Ар-ождан ғылымы

  Өзін-өзітану  сабағының  жоспары

Мектеп:  № 15 орта  мектеп .Жаңаөзен қаласы

Мерзім:      сынып   4  «»      № 22 сабақ

Тақырып:    Ар – ұждан  ғылымы

Мұғалім:   Базарбаева  Дина  Оразханқызы

Құндылық:   Ақиқат

Қасиеттер:   әділдік, шыншылдық, адалдық

 

Мақсаты: оқушыларға   адам  өміріндегі  ар-ұжданның  алатын  орнын  түсіндіру  арқылы  ақиқат  құндылығының  мәнін  ашу.

Міндеттері:

1.     Білімділік: оқушыларға  адам  бойындағы  ар-ұждан  туралы  түсінік  беру;

2.     Дамытушылық: оқушыларды ар-ұждан  дауысын  ести  білуге  үйрету;

3.     Тәрбиелік: оқушыларды әділдік, шынайы  және  адал  болуға  тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru

[1]https://angimeler.wordpress.com

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі.

5       Т – ережесі:

1.     Тәртіп.

2.     Талап.

3.     Тыныштық.

4.     Тазалық.

5.       Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып — білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

 

 Жағымды көңіл-күйге келу.     Нұрға бөлеу

Мұғалім: ( жай  әуен  ойнату) Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз:  Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.  Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.  Ол біртіндеп күшейе түсуде.  Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға

көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.  Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз:     «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын»…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.

 

 2. Үй тапсырмасын  тексеру.

Ермек Өтетілеуовтың   «Балмұздақ» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

•  Ағай  балаларға  балмұздақты  не  үшін  берді?

•  Мирас  неліктен  балмұздақтан  бас  тартты?

•  Ар-ұждан  дауысын  ести  алуға  не  көмек  берді?

•  Арлы  адамның  іс-әрекеті  қандай  болады  деп  ойлайсыңдар?

• Сеніңше, ар-ұждан  дегеніміз  не? Айтып бер.

3. Дәйек сөз.

 

 

«Пайда  ойлама, ар ойла»

Абай Құнанбаев

Хормен айттыру, ұл  балаларға, қыз  балаларға  айттыру

-Дәйексөздің  мағанасын  қалай  түсінесіздер?

Дәптерге  жаздырту.

Қорытындылау

 

Балалардың  жауаптарын  дәйексөздің түсіндірілуімен түйіндеу:

– Ар,намыс, абырой – бұл  адамның  қадір  қасиеті. Әрдайым  қадір қасиетімізді  бағалап, қадірлей  білуіміз  керек. Өз  бойына  әділдік, адалдық, ар-намыс, ұят, аброй, жомарттық  қасиеттерін  сіңіре  білген  ұл-қыздарды  иманды  да,әдепті  деп  танимыз.

 

Абай Құнанбаев (1845-1904ж.ж.)

Ақын,ағартушы,

жазба қазақ әдебиетінің,қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы,философ, композитор.

4.Әңгімелеу.

Бейнебаянмен  жұмыс:  «Шыншыл бала»

-Бейнебаяннан нені түсіндіңіздер?

-Бейнебаяндағы  баланың  әрекетін  қалай  түсіндіңіздер?

-Басқа адамдардан  қандай  қасиеттерді  байқадыңыздар?

-Қарақшылар баладан қандай өнеге алды?

 

 

 
5.Шығармашылық  іс-әрекет, топтық  жұмыс.

«Адалдық» тобы: сахыналық  қойылым  дайындау

«Әділдік» тобы: ар – ұждан  туралы  өлең  жазу.

«Шынайылық» тобы: «арлы адам» тақырыбына постер қорғау.

 

А4,А3,маркер,

түрлі-түсті қағаз

 

6.     Топпен ән айту.

Өмірімнің  мәні

Әнін жазған : Қаныбекова Сұлухан

 

Өмір-менің  жарқылдайтын  аспаным!

Өмір-менің  таусылмайтын  дастаным!

Адам  болып  келгеннен  соң  өмірге,

Өмір  мәнін-ізгілік  деп (2-рет) қоштадым

 

Ақиқатты  тану  үшін  ғаламда,

Сүйіспеншілік  керек  барша  адамға!

Ой, сөз, ісің  дұрыс  болса  әрдайым,

Қиянат та  жасамайды(2рет) әманда

 

Жалпыға  ортақ  адамзаттық  құндылық,

Жақсылыққа  жетелері  бір  шындық,

Жүрегіміз  нұрға  толы  жан  болсақ,

Баршамызда  болар  ішкі(2рет) тыныштық!

 
7. Үй тапсырмасы.

1. №22 – сабақ. 2 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №22 «Мұны  қалай  түсінеміз?» мәтінін оқып келу.

 
8. Сабақтың  қорытынды  сәті. (Жағымды  әуен) «Бүгінгі  сабағымызды  есімізге  түсірейікші.Жақсы  ой  ойлайық, жақсы  сөз  сөйлейік, жақсы  іс  жасайық!»

Сабақ  аяқталды. Сау  болыңыздар!

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *