«Бірлік – бақыттың бастауы»

Тәрбиеші: Балалар! Бүгінгі күн ерекше, өйткені  бүгін 1 мамыр — Ынтымақ, Бейбітшілік, Бірлік күні. Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. «Бірлік бар жерде- тірлік бар» дейді дана халқымыз. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін. Олай болса мерекемізді ән ұранымызбен бастайық.

Әнұран.

Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

 Қазақстан.

— Балалар біздің ұлттымыз қандай?

— Қазақ.

— Біздің елбасымыз кім?

— Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаев.

— Ал, біздің президентіміз кім?

— Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

— Біздің елімізді қандай өзге ұлттар бар?

— Орыс, татар, өзбек, кәріс, қырғыз,үнді және де т.б.

— Дұрыс айтасыңдар. Біздің ел – көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда басқада ұлттар тұрады: өзбек, орыс, қырғыз, татар және тағы басқа да ұлт өкілдері тұрады. Олар бір — бірімен тату, дос бауырлардай өмір сүріп жатыр. Қазақстанды олар өз жерім, өз елім деп мақтан тұтады. Ынтымақта, бірлікте өмір сүріп жатыр. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған. Елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері өздерінің салт — дәстүрлерін, ән — жырларын көрсетеді. Президентіміз, елімізді бірлікке, ынтымаққа, бейбітшілікке, татулыққа өмір сүруге шақырады. Сондықтан біз елімізді «Ынтымағы жарасқан ел»деп айтсақ артық айтқандық емес. Қазақстан халқының өзінің қазақ тілі, ұлттық киіміміз, салт – дәстүріміз бар. Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркейіп, әр шаңырақ шаттық пен қуанышқа толы.

Тәрбиеші:   Биші десе билейді

Аяқтары бір жерге тимейді.

Ортада шаттық көңілмен,

Қазақ қыздары  би билейді .

 «Қамажай» биі

— Жарайсыңдар, балалар.

Тәрбиеші:  Ендеше балалар осы мерекеге арналған өлең жолдарын айтайық.

 

Сұлтан:    Мамырдың бірі, достық күні

Ән салып, билеген халықтың үні.

Тұтасып, тойлаған ұлттар,

Керемет мереке, мамырдың бірі.

 

Мансұр:        Бейбітшілік ұраны,

Жарқыраған алтын күн.

Ән қанатты қыраны

Еркіндігі халқымның.

 

Нұрасыл:    Бұзылмасын сәніміз,

Барлық ұлттар бірлесіп.

Қазақстан жерінде,

Жасасын той мереке.

 

Нұргелді:   Достықты үлгі санаған,

Бір үйде біз тұрамыз.

Қалған ата-бабадан,

Бірлік асыл мұрамыз.

 

Әділ:            Достық туымыз,

Достық әніміз.

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

 

Мейірімжан:   Празник дружбы и весны.

Кто живет на свете,

Мира желая,

Вместе с нами встретит.

 

— Балалар сендер достық, ынтымақ туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?

Нұрислам:  Ынтымақ болмай іс оңбас,

Бірлік, ынтымақ – байлық, бақ.

 

Алихан: Ынтымақ түбі – игілік,

Тірлік түбі – бірлік.

 

Нұрдәулет: Бірлік болмай — тірлік болмайды.

 

Тәрбиеші:     Бүгін қызық бүгін той,

Біздер үшін біліп қой.

Ән де салып, би билеп,

Жалғастырсын ойды — ой. – деп ендігі кезегімізді орыс ұлтынан келген биші қыздарымыздың өнерін тамашалаймыз.

— Ал, балалар күніміз ашық болсын деп елімізге тыныштық тілеп, ортадағы «Бейбітшілік тақтаға»  жүректен шыққан тілектерімізді жинайық.

Балалардың тілектері:

Аспанымыз ашық болсын!

Күніміз жарқын болсын!

Елбасымыз аман болсын!

Көк туымыз биік болсын!

Достық болсын!

Бірлік болсын!

Әрқашан күн сөнбесін!

Бейбітшілік болсын!

Ынтымақ болсын!

Әлемде тыныштық болсын!

-Біздің достығымызды білдіретін «Достық» әнін айтайық.

Тәрбиеші:Елімізде тыныштық болып, бірлігі жарасқан ел болайық, әр кез ынтымақта, достықта болайық! Қазақстанымыздың қуаттылығы мен басымызға қонған бақытымыз бірлігіміздің берекесін арттыра берсін, бейбітшілік мәңгі ажырамас серігімізге айналып, еліміз бен жеріміз, халқымыз аман болсын. Бұл мереке бізбен бірге ғасырларға ұлассын. Бейбіт аспан астында достығымыз нығайып, денсаулығымыз өркендей берсін деген игі тілекпен бүгінгі мерекемізге қатысқандарыңызға рахмет айтамын.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *