Балалардың  балабақшаға  бейімделуі

Амангосова  Раушан  Амангельдиевна.

Облысы: Ақтөбе

Қаласы: Ақтөбе

№41 «Назерке»  МДҰ МКҚК .

Қызметі: Тәрбиеші

Тақырыбы: Баяндама:   «Балалардың  балабақшаға  бейімделуі»

 

Қай  елдің  болмасын  өсіп – өркендеуі, өркениетті  дүниеде  өзіндік  орын  алуы  оның  білім  беру  жүйесіне,  даму  бағытына  тікелей  байланысты  екені  мәлім. Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда  ой  —  өрісі  биік, білімді,  жігерлі,  денсаулығы  мықты  азаматты  қалыптастыруға  қызмет  ететін  тәрбие  мен  білімнің  алғашқы  дәні  мектепке  дейінгі  тәрбие  ошағында  берілетіндігі  айқын.  Бала  бойындағы  жақсы  қасиеттер  мен  мүмкіндіктерді  ашып, олардың  өнегелі де  тәрбиелі  болып  тәрбиеленуіне,  адамгершілікті  жүрегіне  ұялататын  тәрбие  ошағының  қазіргі  таңда  бәсекеге  қабілеті   жас  ұрпақ  тәрбиелеуде  өзіндік  орны мен үлгісі  қомақты.  Баланың  ақыл  ойын  жүйелеу,  ойлау  қабілетін  жетілдіру,  дәлдікке  үйрету, шыншыл  болуға  тәрбиелеу   мақсатында  сауаттылыққа  баулу  бүгінгі  күн  талабы. Ойын  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  жеке  басының  дамуына  игі  ықпал  тигізетін  жетекші,  басты  құбылыстың  бірі  деуге  болады. Бала  ойын  арқылы  өзінің  күш  жігерін  жаттықтырады,  қоршаған  орта  мен  құблыстардың  ақиқат  сырын  ұғынып,  еңбек  дағдысына  үйрене  бастайды. Былайша  айтқанда  болашақ  қайратқердің  тәрбие  жолы,  тәлімдік  өнегесі  ойыннан  бастап  өрбейді.

Ойын  мен  еңбектің бір – біріне  ұқсас  сипаттары  көп.  Белсенді  іс- әрекет  пен күш  жігер  жұмсаған  ойын,  жақсы  ойын  болып  табылады.  Баланың  қуанышы  мен  реніші  ойында  айқын  көрінеді. Ойын  кезіндегі  баланың  психологиялық  ерекшелігі  мынада:  бала  ойланады, эмоциялық  әсері  ұшқындайды,  белсенділігі  артады, ерік  қасиеті,  қиял  елестері  дамиды, бұның  бәрі  баланың  шығармашылығын  арттырады.  Ойынның  түрлері  көп,  соның  ішіндегі  маңыздысы – дидактикалық  ойын.  Бұл  ойынның  пайдасы —  баланың  ой  өрісінің  қалыптасуын  қамтиды.  Ойынның  міндеті – баланың  қызығушылығын  оятып,  белсенділігін  арттыру. Балаларға  алдарына  қойылған  дидактикалық  тапсырмаларды  өз  беттерінше  орындау  үшін  тәрбиеші  көркем  әдебиет  оқып  беру,  алдын  ала  жұмыс  жүргізу  керек.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *