Мамандығым мақтанышым

Алматы облысы Панфилов ауданы
Жаркент қаласы МКҚК «Қарлығаш»
балабақшасы. Тәрбиеші:
Тлеубаева Нургуль Токтасыновна

Мамандығым мақтанышым
Менің бала күнгі арманым кішкентай бал тілді балалармен жұмыс жасау болатын өзімді балалардың ортасында бақытты сезінемін менің мамандығым менің мақтанышым даңқымды асқақтататын арманымның ең биік шыңы. Балабақша менің хан сарайымдай ыстық балалар махаббатқа толы жүзбен қарағанда мен мамандығыма ризашылығымды білдіремін. Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы алады. Қуанышын жасыра алмай еркелей алдыма келеді. Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы. Мен олармен бірге жүрсем, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарағым келеді. Осынау мамандықтың қызығы мен қиындығын өзі бала ортасында жүрген жан ғана түсіне алады. Жер бетінде тәрбиеші алдын көрмеген адам кем де кем, мүмкін бұл мамандық содан киелі шығар. Балаларды ойлау , оларға қамқоршы болу, оларды сүю – бұл әр адамның басына берілмеген ең ғажап сезім. Тәрбешілердің ең кереметі – өз махаббатыңды балаларға сыйлау. Мен осы сезімімді өмірге рахаттана қосамын және балаларды осы сезімде болуға үйретемін. Көңілі көктем, сезімі сел боп аққан адамның мейірімділік әлеміне қатысты сезіп-білгендерін, рухани дүниесіне жиған-терген жауһарларын жер-жаһандағы барша жанмен бөлісу үшін алып-ұшып тұратыны белгілі.
«Тәрбиеші деп мамандықты оқып, қолына диплом алған адам емес,тәрбиеші деген ол осы ұлағатты есіммен бірге жасайтын ұлы тұлға. Мамандыққа деген сенімділік сирек кездеседі, ол тек соған құрбан еткенде ғана дәлелденеді.»
Біреулер мақсатты түрде тәрбиеші болады, олар мектеп табалдырығынан бастап осы мамандықтың құндылығын түсініп, сол мақсатқа жетуге бар күш-жігерін салады.Біреулер үшін бұл жол-қиын да соқтықпалы болуы мүмкін. Бұл тағы бір мұғалім мамандағының өмір екенін дәлелдейді
Менің мамандығым мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеші. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзін араласқын келетін ортаны да таңдау. Қазақ «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі — жар таңдағанда, екіншісі мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаса керек. Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.
Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс–табыс биігіне жеткізетін қанат.
Мен өзімнің ұстаздар әулетінен шыққанымды мақтан етемін, себебі, алғаш мектеп табалдырығын аттап, алғаш рет қолыма қалам ұстаған күннен бастап, менің арманым мұғалім болу еді. Қазір мен өз арманыма жеттім және маған дәріс берген ұстаздарыма, ата-анама алғысым шексіз. Тәрбиеші бейімділігі, дарындылығы көбінесе балалардың тағдырын шешеді.
Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар.Менің мамандығым-тәрбиеші. Тәрбиеші жұмысы күрделі де, қызықты да, жауапты.
Тәрбиеші жан –жақты болса ғана, өз маманының ұстасы болады деп ойлаймын. Тәрбиеші-жай ғана мандық емес.Ол адам бағдарын жасаушы,келешек ұрпақтың сәулетшісі.Бұл сөздің астында тәрбиеші мамандығының үлкен жауапкершілік иесі екендігінің айқындап тұр. Жауаптылығы сол-Отанға лайықты тұлғаларды қалыптастыруды ең алғашқы баспалдағы,қызықтысы-жас бүлдіршіндермен араласып,олардың тәтті қиялынын туындайтын әр сөзіне, балаң көңілінен ұштасып жатқан іс-әрекеттерін тамашалаудың өзі бір ғанибет.
Мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс–табыс биігіне жеткізетін қанат.
Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзін араласқын келетін ортаны да таңдау. Өйткені бала – кіршіксіз пәк, тап-таза мөлдір бұлақтың бастауын, көзін ашып тұнығуына қону үшін қаншама қиын да, қызықты еңбек пен тер төгу керек.
Тәрбиеші деген сөздің мағынасына үңілсек, мақсаты тәрбие беру екенін түсінеміз.Тәрбиешіге арналған жүк жеңіл еместіне көзіміз жетіп отыр. Балабақшада дұрыс тәлім — тәрбие бере алсақ, ол ертең мектепке барып саналы түрде сапалы білім алуға тырысады. Соның нәтижесінде елін сүйген азамат болып шығады. Мен бірнеше бала тәрбиелеп жатырмын,олар өсе келе ,бірнеше мамандық иесі болып шығатынына сенімім мол . Болашақ заңгерлерді — әділдікке үйрету, дәрігерлерді — жауапкершілікке баулу, мейірімділікке үйрету, құрылысшыларды — нақтылыққа тәрбиелеу – барлығы тәрбиешінің қолында. Сондықтан да өз бойымызда әділдік те, мейірімділік те, жауапкершілік те болу қажет. Тәрбиеші жұмысы – оңай жұмыс емес. Бірақ абыройлы, сыйлы. Жақсы тәрбиешіні балалар ешқашан ұмытпайды.
Жер бетінде тәрбиеші алдын көрмеген адам кем де кем, мүмкін бұл мамандық содан киелі болғаны шығар.
Таңғажайып балалар әлемімен тереңірек танысып, өз өмір тәжірибемнің мейірімінің дәндерін қондыру — менің жұмысымның мәні деп ойлаймын.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *