Дене мүшелері

Ортаңғы топтағы ұйымдастырылған оқу қызметінің үлгі жоспары
Білім беру саласы: Коммуникация.
Өтпелі тақырыптың атауы: «Дені саудың жаны сау» Біз батыл да ептіміз
Тақырыбы: Дене мүшелері
Мақсаты: Денсаулықты сақтау үшін, денсаулық ережелерін білу. «Денсаулық – зор байлық», «Дені саудың – жаны сау»-деген қағидаларды бала бойына сіңіру.
Күтілетін нәтиже:
Қайталай алады: жаңа тақырып бойынша сөздерді.
Түсінеді: Сабақ бойынша айтылған сөздерді.
Қолданады: кей сөздерді сөз тіркестерінде қолданады.
Көрнекіліктер:

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру сәті
Мотивациялық-қозғаушылық:
Сәлемдесу.
Балаларды ұйымдастырамын, шеңберге шақырамын. Жайлы психологиялық жағдай туғызу үшін мына шаттық шеңберін өткіземін.
Қуанамыз, біргеміз,

Бөлінбейді іргеміз.

Аясында достықытың,

Бір жүреміз күнде біз!
2. Негізгі бөлім.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік:

Тәрбиеші: Балалар, адамдардың көңілді, әдемі жүруі неге байланысты?
Балалар: Денсаулыққа
Тәрбиеші: Әрине, дені сау адам бақытты адам. Дені сау болуы үшін өзін-өзі күтеді. Жазы, қысы шынығады. Егер сендер де тазалықты сақтап, денелеріңді шынықтырсаңдар, шипалы өсімдіктерді пайдалансаңдар салауатты өмір сүресіңдер.

-Балалар дала қандай?
-Біз оны қайдан білеміз?
-Мінекей балалар
біз көзімізбен көреміз,құлағымызбен естиміз,аяғымызбен жүреміз.
-Адамның дене мүшелеріне -бас,мойын,қол,саусақ,аяқ жатады.
-Адамның басында шаш,бет, көз,ауыз,құлақ,мұрын мүшелері орналасқан.
Біз қолмен не істей аламыз?
-Иә дұрыс жазамыз,қиямыз,су ішеміз,бет жуамыз (қимылмен көрсет).
-Міне,көрдің бе,қолымыз сансыз қызмет атқарады екен.
Аяқтың да қызметі сол сияқты.Жүру,жүгіру,секіру,билеу,
түрлі спорттық жаттығулар жасау-бұлардың
бәрі аяқ болмаса орындалмас еді.
Барлық дене мүшелерінің көмегімен
біздің қолымыздан келмейтін
іс жоқ,біз бәрін істей аламыз.
Сергіту сәті:
«Көгершіндер»
Біз ұшамыз , ұшамыз,
Бар әлемді құшамыз.
/Қолды екі жаққа қанатша керіп, бірінің артынан бірі шеңбер жасай жүгіру/

Балалар бірге қайталап айтады.
Сергіту жаттығуын орындайды.
Ойынға қызығушылықпен қатысады.
Балалар дене мүшелерін көрсетеді

3. Рефлексия.
-Бүгін сабақта не туралы өттік?
-Қалай амандасамыз?
-Қалай қаштасамыз?
Мадақтау.
Қоштасу.

Үлгі жоспарды құрған балабақша тәрбиешісі: Сайдалина Г.Б

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *