Бала дамуындағы қол маторикасының маңызы

Бала дамуындағы қол маторикасының маңызы
Бүгінгі заман талабына сай,жан жақты жетілген,бойында ұлттық санасы бар азаматты тәрбиелеп өсіру әр бір педагогтың алға қойған мақсаты деп ойлаймын, сондықтан тәрбиенің тал бесіктен басталатынын ескерсек,ата-бабадан келе жатқан дәстүрлі, өзіміз түпкілікті түсініп,балаларға сол тәрбиенің нәрін сіңіре білу әр тәрбиешінің міндеті.
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты-балада» деген екен. Кез-келген адам , өзі өмір бойы қуып жете алмайтын «бақыт» деген құдіретті сөздің өлшемі, өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән берген халықпыз. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасаған» деген сөз тегін айтылмаған. Осы мақсатта қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата — ана тәрбиесінің әдіс – тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым – қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру. Ата — аналардың балабақшамен, тәрбиешімен тығыз байланысын арттыру. Балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.
Біздің басты міндетіміз ата-аналар мен балабақша арасындағы тығыз байланыс орната отырып,баланы жылы жүрекпен қабылдау,жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.
Ойын-балалар үшін қоршаған ортаны танып –білу тәсілі.Балалардың айналаны танудағы белсенділігі мен шығармашылығының қалыптасуына жол ашатын табиғи құбылыс.Балалардың ұсақ қол маторикасын дамытуда «Құлып», «Қояндар», «Тауыққа жем шашамыз», «Саусақтар амандасады» т.с.с ойын-жаттығулар өткізудің пайдасы зор.Сонымен қатар балалардың өзін-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру қажет.Мәселен:тиегін өзі салып,өзі ағыту,бауын байлау,т.б.
Қол маторикасын дамытатын ойын түрлеріне тоқталсақ: «Әр түрлі пішіндерді ілгек арқылы қада», «Күннің сәулесі».Әр саусақпен тасты,маймақты,шарикті айналдыру,алақанды жұмып ойын ойнау (таңертең тұрдық-ашылу,кешке ұйықтадық-жабылдық), екі қолдың саусақтарымен «жүру» үстелмен,алдымен ақырын,содан кейін тез жүріп келуі,жаттығу алдымен оң қолмен,содан кейін сол қолмен, жеке бір саусақты көрсету, содан соң қалаған саусақтарды көрсету (екі,үш,төрт,бес).
Жеке бір саусақты көрсету,барлық қолдың саусақтарымен үстелді соғу,ауада саусақпен бұлғау, қолмен фонарик жасау,қол соғу:ақырын,қатты,әр түрлі әрекетте. Барлық саусақты бірге жинау (саусақтар жиналды-қашты). Жуан жіпке түймелер,шарлар,мойыншақтар кигізу,түрлі-түсті жіңішке сымды немесе жіпті катушкаға орау,қалың арқан,жіп ұштарын байлау.Түймелерді,ілгіш,замок, қақпақтарды жабу,ауада сурет салу.Құммен,сумен ойнау .Бір қорап қыстырғышты жіпке,сонымен қатар картон қорабына қыстыру.
Бұл тапсырмалар қызықты болу үшін қорапқа үй жануарлары мен жабайы аңдарды салуға болады.Балалар оларды қыстырғышпен қыстыру арқылы үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажыратуды,қасық,қарандаш және қылқаламды дұрыс ұстауды үйренеді.
Ұсақ қол маториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс деп шештім.Кішкентай баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсерп ете отырып массаж жасау керектігін түсіндім.Тобымдағы қолының икемі келмейтін әсіресе ер балаларға саусақ массажын күнделікті жасап түрлендіріп отырдым .Балалар қолдарына массаж жасағанды жақсы көреді.Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен әр кезде түрлендіріп балалармен бірге ойната отырып , қол икемдіігімен тілдік қорын дамыттым.Кішкентай бүлдіршіндерге өлең жолдарын айта бастағаннан, іс-әркетімен қимылын көрсете отырып жасаутын. Айта кететін болсам:
Мысалы:
Сылдыр ,сылдыр,мөлдір су
Мөлдір суға қолыңды жу
Жусаң егер әрдайым
Таза бетің маңдайың
Тазалықтың дос
Су дегенің осы
Жалғыз саусақь тіпті де
Ұстай алмас жіпті де
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды
Өнерлі екен он саусақ
Екі қолда білезік
Саусақтарда сақина
Санап көрші қанекей 1,2,3
Дем аламын жинап күш
Бала тілін дамыту үшін сөйлеу органы ғана емес сондай –ақ, ұсақ қол моторикасын да дамыту қажет. Сухомлинский айтқандай: «Қабілет бастауы мен балалар дарыны – саусақ ұштарында. Содан шығармашылық ойдың бастаулары пайда болады. Бала қолының қозғалысында еңбек құралына деген сенімділік пен тапқырлық орын алса, қиындық туындайды, ол үшін бала ойының шығармашылық анықтық қабілетінің өзара әрекеттестігі қажет. Балада қаншалықты шығармашылық қабілет болса, бала соншалықты ақылды келеді».
Көптеген жаңашыл зерттеушілер ұсақ моториканы дамытуға байланысты саусақ моторикасын дамытуға саусақ ойындарын, саусақ ойындарын сипаттауды, сергіту сәттерін, ойын –ертегілер пайдалануды ұсынады Т. А. Ткаченко сергіту сәтіне жаттығу енгізу бас миының сөйлеу зонасының қимылын белсендіреді, ол баланың сөйлеу тілін түзетуге мүмкіндік береді деп тұжырым жасаған. Ұсақ қол маторикасының ұздіксіз жұмысымның арқасында, баланың жүйке жүйесі, көру, көңіл бөлу,жадында сақтау қаблеттерін дамыттым.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *