сенсорикалық тәрбие
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру.
Тақырыбы: Геометриялық фигуралардан бейнелер құрастыру.
Мақсаты :Геометриялық фигуралармен таныстыру.
Білімділік міндеті: Олардың пішіндерден түрлі бейнелер құрастыру арқылы балалар санасына геометриялық фигуралар жайлы түсінікті дағдыларына сіңіре білуге үйрету
Дамытушылық міндеті: Балалардың дидактикалық ойындар арқылы логикалық ойлай қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік міндеті: Балаларды ұқыптылыққа, бір-біріне сыйластық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Әдістер мен тәсілдері: әңгімелеу,түсіндіру.
Сөздік жұмыс: қызыл,сары,түрлі түстті.
Билингвалдық компонент: сары-желтый,көк-синий.
Полингвальді компонент: табиғат-природа-nature.
Құрал- жабдықтар: геометриялық пішіндер. Үлестірмелі пішіндер – әр балаға геометриялық фигуралардан жасалған пішіндер, сұрақ-жауап, табиғи материалдардан бейнелер құрастыру (пластмасса ойыншық кірпіштер, фетр матадан, ағаштан жасалған геометриялық пішіндер, табиғи заттар:емен жанғағы, грек жанғағы, ұлу қабығы және т.б),
Оқу іс – әрекетінің кезеңдері | Педагогтың іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті | ерте топ | кіші топ | ||
ерте топ
кіші топ |
Есеп+ | Есеп- | Есеп+ | Есеп- | ||
Кіріспе бөлім | Тәрбиеші: Балалар бізге бүгін сабаққа қонақ болып көп апайлар келіп отыр танысайық.
– Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Қайырлы таң, балалар, Қайырлы таң, апайлар. Осы кезде геометриялық фигуралардың патшасы мен ханшайымы келеді. Балалармен сәлемдеседі. |
Шеңбер бойына тұрып,амандасады. | ||||
Негізгі бөлім | – Ерте, ерте, ертеде геометрия патшалығында, пішіндер көшесінде үшбұрыш, төртбұрыш, сопақша тұрыпты. Күндердің күнінде олардың арасында дау болыпты. Кім күшті деп бір-бірімен дауласады.
Төртбұрыш айтады: «Мен ең күштімін. Менің барлық қабырғаларым тең. Мен барлық жерде ең мықтымын». Дөңгелек айтады: «Бекерден-бекер сөйлеме! Кімге керек сенің тең бұрыштарын?! Мен ешқандай бұрышсызбын. Дөңгелекпін! Көңілдімін! Менде не басым, не аяғым жоқ». Үшбұрыш айтады: «Дауласпаңдар, барлығы біледі, үшбұрыш күшті. Біздің орындарымызды ауыстырып, әртүрлі бұрыштармен бірге бола аламыз. Сопақша (айтады: «Не ұрысып жатсыңдар? Сендер барлықтарын жақсы фигурасыңдар және адамдарға қажетсіңдер. Адамдар бізді құрылыста паййдаланады. Әрбір үйде үшбұрыш, шаршы,дөңгелек бар. Біз туралы адамдар зерттейді. Балалар бақшада бізді оқиды. Олар бізсіз ешнәрсе істей алмайды. Біз оларға керекпіз. Сен біреуге керексің. Біреулер сенің көмегіне мұқтаж». Геометрия фигурасының патшасы мен ханшайымы: Жарайсың, дұрыс айтасың! Мен сендерге тапсырмалар алып келдім.Қолына тоты құстын ұясын ұстап кіреді. Сендер менің тамсырмаларымды орындасаңдар,осы тоты құстарды сыйлап кетем. Тәрбиеші: Сандықтан көрпе жасап отырыңыз. Геометриялық фигура ханшайымы: – Сандық ашылмайды. Неге? Тәрбиеші: Сандықтың кілтін табайық. Тақтада құлыптың суретті ілініп тұрады. Астында үшбұрыш, төртбұрыш сопақша. Қандай фигура артық? Балалар суреттен табады. Балалар:ұшбұрыш артық. Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар. Геометриялық фигура ханшайымы: Сандық ашылды,мен көрпеше тіге бастайын пішіндерден. Сергіту сәті. – Айда біреу аспанда, Күнде біреу аспанда. Тұратұғын елжіреп, Бәрімізде бір жүрек. Сенбесеңіз қараңыз, Бір ғана ауыз, бір ғана мұрын, Кім байқады, кім сезді, Мықты жандар бір сөзді. Балалар қимылмен жасап көрсетеді. Тәрбиеші: Балалар, геометрия патшаның сарайына барғыларың келе ме? Тәрбиеші: Ол үшін ойын ойнайық. Кубиктарды лақтырып, жолдарды анықтаймыз. Геометриялық фигуралардың патшасының сарайына барып керекті заттарды алып келеміз. Геометриялық фигура ханшайымы мен Геометриялық фигура патшайымы балалардың пішіндерді толық білетінін,олардан бейнелер құрастыра алатындығына риза болып,тоты құстарды ұясымен балаларға сыйлап кетеді. |
Қызығушылық танытады.
Мұқият тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Өлең жолдарына сәйкес, қимылдар жасайды.
Ия, әрине!
Қуанады. |
||||
Қорытынды бөлім | Тәрбиеші: Балалар геометриялық фигураларды табады және бір-бірінен ажырата біледі. Қағаз бетінде бағдарлай алады. Түрлі бейнелер құрастырады. |
Күтілетін нәтижелер:
Қабылдай алады: Геометриялық фигураларды.
Қолдана алады: дидактикалық ойындар арқылы логикалық ойлай қабілеттерін арттыруды.
Түсінеді: , бір-біріне сыйластық қарым-қатынасын.