Музыкалық аспаптар

Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Музыкалық аспаптар»
Мақсаты Домбыра түрлерімен,домбраның құрылысымен таныстыру.Домбра,қобыз құрылысымен үнін тыңдау,салыстыру.Күйші-композиторлардың өмірімен,шығармашылығымен таныстыру.

«Қара жорға»әуенімен балалар залға кіріп, билеп орындарына тұрады. Амандасу.
Түсіндіру:
Қазақтың ұлттық аспаптары; домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз, дабыл, даңғыра, үскірік.
Орыс ұлтының аспаптары; балалайка, ағаш қасық, гармошка, қоңырау, скрипка.

Музыка тыңдау: Домбыра аспабында «Еркемай» әнін тыңдайды ,баянда ми-мэ-муу дауыс жаттықтырады. Әртүрлі дыбыстар бар екенін айтып музыкалық аспаптарға жататынын айту. Ал қоңырау, сылдырмақ, барабан тек бір дыбыс береді олар шулы аспаптарға жатады. (баспалдақпен теңеу) болып келеді.
Тақтаға назар аударайық. (Балаларға түсіндіру:

Балалар музыка тыңдайды және оларды ажыратып айтады.

Би билеу: «Сылдырмақтар»

«Сылдырмақ» биін билейді
Ән үйрену:«Домбыра» Балалар аспаптар еліне келген соң ән айтпай кете алмаймыз. Қазақтың ұлттық аспабы «Домбыра» әнін үйренейік. Сөзін жазған Жаньярова Г.

1. Біз кішкене бөбектерміз
Асыр салып ойнаймыз
Домбыраны қолға алып
Ән саламыз билейміз
Қ-сы: Домбыра, домбыра
Екі ішекті домбыра
Домбыра, домбыра
Кәне, кәне сыңғырла.
2. Қандай әсем домбырамыз
Мақтан тұтып жүрейік
Киелі аспап екенін біз
Бәрімізде білейік.

Балаларға ән не туралы айтылғанын сұрау және түсіндіру, тақтадағы домбыра аспабы жарда және төрде ілініп тұрғанын көрсетіп түсіндіру.
Балаларға бір жолдан үйрету.

Балалар әнмен танысып бір жолдан қайталап үйренеді.
Музыкалық дидактикалық ойын:
МУЗЫКАЛЫҚ ҮЙШІКМақсаты:Аспаптардың тембрін ажырата білу. 
Ойын шарты:Педагог жабылғыштың артында тұрып музыкалық аспапта ойнайды.Аспап үнін таныған бала аспаптардың суреті бар карточканың сәйкесін алып, үйдің бір бос әйнегін жабады. Осылайша барлық терезелер толық жабылуы керек.

Қорытынды сұрақтар қойып, оқу қызметіне белсене араласқан баланы мадақтау.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: музыкалық аспаптарды ажыратады.
Игереді үрмелі, ұрмалы, ішекті деген мағыналарды игерді.
Меңгереді Ойынның ойналу барысын меңгерді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *