан сендерге соға кетейін дедім. Мына сандықшаны сендерге ала келдім. Ішінде сендерге арналған сыйлықтарым және тапсырмаларым бар. Сендер ішіндегі тапсырмаларды орындасаңдар мен сендерге сыйлықтарымды беремін.
-Балалар амандасады
Тәрбиеші: Балалар, бізге Аққала құр келмепті, тапсырмалар ала келіпті. Олай болса, тапсырманы орындаймыз ба?
Балалар: Ия
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар
Тапсырмалар:
1.Қысқы ойындарды ата.
2.Қыс мезгілі туралы тақпақтар айту.
3.Логикалық сұрақтар. Не артық
-Балалар берілген тапсырмаларды орындайды
Тәрбиеші: -Аққала көрдіңбе, біздің балалар сіз әкелген тапсырмалардың барлығын орындады.
Аққала: Жарайсыңдар балалар, сендер білімді балалар екенсіңдер.
Тәрбиеші: Аққала, қане біздің білімді балалармен ойын ойнағың келе ме?
Ойынның шарты: Алдарыңызда геометриялық пішіндер тұр, сол пішіндерді құрастыру арқылы, қыс мезгіліне байланысты бейнелеуіміз керек.
-Балалар пішіндерді құрастырады.
Аққала: Жарайсыңдар, балалар, менің тапсырмаларымды орындадыңдар! Рахмет! Балалар, сендер өте ақылды, білімді, тапқыр екенсіңдер! Топтарың ыстық екен, мен жылы жерде көп тұра
алмаймын, еріп бара жатырған сияқтымын. Еріп кетпей тұрғанымда, қайтайын. Өзіммен бірге алып келген сандықшамдағы сыйлықтарымды берейін. Жақсы балалар мен сендермен қоштасамын, келесі
жылы кездескенше сау болыңдар!
Тәрбиеші: Балалар Аққаламен қоштасайық!
(аққала шығып кетеді)
— Балалар бүгінігі оқу қызметі ұнады ма?
— Балалар, бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік?
— Бізге бүгін қонаққа не келді?
— Барлығымызға ұнады ма?
— Балалар берілген сұраққа жауап береді
— Мадақтау,мақтау
— Жарайсыңдар, балалар, енді келген қонақтарымызбен қоштасайық.
Балдай тәтті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойынменен өседі,
Ойымыз бен санамыз.
Қол ұстасақ бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз!
-Келген қонақтармен қоштасады

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қыс-жылдың суық мезгілі.
Игереді: Қыста ауырмас үшін: шынығу, спортпен шұғылдану және дәрумендерге бай тамақ ішу қажет.
Меңгереді: Жаңа жыл мерекесі өте көңілді және қызық.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *