«Ана-аса қымбат жан»

 

 

 

 

 

 

 

                                        Сценарий

                       Тақырып: «Ана-аса қымбат жан!

 

 

 

 

 

                                 

 

 

 

 

 

 

 «Ана-аса қымбат жан!»

 

Мақсаты: Мерекелік көңіл күй сыйлау.  Аналарды құрметтеуге дағдылау. Ән және қозғауыш орындаушылық дағдыларын қалыптастыру. Өзіне жақын адамға мейірімділік, қуаныш, қуанта білуге тәрбиелеу.

 

Кейіпкерлер: жүргізуші, балалар, көктем ханшайымы.

 

Балалар  музыка әуенімен залға кіреді.

 

1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті.

 

2-Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы, ананың көз нұры, мейірімі, тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

 

«Тақпақтар»

 

1-жүргізуші: Ендігі кезекті «Құстар ән салады»  әніне берейік.

Ән «Құстар ән салады»

 

Қонаққа көктем келеді

Мен көңілді көктеммін

Былтыр да келіп кеткенмін

Көзін ашып бұлақтың

Түбіне тал еккенмін

Орман менен далаға

Қаламенен адамға

Әдемілік сыйлаймын

-Армысыздар халайық! Қандай әдемі ұл қыздар, мерекелеріңізбен аналар құттықтаймын!

 

2-жүргізуші -Қош келдің көктем ханшайымы. Шуағыңды шаттындырып, нұрыңды мол төге бер.

 

1- жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, расында да айнала қандай әдемі болып кеткен, қазір жылдың қай мезгілі?

 

Балалар: Көктем мезгілі.

 

1 жүргізуші: -Дұрыс балалар, көктем мезгілінде күн жылынып, қар еріп, жылы жақтан құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік жарады, табиғат сұлулана түседі.

 

2-жүргізуші: Ендеше көктем мезгілінің алғашқы мерекесі аналар күніне арналған  балалардың тақпақтарын қарсы алыңыздар.

 

«Тақпақтар»

 

Көкткем:

Балалар,  меніңде қыздарға дайындап келген сыйлығым бар еді, тек маған сендердің көмектерің керек. Менің себетіме гүл шоғын жинап беріңдерші.

 

1- жүргізуші: Балалар,  барлығымыз бірігіп мына екі себетке гүлдерді жинастырайық. Қызыл гүлдерді қызыл себетке, сары гүлдерді сары себетке жинастыру керек.

 

Қимылды ойын: «Гүл жинау»

 

2-жүргізуші: Қараңызшы көктем,  өте әдемі гүл шоғы жиналды, қыздарымызға ұнайтыны сөзсіз.

 

1-жүргізуші:

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.

Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп, -деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.

 

Би: «Гүлдер»

 

2-жүргізуші.

Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,

Жылытар жүрегіңді көз көп дейін

Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге

Қол соғып қарсы алайық  «Біздер-үйдің гүліміз» атты әнін дейін.

 

Ән «Біздер-үйдің гүліміз»

 

Көктем ханшаймы:  -Балалар,  сендер әнді де,  тақпақты да  жақсы айтасыңдар екен, дегенмен мен сендерден сұрайын дегенмін, ал сендер аналарыңа көмектесесіңдер ме?

 

2-жүргізуші: Әрине көмектеседі көктем ханшайымы,  қазір біздің ұлдар сізге көрсетіп береді.

 

Ұлдар  Биі:   «Кір жуу»

1-жүргізуші:

Ал балалар!

Ойнадық та, күлдік те.

Биледік те, ән салдық.

Кәне, енді бірігіп,

Ах, какая мама! әнін шырқайық.

 

2-жүргізуші:

Демеңіз, біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып, тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.

 

1-жүргізуші:

Аналар, қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа

Осымен кешімізді аяқтайық

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып, бүгінгі «Ана – аса қымбат жан!» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

 

2-жүргізуші: Ардақты аналар!

 

Екі жүргізуші бірігіп:  Мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *