Қуыршақ Әйгерімге арналған моншақ.
Білім беру саласы: Таным, шығармашылық
Бөлімі: Сенсорика
Тақырыбы: Қуыршақ Әйгерімге арналған моншақ.
Мақсаты:
Балаларды өлшемі бірдей моншақтарды тізбектеп жіпке өткізу барысында қолдануға үйрету.
Қызыл,көк түстер туралы түсініктерін бекіту.
Саусақ ұштарының маторикасын дамыта отырып,ойлау қабілетін дамыту.
Ойыншықтарды күтіп ұстауға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қуыршақ Әйгерім, моншақтар,баулар.
Сөздік жұмыс: Тізіледі.
Билингвизм: Моншақ-бусы.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық -қозғаушылық | Шаттық шеңбері.
Қуанамын мен де, Қуанасын сен де. Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге.
|
Өлең жолдарына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | –Қане балалар мына ойыншықтарға назар аударайықшы.
Кімнің ойыншықтары екен. -Ал мыныу кімнің қуыршағы екен? Ғажайып сәт. -Қонаққа Қуыршақ Әйгерім келеді. -Ол өзінің қуыршағын жоғалтып алғанын айтып мұңдайды. -Ойыншық арасынан өз қуыршағын көріп,қуанады.Өзімен бірге моншақ алып келгенін,ол моншақты қуыршағына тағатынын айтады. -Моншақты қыз балалар мерекелерде,туған күн кешінде сән үшін тағады.Моншақты бауға тізеді. Сөздік жұмыс: Тізіледі. Билингвизм: Моншақ-бусы. Шығармашылық жұмыс: -Бауға қызыл,көк түсті моншақтарды кезектестіре тізеді. Моншақтың пішіні дөңгелек. -Моншақты тізіп біткеннен кейін ойыншығымызға тағамыз. Сергіту сәті. Музыка әуенімен билейді.
|
Балалар қызыға қарайды.
-Әр бала өз ойыншықтарын айтады.
Мұқият тындайды.
Бірнеше рет қайталайды.
Моншақтарды кезектесіп тізеді.
|
Рефлексиялық – түзетушілік | “ Кім жылдам ” ойыны.
Ойын шарты: балалар берілген қорапшаларды жылдам ашады. |
Қуана қорапшаларды ашады. |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: Қуыршақтардың мойнына тағатын моншақтарды тізеді;
Түсінеді: Қызыл, көк түстер туралы;
Қолданады: Моншақтарды түсі бойынша кезектестіре тізеді;
өте жақсы
өте
өте жақсы ауқымды жоспар