«Асығым алшысынан түсші»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Коммуникация, Шығармашылық
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, Мүсіндеу
Тақырыбы: «Асығым алшысынан түсші»
Мақсаты: a) Балаларды ұлттық ойын түрлерімен таныстыру;
b) Ойлау қабілетін, қол моторикасын, шығармашылық қасиеттерін дамыту;
c) Шапшаңдыққа, ептілікке, қырағылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: асықтар, слайд, ермексаз.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, қимыл-қозғалыс ойындары.
Қостілділік компонент(билингвальный): Асық –асык, ойын – игры — world

Іс-әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Шаттық шеңбері
Армасың қайырымды — Аспан ата!
Армысың шұғылалы — Алтын күн!
Армысың мейірімді — Жер ана!
Армысың балабақша достарым!
Сәлеметсіздер ме!
Здравствуйте!
Good morning!
— Бір жылда неше мезгіл бар?
— Қазір жылдың қай мезгілі?

Жарайсыңдар,балалар
-Балалар мен балабақшаға келе жатып жолдан осындай қорапша тауып алдым, бірақ ішінде не бар екенін білмеймін, сіздермен бірге ашып көрсек қалай қарайсыздар?
(Қорапшадан асық шығады)
Балалар бұл не?
Бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Асығым алшысынан түсші!» деп аталады. Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті.Олар біздің біліміміз бен тәртібімізде тексеруге келді. Қане ендеше бүгінгі оқу қызметімізге өте жақсы ат салайық.
Балалар бүгінгі оқу қызметімізді екі топ болып жарыс ретінде өткіземіз. Мен бүгін өзіммен бірге сиқырлы қоржын алып келдім. Осы қоржыннан барлығымыз асықты таңдап аламыз. Кімге қызыл асық түссе «Хан» тобы , кімге көк асық түссе «Уәзір» тобы болады.
«Хан» оң жаққа, «Уәзір» тобы сол жаққа отрамыз.

Балалар шаттық шеңберін тәрбиешімен бірге орындайды.

— Бір жылда 4 мезгіл бар, Қыс, Көктем, Жаз, Күз.
Қазір жылдың күз мезгілі.

Балалар қорапшаға таңырқай қарайды.

-Асық

Балалар екі топқа бөлінеді.
Ұйымдастыру-шылық ізденіс кезеңі Балалар тапсырмаларды орындау үшін экранға назар аударамыз. Бізге ұяшықтар берілген екен. Бұл ұяшықтарда жұмбақтар жасырынған екен. Жұмбақтарды шешемізбе балалар? Балалар асықты қандай жануарлардан аламыз?
Бірінші болып ұяшықты «Хан» тобы таңдайды.
1 тапсырма.Жұмбақтар жасыру.
Көк ұяшық:Қайырып басын тастаған,
Қайқиып қойды бастаған. (Ешкі)
Қызыл ұяшық:Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
Көк ұяшық: Түбірлі төртеу,
Түймемен бесеу
Ерубай екеу
Мамық жалғыз. (Жылқы)
Қызыл ұяшық:Ашылмаған сандықта,
Пішілмеген құндыз бар?(қозы)

2 тапсырма. «Көңілді асықтар мен мозайкалар »
1. Түстер бойынша асықтан пішіндер құрастыру.
2. Асықтарды түсіне және санына қарай санап орналастыр.

3 тапсырма. «Ханталапай»
Балалар енді кезекті ұлттық ойынға кезек берелік. Бұл ойында ойнау үшін бәріміз шеңберге тұрамыз. Менің қоржынымда көптеген асықтар бар. Оның ішінде жалғыз қызыл түсті асық бар. Ол асық Хан асығы деп аталады. .
Талапай -ау , талапай,
Табылды ойын алақай– деген кезде6 сендер «Ханталапай» деп асықты жинап аласыңдар. Егер кімге « Хан» асығы түссе сол осы ойынның жеңімпазы болады.
4 тапсырма. Асықты мүсіндеу.
Шарты: Түрлі-түсті ермексаздан асық мүсінін жасау.

Сұрақ-жауап:
1. Асықпен ойналатын қандай ұлттық ойындарды білеміз.
2. Асық иіргенде түскен жағының атауларын білемізбе?

Балалар жұмбақтарды орындайды.

Балалар тапсырмаларды орындайды.

Балалар ойынды қызыға ойнайды.

Балалар асықтарды мүсіндейді.

-«Ханталапа», «үш табан», «бес асық», «хан мен уәзір».
-«алшы», «тәйкі», «бүк», «шік», «омпы».

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі «Хан» тобы мен «Уәзір» тобыда бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы ат салысты.
-Балалар асық қандай жануардан аламыз?
-Асық туралы қандай ұлттық ойындар білеміз?
-Балалар сендер оқу қызметіміздің қай бөлімі ұнады?
Маған сендердің жұмбақтарға дұрыс жауап бергендерің ұнады. Келген қонақтармен қоштасамыз үш тілде
Қош сауболыңдар!
До свидания!
Good bye!

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: аңдар атауын, асықтар туралы ойындар.

Қандай түсініктерді игереді: «Ханталапай» ойының құрлымын, түстер туралы.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: тапсырмаларды тез орындау,мүсіндеу жұмысында ұқыптылық таныту.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *