Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану Тақырыбы: Алғашқы гүлдер

 

Қызылорда қалалық білім бөлімінің «Сыр бөбегі» бөбекжай-бақшасы КМҚК тәрбиешісі Турисова Лаззат Бигалиевна

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Алғашқы гүлдер

Мақсаты: Түстерді ажырата білу, көктем туралы білімдерін толықтырып,  алғашқы көктемгі гүлдер туралы балалардың білімдерін нақтылау. Гүлдерді салыстырып, сыртқы белгілеріндегі ұқсастық пен айырмашылықты таба білу дағдыларын жетілдіру; гүл бөліктерін тану дағдыларын қалыптастыру.

Әдіс – тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, АКТ

Технология: Воскобович дидактикалық материал ойындары.

Билингвизм: көктем-весна-spring,  гүл-цветок-flower, бәйшешек-подснежник, қызғалдақ-тюльпан, бақ-бақ-одуванчик.

Барысы:

Шаттық шеңбері ( Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең сөздеріне қарай қимыл- қозғалыспен көрсетеді)

Күннің көзі ашылып

Көкке шуақ шашылып

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Ал, қәнекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге.

Балалар үш тілде амандасады.

-Сәлеметсіздер ме!

– Здравствуйте!

– Good morning!

Балалардан сұраққа жауап алу.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемде  ауа-райында қандай ерекшеліктер болады?

(Балалар сұрақтарға толық жауап беріп, көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтады).

Қазір жылдың көктем мезгілі. Көктемде  күн жылына бастайды. Ағаштар бүршік атып жапырақтайды.Құстар жылы жақтан ұшып келеді. Жерге көк шөптер шыға бастайды.Жәндіктер, құрт-құмырсқалар шыға бастайды. Жаңбыр көп жауады. Күн ұзарып, түн қысқарады.

Өте жақсы. Көктем мезгілінің ерекшеліктерін біледі екенсіңдер.

Музыка әуенімен «Гүл ханшайымы » келеді.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен  «Гүл ханшайымымын» Мен гүлден  жаратылғанмын. Сендер мен туралы білгілерің келе ме?

Көктем мезгілінде далада, қырда әдемі көктем гүлдері шыға бастайды.Ал енді бейнетаспадан гүлдерді тамашалайық.

(бейнефильм, бәйшешек, қызғалдақ, бақ-бақ өсіп шығуы)

Бәйшешек-сәндік өсімдік, суыққа төзімді қар ерісімен шығатын түсі ақ гүл.

Бәйшешектің түсі ақ, жапырағы жасыл түсті.

Қызғалдақ-көп жылдық өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында кездеседі.

-Қызғалдақтың түсі қызыл,  жапырақтары  жасыл түсті..

Бақ-бақ-көпжылдық, жол жиегінде, тау бөктерлерінде өседі.Бақ-бақтың түсі сары, жапырағы  жасыл болады..

Гүлдер жерді көріктендіреді, бөлме ауасын тазартады, адамға жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Гүлдерді салыстыру,  құрылысын таныстыру.

Өсімдік бөліктері: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл. Гүлдерді тамыр ұстап тұрады.

Тамыр топырақтан суды сіңіріп, оларды сабақ арқылы жапыраққа, бүршікке, жемістерге жеткізеді.

Гүлдер әдемі болып өсу үшін не керек?

-Топырақ, күннің көзі, су, ауа, жылу.

 

Билингвизм: көктем-весна- spring, гүл-цветок-flower, бәйшешек-подснежник, қызғалдақ-тюльпан, бақ-бақ-одуванчик.

Сергіту сәті:

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап дем алып

Қанатымды бір қағып

Гүлдей болып жайқалам.

 

Екі топпен жұмыс:

I топ. Гүлдерді күтіп-баптау.

II топ. Гүлдердің бөліктерін зерттеу.

 

     Дидактикалық ойын:  «Көбелектер мен гүлдер»  Воскобович дидактикалық материалдарымен.

Гүлдер геометриялық пішіндерге орналасқан, (құты ретінде қойылған) көк шаршы үстінде көк гүл, қызыл үшбұрышта қызыл гүл, дөңгелек сары құтыда сары гүл т.с.с Сонымен қатар әр гүлдің үстінде көбелектер бар, оларды өз түсіне қарай отырғызады. Балалар гүлдердің түсін, астындағы геометриялық пішіндерді анықтайды.

 

Балаларды мадақтап ашық ұйымдастырылған оқу қызметін аяқтау.

                              Күтілетін нәтиже:

       Қайталай алады: алғашқы көктемгі гүлдерді

       Түсінеді: Гүлдерді салыстырып, сыртқы белгілеріндегі ұқсастық пен

                        айырмашылықты.

       Қолданады: өсімдік бөліктерін атайды, гүлдерді баптай алады

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *