«Алтын Орда» хандығына 750 жыл

«Алтын Орда» хандығына 750 жыл

Жүргізуші:

Биыл Ұлық ұлыс – айбынды Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толып отыр. Осыған орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алтын Орданың 750 жылдығын лайықты атап өту және ұлыстың негізін қалаған Жошы хан есімін ұлықтау туралы сөздерін зор ықыласпен қабылдадық.Қабылдай отырып №37 бөбекжай балабақшасының мектеп алды даярлық тобының тәрбиеленушілерінің Алтын орданың 750 жылдығына орай дайындаған ашық оқу қызметін ашық деп жариялаймыз.

  1. Балалардың шайқасы
  2. Таныстыру

Жүргізуші:      Ассалаумағалейкум

Батырлар:   Уағаликумассалам.

Жүргізуші:   Бүгінгі сайысқа түгелсіңдер ме

Батырлар: Иә

Айсултан:     Ат жақты ақ құбаша, сары шашты елміз

Біз «Үйсіннің  «баласы.

 

Дания:           Бай қуатты, Жетісудай жеріміз.

Бұл үйсіннің даласы.

 

Альмира:      Бабамыз шебер кісі болған екен

Оғыз Ханға арба жасап қойған екен.

    

     Айару :          Арбаның  «қаңқ» еткен дыбысы боп ,

Қаңлы атанып қалған екен.

 

Ерасыл :       Алтай , Тарбағатай жайлаулары ,

Шыңғыс Ханның қойнаулары.

    

     Әділ:               Біз «Түлкі» елінің  наймандары.

 

     Мағжан        «Байқұттанның  баласы,

Алтай ,Сырдария, Ертіс даласы.

    

      Інжу :            Уақыттың інісі ,түлкінің тынысы

Біз «Керейдің» баласы .

 

Бексұлтан :   Түркіден тарағанбыз .

Шығыстың Бөрте әйелі,

Қоңыраттан тараған қыз.

Сезім:              Біз де қоңыратпыз .

 

Бауыржан:      Империясы Шыңғыстың

 

Әмина :           Батысында тоқталып

 

Нұржан:          Ұлысында Жошының

Дешті Қыпшақ  атандық .

 

Әмірәли :        Керегімді алу  үшін жараннан ,

Бейімделдім заманыма жаңарған,

Садақ тартып ,ақ жонуды үйреніп ,

Тәрбие  алдым Шыңғыс   Хандай  атамнан.

 

Жүргізуші: Жарайсыңдар! Қанеки айтыңдаршы   хас батырда неше көз бар

 

Батырлар :  Екі ,екі … жоқ ,хас батырда төрт көз бар .

Алдында екі көз , артында екі көз бар .

 

Жүргізуші:  Жарайсың батырым . Ия сендерді батыр    болсын. Батыл болсын деп  осылай айтқан . Ендеше батырлығымызды  көрсетейік .

 

  1. Жаттығу :

Стандарт бойынша жаттығулар:

-Женіл жүру-1 айналым

-Өкшемен жүру-1 айналым

-Зикзак жұру-1айналым

Екі сапқа тура қалу алға артқа

Айару :    Екі қолды белге аяқты ашық ұстаймыз                                  айналдырамыз. (3 рет)

Альмира:  Екі қолды екі жаққа жазамыз оң қолдағы    қылышты алға , ал сол қолмен қылышты алып  қолымызды екі жаққа қоямыз .Сол қолды төбемізге қойып оң қолмен қылышымызды қайта аламыз. (3рет)

Дания:  Қолымызды алға және артқа  шапалақтаймыз (3рет)

Әмина:  Отырып ,қылышты иық деңгейіне ,жоғары және бастапқы қалыпқа келу . (3рет)

Әмірәлі:  Отырамыз: қылышымызды иық деңгейіне

ұстаймыз . Қолымыздағы қылышымызды сауытымыздан шығарып артқа қоямыз және қай сауытымызға саламыз. (3рет)

Бауыржан:  Терең тыныс аламыз .Қолдарымызды жоғары көтергенде тыныс аламыз, төмен  түсіргенде тынысымызды шығарамыз. 3 рет Болды.

Жаттығу аяқталды. Рахмет

 

Шаттық шеңбері 

Жүргізуші:Жарайсыңдар балаларым: Ендеше біз өз елімізге  батыр болуға ант етейікші . Балалар шеңберге молдас құрып отырады .

Жүргізуші:Біз Алтын Орда елінің жаужүрек  батырларымыз .Орта Азияны алып жатқан ұлан қайыр алқап , Алтын Орда халқының бағзыдан бері ірге тепкен ата қонысы .Ұшқан  құстың  қанаты талатын ,осынау кең даланы біздің ата – бабамыз ғасырлар бойы ақ тілектің күші ,ақ найзаның ұшымен қорғап келген .Шығысында айдаһардай  ысқырып ел жатыр . Батысында  аюдай айбарлы ұлыс  бар .Бәріміз жан – жаққа  тарыдай шашылып кетсек ,сонда қайтпек екен .  Жалғыз ғана жол бар ол – ауызбіршілік .Онсыз тіршілігіміз харам . Баяғыда бақыттан қайда барып тұрақтайсың -деп  сұраған екен .Сонда бақыт ,береке- бірлігі  жарасқан жерге барып тұрақтаймын  деген екен .Демек бірлік  болмай тірлік жоқ .Алтау ала болса ауыздағы кетеді ,төртеу түге болса төбедегі келеді .Бабаларымыздың осынау өсиеті екен .Мұны естен шығармаңдар қарақтарым.

Біздің -Ұранымыз- Алаш

              Керегеміз -Ағаш.

Өз елімізде жаужүрек батыр болуға

-Ант етемін

-Ант етемін

-Ант етемін -деп  барлығы талға ант жібін байлайды .

Ойын: Жекпе жек сайысы.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Ендеше батырлымызды көрсетіп жекпе- жек сайысына шығайық балалар екіге бөлініп жекпе -жек сайысқа шығады .

Билер ұрысы.

Сайыс бітісімен ұш би билікке таласады .

Жүргізуші: Бір тудың астында біріге алмай , алтыбақан ала ауыз болған билер, билікке талас құрып, ұрысып кетті.

Аяз би:

Ел тізгінін ұстаған игі жақсының сиқы анау .

Шөбі жаман қоға ,құс жаманы сауысқан .Қоға

мен сауысқан  көп елде береке- бірлік болмас.

92 ру тайпаны бізге бөліп бере алмағаны

қалай

Мөңке би :Ұлы даланың жеті қыры жеті жаққа

шашылса ,еліміздің қайсы . Түгел сөздің

түбі  бір , түп атасы Майқы би сен  не

дейсің .

Майқы би : Е Мөңке би мен не дейін! Осы жерден ат

құйрығын кескен ше  , мына бейлік

көкейіңді тескен ше ,шық ,батыр босаң

сайысқа.

Ойын: Өз еліңе туың тік .

Жүргізуші:  Осылай ша ақылы асқан ,көңілі тасыған би ағалары    сайысқа шығуды жөн көрді .Өзге елде ұлты болғанша, өз еліңнің туын тік атты  сайысқа шықты .

Ойынның шарты: Екіге бөлінген топ  екі жақтағы

Кедергілерден  туды ұстап өтіп артындағы келесі балаға береді .Осылай ша кезектесіп жылдам кедергілерден өтеді және соңындағы қатысушы  балалар туын тігеді .Осылайша жеңімпаз топты  анықтаймыз .

Мөңке -Хан болады .

Мөңке сөзі: Құйрығы жоқ ,жолы жоқ ,құлан қайтып

күн көрер. Аяғы  жоқ ,қолы жоқ жылан

қайтып күн көрер. Жалаң аяқ  байпаңдап,

қаздар қайтып күн көрер. Шыбын шақса

жаз болып ,таздар қайтып күн көрер.

Е қайран жұрт ,қайран жұрт еркіндікке

шөлдеген .Азаттықтың кәусарын , қанып

ішу арманың .Сол арманды үмітке берік

байлап жалғадың .Сол азаттық жолында,

желбіреп туың қолыңда .Қайырлы болсын

қияға ,қоныс іздеп бармаған .Ей халайық

басымды ием ,өзің мені тыңдадың .

Орындалады үмітің мен арманың.

 

 

Жүргізуші: Келесі кезекте шағын концерттік бағдарламымызды қабыл алыңыздар. Келесі кезекте Жасұлан тобының тәрбиеленушісі Сәтжанова Аминаның орындауында Қ. Мырзали атамыздың «Ұлы махаббат» өлеңін қабыл алыңыздар.

 

Жүргізуші:    Арайлы азаттықтың нұрын құшқан.

Шолпандай жарқыраған күн шығыстан,

Тәуелсіз Қазақстан туған елім,

Досы көп баталмайды бірде дұшпан.  Хор 

 

 

Жүргізуші: Қуыршақтар биі

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *