Шалқан (орыс халық ертегісі)

Күні:

Тақырыбы: Шалқан (орыс халық ертегісі)

Мақсаты: балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін, жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: атрибуттар, хрестоматия.

 Сөздік жұмыс: Шалқан.

Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері:

Достар, достар, жүрсің қайда,

Бірге еді ғой жанымыз.

Көмек сұрап бір-бірінен

Жеңіп шықтық бәріміз.

Балалар шеңбербойына тұрыпорындайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Кіріспе әңгіме.

— Балалар, бүгін біз оқу қызметімізде «Шалқан» ертегісін алдымен оқып,одан кейін мазмұнын талдап, әрбір

бала осы ертегіні, өз ойларын,қаншалықты түсінгенін жеткізеді.Ертегіні оқып беру.

Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу.

— Балалар қандай кейіпкерлердіестеріңде сақтай алдыңдар?

— Шалқан қайда өседі?

— Атай көмекке кімді шақырды?

— Әжей кімді шақырды?

— Немере қыз кімді шақырды?

— Күшік кімді шақырды?

— Мысық кімді шақырды?

-Сонымен, бәрі бірігіп не істеді?

—          Ендеше, балалар, осы ертегідегі кейіпкерлердің атрибуттарын алып, ойынды сахналаймыз.

 

 

Зейін қойыптыңдайды.

 

 

Балалардыңжауабы.

 

 

Әжейді

Немере қызды

Күшікті

Мысықты

Тышқанды

 

Рефлексиялык-түзетушілік Ертегіні сахналау. Қорытындылау.

Қазақтың мақал-мәтелдерін айтқызаотырып, оқу іс-әрекетін аяқтау.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»демекші, бірліктің арқасында

шалқанды жұлып алды.

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады,

Қиындықты жеңсе кім,

Құшағы гүлге толады.

Еңбекшіл осындай

Болайықшы, досым-ай.

Рөлге бөлініп

сахналайды.

 

 

 

 

 

 

 

Мұқияттыңдайды.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегінің мазмұнын.

Игереді: кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне талдау жасауды.

Меңгереді: сахналау арқылы ертегіні көрсете білуді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *