Жеткіншектер арасында туындайтын дау-дамайлардың түрлері және олардың туу себептері.

Жеткіншектер арасында туындайтын дау-дамайлардың түрлері
және олардың туу себептері.
Қазіргі таңда қоғамымызда өз міндеттерін қате түсініп теріс жолға түсіп кеткен жеткіншектер саны өсуде. Жеткіншек кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орын оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын» сыналатын, кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму процесстерінің күрделігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Зерттеулердің көрсетуінше, жеткіншектердің құндылықтар жүйесі өзгеріске еніп, «тәртіп», «борышты өтеу», «өзін-өзі игеру» деген қызығуы азайып, «беделділерден еркін болу», «тұлғаны мойындау», «автономия», «жеке дербестік» құндылықтарының рөлі арта түсуде.
Жеткіншектер бір-бірімен статусына байланысты және оны өздерінің арасында көрсетуде жиі шиеленіске түсіп тұрады. Олардың мінез-құлқы терең және тұрақты мотивтермен көрсетіліп, мінезіндегі толқулар болады, бірақ оны мұғалімдер тек сыртқы көрініс ретінде қабылдайды. Толқулар сыртқы ортаға индивидуалдық қатынасты анықтап, оқушыны шиеленістік жағдайдан шығуға әкеледі. Ата-аналар түсінбейді деген қорқыныш, өзін көрсетудегі сәтсіздіктен қорқыныш, достарын таңдаудағы бірінші эмоционалды көрініс, ересектермен, мұғалімдермен қарым-қатынасқа түсудегі қорқыныш – осылардың барлығы жеткіншектермен қарым-қатынастағы күрделі жүйеде шиеленіс тууының объективті себептері.
Д.Г. Зеркин шиеленістерді мазмұндық сипатына қарай төмендегідей бөлген:
1. Когнитивті шиеленіс деп – когнитивтік танымдық көзқарастарды айтамыз. Ондай шиеленісте әрбір субъектінің мақсатына орай, оппонентті көндіруі өзінің көзқарасы дұрыс екенін дәлелдеуі, өзін позициясына сендіру болып табылады. Қызығулықтардың шиеленісі – топтағы шиеленістердің шартты түрде бөлінуін айтады. Әрбір шиеленіс жанап өту қызығушылықтарына орай дамиды.
2. Іскерлікті шиеленіске, дауда өзара байланыстың пәндік мазмұны жатады.
3. Позициялық шиеленісте, дау-дамайлы қатынастың қатысушыларының өзара қатынастарын өзгертуге бағытталған.
Әсер ету бағыттарына байланысты шиеленістер екіге бөлінеді:
1. «Вертикалды» шиеленісте бірі екіншісіне бағынышты адамдар қатысады.
2. «Горизонтальды» деп шиеленістер бір-біріне бағынбайтын адамдар іске қосылады.
Педагогикада шиеленістерге мағыналы құбылыс ретінде қарап және оған ерекше назар бөлген жөн. Шиеленістердің болуы, дамудың заңды көрсеткіші, онсыз ешбір ұжым, ешбір тұлға дами алмайды. Шиеленістік, тұлғаға тәрбиелілік ықпал жасайтын тиімді құралы, ол шиеленістік жағдайды, арнайы педагогикалық-психологиялық біліммен және сәйкес іскерліктің негізінде ғана жеңуге болады. Бұған қарамастан, мұғалімдердің көбі, қандайда болмасын шиеленістерді, олардың өздерінің тәрбие жұмыстарындағы сәтсіздігін көрсететін құбылыс деп бағалайды. Бірақ педагогтардың «шиеленіс» деген сөздің өзіне абайлық қатынасы бұрынғыдай сақталған, олардың санасында, бұл ұғым тәрбие үрдісінде, қарым-қатынастың нашарлауы, тәртіптің бұзылуы деп қабылдайды. Шиеленіс дұрыс шешілген жағдайда, баланың дамуына дұрыс әсер етуін ескере бермейді.
Педагогикалық шиеленістердің ерекшеліктері:
1. Шиеленістік жағдайды дұрыс шешудегі мұғалімнің кәсіби басшылығы;
2. Шиеленіске қатысушылардың әлеуметтік мәртебелерінің әр-түрлі болуы (мұғалім-оқушы);
3. Шиеленіске қатысушылардың өмірлік тәжірибелерінің және жастарының айырмашылығы;
4. Қақтығысушылардың шиеленісті әр-түрлә түсінуі (мұғалім және оқушы көзқарасы тұрғысынан);
5. Шиеленіске басқа оқушылар қатысып, куәгер болады, бұл жағдай оларға тәрбиелік әсер береді;
6. Мұғалімнің кәсіби позициясы – шиеленісті шешуде бірінші орында болуы;
7. Қатысушылардың өмірлік тәжірибесінің айырмашылықтары, шиеленістерді, шиеленістерді шешудегі жіберілген қателіктеріне байланысты әр-түрлі деңгейдегі жауапкершіліктің тууы;
8. Мұғалімнің кәсіби қабілеттелегі, шиеленістерді шешуде оқушының мүддесін бірінші орынға қоя білу;
9. Өз эмоциясын бақылай отыра, объективті бола білу, оқушылар наразыларын дәлелдеуге, «қызығуын басуға» мүмкіндік береді.
Жоғарыда көрсетілген педагогикалық шиеленістердің ерекшеліктерін әрбір мұғалім біліп, өз тәжірибесінде қолдана білуі қажет.
Оқушылармен қарым-қатынастағы қайшылықтар педагогтың шиеленісті шеше білмеу нәтижесінде жиі пайда болады және ереже түрде ұзақ мерзімді сипатта келеді. Бұл шиеленістер тұлғалық мағынаға ие болады, мұғалімге деген оқушының ұзақ жек көрушілігі туады да, ұзақ уақыт олардың өзара байланысын бұзады.
Оқушылар мен мұғалімдер арасындағы, әсіресе мұғалім мен жеткіншектер арасындағы қарым-қатынаста кездесіп қалатын тартыстар мәселесі мынадай себептерге байланысты:
1. Орта жастағы мектеп оқушылары өздеріне ерекше зейін қойып қарауды қажетсінеді, олардың өміріндегі өтпелі кезең, жоғары талаптар, сана сезімі мен ақыл-ойының өсуі мұғалімді жасөспірімнің жаңа қырынан көруге мәжбүр етеді.
2. Өтпелі кезең жасындағы балаларда теріс қылықтарын көрсетуден туындайтын тартыстарды жиі кездестіруге болады. Балалардың жас ерекшелігін және тәлім-тәрбие жұмысында соған сай әдіс амалдарды қолдана білмеуден кейбір мұғалімдер өз жұмысында көптеген қиындықтарға кездеседі. Енді-енді қалыптаса бастаған жеткіншек мінез-құлқына кері әсерін тигізеді.
Ал оқыту процесі барысында жиі кездесетін шиеленіс бұл – оқушылардың арасындағы шиеленіс. Жеткіншектер арасында шиеленістер өткен дәуірлерден келеді және ол әрбір ұлт өкілдерінде болады. Балалар мекемелеріндегі, ал әріресе жеткіншектер бар мекемелерде қиындықтар оқушының сыныптағы немесе шағын топтарда позициясының өзіне сәйкес болмауынан туындайды.
Ғалым психологтар О.Ситковская мен О.Михайловалардың психологиялық бақылауларынша, жеткіншектік шақта лидерлікке ұмтылу, өзін-өзі көрсетудегі артықшылық, қатыгездік және аяусыздық тән келетіні анықталған. Балалық шақтағы қатыгездік, барлығына белгілі көрініс. Әлемдік педагогикалық парадокстың қорытындысында балалар өздерімен жастыларды құртуда, ересектерге қарағанда, әлде қайда қатал болатыны жазылған. Оқушылардың агрессивтік мінездерінің пайда болуы, жеке тұлғаны әлеуметтендірудегі дефектілермен байланысты. Шиеленіске түскіш ер балаларды ата-аналары ұрып-соғып тәрбиелегені дәлелденген (А. Бандура). Ал оның салдарынан баланың бойында агрессивті мінез құлық қалыптасады. Кеңестік психологияда осы агрессивтіліктің қалыптасуындағы ата-ананың рөлін анықтауға тырысқан. И.А. Горькованың мәліметтері бойынша ол агрессивтілігі жоғары 35 деликвентті жасөспірімді зерттегенде отбасындағы бала өміріне немқұрайлықпен, қараусыздықпен ата-аналардың 76% қараған, ал 72% жасөспірімдердің айтуынша балалық шақтарында ата-анасы жағынан қатты соққыға түскендерін және ата-анасына деген эмоциональды жақындықтың жоқ екендігін айтқан. Агрессия түсінігі арқылы күшті белсенділікті өз ісінің дұрыстылығын дәлелдеуге талпынуды сыртқы күштерге қарама-қарсы тұруға мүмкіншілік беретін ішкі күш арқылы түсінуге болады деп айтқан Ф.Аллан. Дау-дамайларды шешуге жағымды әсер ету жанжалдасушыларды бірлескен қызметке тартуға, басқа оқушылардың жанжалдарын шешуге қатысуға, әсіресе белсенділердің жанжалдарын шешуге ықпал етеді. Мүмкіндігінше ұжымдық жазалауды қолданбаған жөн, себебі ол қоғамдық тәртіп пен ережені бұзатын оқушылардың бірігуіне әкеліп соғуы мүмкін. Даулы жағдайлардың жиі қайталануының жиі қайталануының алдын-алу үшін және оладың ерте кезеңінде шешу мүмкіндігін қалыптастыру үшін сенімділік атмосферасын, өзара ықпалдастықты арттыру және барлық даулы мәселелер бойынша ақпарат алмасу атмосферасын қалыптастыру қажет. Сонымен қатар сәйкес өткізілетін әлеуметтік-психологиялық тренингтер де жақсы көмектеседі.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *