Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Аудан Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 8 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақтың тақырыбы Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 8.1.3.11 параллелограмның, ромбтың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;
Сабақтың мақсаты Параллелограмның және ромбтың аудандарын есептер шығаруда қолданады
Бағалау критерийлері: — Параллелограммның және ромбтың аудандарынының формулаларын қолданып, есептер шығарады;

— Параллелограмм мен ромбтың айырмашылығын түсінеді;

— Параллелограмм мен ромбтың ұқсастығын айта алады;

Тілдік мақсаттар Оқушылар: Оқушылар қажетті терминдерді қолданып тұжырымдар жасайды, ережелерді қорытады.
Пәнге тән лексика мен терминология:

— шама, өлшем бірлігі;

— ауданы, ұзындығы, ені;

— периметр, жарты периметр;

— тең шамалас, тең құрамдас,тең фигуралар;

— төртбұрыш ауданы;

— параллелограмм ауданы;

— квадрат ауданы;

— тіктөртбұрыш ауданы;

— ромб ауданы;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-тең құрамды фигуралар деп …

-тең шамалы фигуралар деп …

-бірдей бөліктерден құрылған …

-аудандары тең жазық фигуралар … -үшбұрыш/квадрат/тіктөртбұрыш/параллелограмм

/ромб/трапецияның ауданын анықтау үшін … қажет

— үшбұрыш ауданын есептеу үшін … қажет

— …формуланы қолдану үшін ….. қажет.

— егер квадраттың қабырғасын k есе қысқартса, онда ауданы … .

Құндылықтарға баулу  (Жаһандық азаматтықтың негізгі элементтері Математикалық тілде сөйлеу, топта жұмыс жасау, талдау және салыстыра білу дағдыларын қалыптастыру.

*Ж.А білу және түсіну: тұрақты даму, әлеуметтік әділеттілік және теңдік

*Ж.А құндылықтары: әлемдегі және қоршаған ортадағы жағдайларды жақсартуға белсенді қатысуға шешім қабылдау

*Ж.А.дағдылары: өзінің айналасындағыларға ашық, әділ қарым –қатынас және олардың құқықтарын құрметтеу

Пәнаралық байланыс ·                    Информатика, сызу
Негізгі дағдылар АКТ қолдану дағдылары:

Интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолдану, интернет ресурстар

Ойлау дағдылары:  Практикалық жұмыс орындай отыра ойлау қабілеттерін дамыту.

Алдыңғы білім Оқушылар келесі ұғымдарды және қасиеттерді біледі:

Төртбұрыш, тіктөртбұрыш, ромб және параллелограмм ұғымы

Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Жоспарланған іс-шаралар Дереккөздер
Басы 10 минут Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Керекті құрал жабдықтарын әзірлету.Оқушыларды фигуралар бойынша топқа бөлу.Топтарға ат беру:

1-топ: «Тіктөртбұрыш»

2-топ. «Квадрат»

3-топ: «Параллелограмм»

4-топ: «Ромб»

Үй тапсырмасын тексеру. № 226 ,№56

«Ой қозғау» сұрақтары:

1.фигура атауы,анықтамасы,элементтері;

2.фигуралардың қасиеттері;

3.ауданын есептеу формуласы

4.практикалық жұмыс (қолындағы фигуралардың ауданын есептейді

 

 

 

 

 

Фигуралар, постер

 

 

 

Сабақ ортасы

20 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ соңы

4 минут

Білім бекіту:

Жұппен жұмыс

1. Параллелограммның табаны a=15см, h=12см, S-?

Жеке орындап, жұппен салыстырады, талдайды, кері байланыс береді.

 

2. Параллеограмм қабырғалары 14см және 10см, ал бір бұрышы 150°-қа тең. Параллелограмның ауданын табыңыз.

Жұппен талқылап шығарады, есепке оқушылар өздігінен дескриптор құрастырады, бағалайды. Есептің деңгейін анықтайды.

Дескриптор:

— сызбаны салады

— параллелограмм ауданының формуласын қолданады

— дұрыс есептейді

 

Деңгейлік тапсырмалар

А деңгейі

 

1. Ромбтың диагональдары 3,2см және 14см-ге тең. Ромбтың ауданын табыңыз.

Дескриптор:

— сызбаны салады

— ромб ауданының формуласын қолданады

— дұрыс есептейді

 

2. Параллелограммның табаны a=12см, биіктігі h=8см, параллелограмм ауданын табыңыз.

Дескриптор:

— сызбаны салады

— параллелограмм ауданының формуласын қолданады

— дұрыс есептейді

 

В деңгейі

1. Ромбтың ауданы 22 см2, ал биіктігі —  5,5 см болса, қабырғасын табыңыз.

Дескриптор:

— сызбаны салады

— ромб ауданының формуласын қолданады

— қабырғаны табу формуласын қорытып шығарады

— дұрыс есептейді

 

2. Параллеограмм қабырғалары 12см және 8см, ал бір бұрышы 150°-қа тең. Параллелограмның ауданын табыңыз.

Дескриптор:

— сызбаны салады

— сүйір бұрышын анықтайды

— параллелограмм ауданының формуласын қолданады

— дұрыс есептейді

 

С деңгейі

1. Ромб диагональдары 2: 3 қатынасындай, ал олардың қосындысы 25 см. ромб ауданын табыңыз.

Дескриптор:

— сызбаны салады

— теңдеу құрастырады

— диагональ ұзындықтарын табады

— ромб ауданының формуласын қолданады

— дұрыс есептейді

 

Зерек, дарынды оқушылар қажет жағдайда қосымша тапсырмалар орындайды:

Қосымша есеп

1. Ромбтың ауданы 18 см2, ал биіктігі 4,5 см болса, қабырғасын табыңыз.

2. Ромб диагональдарының бірі екіншісінен 1,5 есе үлкен, ал оның ауданы 27см2. Ромбының диагональдарын табыңдар.

3.Параллелограмм бұрыштарының біреуі 30°, ал оның қабырғаларының біреуі 10 см, периметрі 56 см-ге тең. Параллелограмм ауданын табыңдар.

 

Сергіту сәті: «Жаттықтырғыш»

Қорытындылау:

Тест

1)      Қарама-қарсы қабырғалары қос-қостан параллель болатын төртбұрыш …………….деп аталады

А) трапеция

В) квадрат

С) параллелограмм

Д) тік төртбұрыш

2) Егер параллелограмның диагональдары тең болса, онда ол параллелограмм ………….болады

А) тіктөртбұрыш

В) трапеция

С) ромб

3) Ромбтың бір бұрышы 135о. . Іргелес бұрыштың градустық шамасын табыңдар.

А) 135о

В) 45о

С) 55о

4) Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш …………….деп аталады.

А) трапеция

В) ромб

С) квадрат

Д) параллелограмм

5. Егер төртбұрыштың диагональдары қиылысып, қиылысу нүктесінде тең екіге бөлінсе, онда ол төртбұрыш …………..деп аталады.

А) квадрат

В) ромб

С) параллелограмм

6) Ромбтың бір бұрышы 125о.. Іргелес бұрыштың градустық шамасын табыңдар.

А) 135о

В) 45о

С) 55о

Жауабы: 1) С; 2) А; 3)В; 4) С; 5) С; 6)С.

 

Рефлексия:

Оқушылар «Бағдаршам» арқылы стикерді қолданып бүгінгі сабақтан алған әсерлерін білдіреді

 

 

 

ШыныбековГеометрия 8сынып

 

Әбілқасымова, Геометрия 8сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *