Аналар мерекесіне арналған сценари

«Аналарға арналған дүкен» 2020 ж.
Мектеп алды тобының балалары үшін 8 — наурыз мерекесінің сценарийі
Әуен үнімен балалар бірінің соңынан бірі шығып, сахнаның ортасына жартылай шеңбер құрып тұрады.
Жүргізуші.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,
Қапысыз, қалай айтқан, қайран бабам!
Құрметті қонақтар, аналар және әжелер! Сіздерді көктем мезгілінің алғашқы мерекесі 8- наурызбен шын жүректен құттықтаймыз!
1-ші бала.
Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де!
2-ші бала.
Ана- біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!
3 –ші бала —
Келді көктем күнің,
Күлімдейді гүлің .
Алтын ойлы анам ,
Мерекеңіз бүгін !
4-ші бала —
Мен анамды жақсы көрем ,
Айтқан тілін алып жүремін.
Қасымда анам жүргенде ,
Шаттанып – ойнап күлемін !

Ән «Менің анам» (отырады)
Жүргізуші.
Шын жүрекпен, қара сөзбен ана жайлы айтайық,
Мейірі мен шаттығына мәңгі біздер тоймайық
5-ші бала.
Түнде шошып оянған,
Түн ұйқысын төр бөліп,
Түнде бесік таянған
Аялы қолды анажан.
6-шы бала.
Аялы қолда талпынтқан
Қаймақты сүттей қалқытқан.
Суық болса жөргегі,
Қорғасындай балқытқан.
7-ші бала.
Отын жарып берсең де:
«Өмірлі бол!»- дейді ана,
Суын алып келсенде:
«Өмірлі бол!»-дейді ана.
8-ші бала.
Ана деген не деген
Ақ тілеулі жан еді.
Алғысын алып оның мен
Өсе бергім келеді.
9-шы бала.
Еркелеймін, шаттанам,
Жарқын күлкің- бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйемін,
Келші, келші, ақ анам.
Би «Ана»
Жүргізуші:
Аналарға не сыйлайсыңдар?
Аналарды қалай таң қалдырамыз?
1 бала :
Біз бәрін тату шештік
Оған тосынсый жасау керек.
2 бала:
Ұзақ ойландық,
Біз не істеу керектігін білмедік.
Бәріміз бір шешімге келдік
Барлығы:
Аналарға дүкен қажет!
1бала:
Дүкен ашамыз,
Барлық тауарларды шығарамыз!
2 бала:
Бұл дүкенде аналарға арналған барлық заттар бар.
Барлығы :
«Бәр і аналарға арналған дүкенде!»
(Дүкеннің сөрелерін құрады)
ПАРФЮМЕРИЯ БӨЛІМІ.
Бала:
Біздің парфюмерлік бөлімде
Гельдер мен сусабындар бар,
Түрлі әтір және ерін далабы,
Келіңіздер, бәрі бар!
ГАЛАНТЕРЕЯ БӨЛІМІ
Бала:
Біздің мына бөлімде түрлі ұсақ заттар бар,
Сөмке, тарақ, әшекей таба аласыз түрлісін.
Дефеле «Сөмкелер мен бас киімдер» (қыздар көрсетеді)
МУЗЫКА БӨЛІМІ
Бала:
Музыкалық аспаптар,
толы біздің бөлімде,
Домбыралар, скрипкалар , пианино бар бізде
Келіңіздер , аналар, біздің мына бөлімге!!!
Оркестр
СПОРТТЫҚ БӨЛІМ
Бала:
Фигураны әдемілеп,
Айналысса спортпенен
Мына біздің бөлімде спорт тауары көп екен
Эстафета аналармен
ЫДЫС — АЯҚ БӨЛІМІ
Бала :
Ысыстардың көп түрі,
Толып тұр ғой біздерде
Әжелер мен аналар келіңіздер біздерге!
Жүргізуші.
Бүгінгі мерекеге тек қана аналарымыз емес, сонымен бірге әжелеріміз де келіп отыр. Оларды да құттықтайық! ( дети встают полукругом)
1,Өзің мені өсірген,
Айналайын, ақ әжем.
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе, дана әжем?
2.Шай қайнатып келейін,
Шекер салып жан әжем.
Өзім құйып берейін,
Балдай тәтті жан әжем.
3.Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған.
Үлкен, кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
4.Құрт пен майын жинаған
Балаларға сыйлаған.
Бұл әжемнің өмірі-
Таусылмайтын жыр маған.
Ән «Әже»
ОЙЫНШЫҚТАР БӨЛІМІ
Қыз:
Мен ойыншық сатамын, балаларға базарлық
Конструкторлар мен қуыршақ
Сатып алыңыз Аналар!
Бяка мен Забияка келеді
Сөредегі барлық ойыншықтарды лақтырады . Жүргізуші тәртіпке келуді ұсынады, ойнауға ұсыныс жасайды.
ОЙЫН
ГҮЛДЕР БӨЛІМІ
Бала:
Ақ гүлдер мен көк гүлдер,
Хош істі көп гүлдер
Анамызға сыйлайтын
Құшақ толы бақ гүлдер!
Аналарға гүлдерін сыйлайды
Жүргізуші: Ал енді дүкеніміз жабылады. Сатып алушылармен қоштасатын кез келді.
Жүргізуші: Құрметті де аяулы ақ жаулықты біздің аналар мен әжелер , ұстаздар және біздің топтың ару қыздары , сіздерді бүгінгі халықаралық әйелдер күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Дендеріңізге саулық , баста- рыңызға бақыт , отбасыларыңызға құт — береке тілейміз! Бақытты болыңыздар!
Осымен мерекелік кешіміз аяқталды , көңіл бөліп келгендеріңізге көп рахмет !

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *