ашық сабақ

Тобы: Ортаңғы топ

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: ҚМҰҚ

Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер»

Мақсаты: Балалардың ой-өрісін кеңейту, геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажыратып, атай білуге үйрету.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, дос болуға тәрбиелеу.

Білімділік: Пішіндер жайлы толық түсінік беру, салыстыру, санауға, кері санай алуға үйрету.

Дамытушылық: Балаларға қиял болжамдарын дамыту, таным өнерін, өз ойын еркін айта алуға баулу. Білімдерін жүйелі түрде көрсете алуға, ойлау, көріп тану, зейінін есте сақтау қабілеттерін ойын арқылы дамыту.

Көрнекілік: Үлгі пішіндер, сандар, суреттер.

Әдісі-тәсілдері: Монтессори , ӨТШТ технологиялары, кубизм әдісі, сұрақ-жауап, ойын

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

I.Мотивациялық

кезең

Шаттық шеңбері: Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылсын! Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті, Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой, Ал, кәнекей бәріміз, Сәлем дейік үлкенге… Сәлеметсіздерме, апайлар! -Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық! -Міне балалар, сендер тату-тәтті дос екендеріңді білдіріп, бір-біріне жүрек жылуларынды беріп, жақсы тілектер айтыңдар. Тілектерің қабыл болсын! Шаттық шеңберін жасайды Еліміз аман болсын! Аспанымыз ашық болсын! Мейірімді болайық! Деніміз сауболсын! Достарымыз көп болсын!

II.Ізденушілік

кезең -Балалар бүгін математика сабағында 1-ден, 5-ке дейін тура және кері санап үйренеміз, пішіндердін үш түрін еске түсіріп салыстыра отырып, түстерді дұрыс атап айтуға машықтанамыз. «Шатасқан сандар» ойынын ойнауға дайынсындар ма ? Д/О№1 Мақсаты: балалардың тура және -Иә

кері санай білу машықтарын тексеру. Шарты: Балалар сандарды 5-ке дейін тура және кері санаулары керек. -Кәне, көмектесеміз бе? 1,2,3,4,5 5,4,3,2,1 Жарайсыңдар! ӨТШТ технологиясын пайдаланып, ойын ойнау. Д/О№2 «Иә, жоқ» Мақсаты: Балалардың санау машықтарын дамыту. Шарты: «Иә» немесе «Жоқ» жауабын талап ететін сұрақтар қойылады. -Енді бәріміз тақтаға назар аударайық. ——Мынау ненің суреті? -Неше мысық?Екеу ме? -Біреу ма? -Мысықтың неше кұлағы бар?Біреу ме? -Үшеу ма? -Екеу ме? -Неше көзі бар?Біреу ме? -Екеу ме? -Мысықтың неше құйрығы бар?Екеу ме? -Біреу ме? -Жарайсыңдар! -Балалар, тақтаға қарап, мұқият тыңдаймыз. Мынау пішіндер: 1.Мынау –үшбұрыш. Үшбұрыш деп аталуының себебі, санасақ оның үшбұрышы бар, сол себепті оны үшбұрыш деп атаймыз. Мысалы: үйдің шатыры. 2.Келесі танысатын пішініміз-төртбұрыш. Төртбұрыш деп аталуының себебі, оның бұрышын санайық, нешеу екен? -Дұрыс айтасыңдар, сондықтан біз оны төртбұрыш деп Тура және кері санайды. -Мысықтың -Жоқ -Иә -Жоқ -Жоқ -Иә -Жоқ -Иә -Жоқ -Иә -Төртеу

атаймыз.Мысалы: теледидар, қорап, сөре т,б 3.Мынау- дөңгелек. Дөңгелекте бұрыштары болмайды, ол допқа, күннің көзіне т.б ұқсайды. Д/О№3 «Бұл не? Ол кандай түсті?» Мақсаты: Балалардың пішін түрлері мен түстерін ажырата алу машықтарын тексеру. Шарты: Пішіндерді атау керек, түстерін айту керек. -Мына жерде геометриялық пішіндер бар екен. Қандай пішіндер екенін атаңдаршы? -Дұрыс айтасыңдар. -Енді осы пішіндердің түстерін атайық Дөңгелектің түсі қандай? Үшбұрыштың түсі қандай? Төртбұрыштың түсі қандай? Д/О№5 Жұмбақ жасыру -Осы пішіндерді пайдаланып, не құрастыруға болады. Ендеше мені мұқият тыңдаңдар. -Мен сендерге қызықты өлең оқып беремін. Қызыл, сары, жасыл, Алуан, алуан пішіндер. Ұшбұрыш, төбесі, Төртбұрыш денесі, Мынау міне терезе! Балалар қараңдаршы мен не құрастырдым? Мен үйді қандай пішіндерден құрастырдым? Кубизм тәсілін пайдаланып ойын ұйымдастыру Д/О№4 Мақсаты: Балалардың ойлау өрістерін кеңейту, қиялдау машықтарын жетілдіру. Шарты:Балалар кубикті лақтырады, үстіне түскен суретті атап, оның қандай пішінге ұқсайтынын айтады. Мысалы: -Қарбыз -Дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш -Сары -Қызыл Жасыл -Үй Балалар жарыса жауап береді. -Түсі жасыл, дөңгелек. -Көк түсті, төртбұрыш. -Жасыл түсті, үшбұрыш. Сергіту орындайды.

-Сөмке -Шырша Сегіту сәті. Түзу тұрайық, Алақанды ұрайық, Оңға қарай бұрылып, Солға қарай бұрылып, Алақанды ұрайық, Қане, түзу тұрайық! Балаларды «Тәй-тәй» технологиясы бойынша екі топқа бөлу. 1)Д\О№6 Воскобович тақтайшаларын пайдаланып пішіндер арқылы үй, машина жасату. 2)Д/О№7 Монтессори технологиясын қолдану арқылы балалармен «Үйін тап» дидактикалық ойынын ойнату. Мақсаты: Қол моторикасын жетілдіру, пішіндерді дұрыс ажырата алу машықтарын дамыту. Шарты: Берілген үш қорапшаға пішіндерді дұрыс орналастыру. Тәрбиеші көмегімен пішіндер жасайды. Балалар ойынға белсене қатысады.

III. Қорытынды Балалар, бүгін сабақта не туралы өттік? -Қандай пішіндермен жұмыс жасадық? Интербелсенді тақтаға кезектесіп шығып, пішіндердің пайдалана отырып, таңдаған түстерін атай отырып, үйдің суретін салу. Мақтап, мадақтау жұлдызша тарату. Балалар пішіндерді атап айтады. Бірігіп үй салады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс:Сандарды салыстырып, кері санай алады, пішіндерді атап айтып, түстерді ажыратады, қойылған сұрақтарға толық жауап бере алады..

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *