Бөліктерден фигура құрастырамын

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім саласының мазмұны: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Математика

Тақырыбы: «Нұр-Сұлтанға саяхат. Бөліктерден фигура құрастырамын»

Мақсаты: Балалардың фигуралар туралы түсініктерін кеңейту, бөліктерден фигура құрастыра білуге үйрету. Геометриялық фигуралардың түрлерін ажырата білуге үйӘртүрлі сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік қорларын, ой-өрістерін дамыту. Балаларды адамгершілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: АКТ, құстардың суреттері, пазлдар, суреттер, кеспе әріптер

Блингвалды компоненті: Фигуралар – фигуры – figures

Үшбұрыш – треугольник – triangle

Шеңбер – круг – circle

Тіктөртбұрыш – прямоугольник — rectangle

Шаршы – квадрат – square

Бесбұрыш – пятиугольник – star

Көпбұрыш – многоугольник – polygon

Сопақша – овальное – oval

Күтілетін нәтиже: Бөліктерден фигура құрастыра біледі.Фигура түрлерін ажыратады және жатқа айта біледі.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әреркеті
  І. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.

«Жылулық шеңбері»:

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер.

Өсті ақыл, ойларың

Өсті міне, бойларың

Иіліп сәлем береміз,

Әдепті боп өсеміз.

 

Здраствуй,  солнце золотое,

Здраствуй, небо голубое!

Здраствуй, ты!

Здраствуй, я!

Здраствуйте,  мои друзья!

 

Good Morning

Good Morning

Good Morning to you

Good Morning.Mr.Rooster

Cock – o – doodlec-doo.

ІІ. Ой-қозғау.

-Балалар біз бүгінгі оқу қызметіне қонаққа саяхатшы қыз Дара келіпті. Ол бізді өзімен бірге саяхаттауға шақырады. Олай болса, біз Дарамен бірге Нұр-Сұлтан қаласына саяхатқа барамыз. Ол үшін бізге не керек?

-Жарайсыңдар! Олай болса кеттік!

Ал  балалар, жол қысқарсын дегендей, ойнайық,

ойнайық та ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

шешпей оны қоймайық.

«Ойлан тап» ойыны.
Атына сай балалар,
Үш бұрыш, үш жағы бар.
Ол пішінді кім табар?

(Үшбұрыш)

Төрт бұрышы бар,

төрт қабырғасы бар.
Бұл қай пішін? (Төртбұрыш)

Допқа өзі ұқсайтын,
Ерекше бір пішін бар.
Атын оның атаңдар?

(Шеңбер)

Видео көрсету.

-Сонымен балалар біз бүгінгі оқу қызметінде немен таныс боламыз?

Блингвальді компоненттерін айту.

(айтылым, тыңдалым, оқылым)

Фигуралар – фигуры – figures

Үшбұрыш – треугольник – triangle

Шеңбер – круг – circle

Тіктөртбұрыш – прямоугольник — rectangle

Шаршы – квадрат – square

Бесбұрыш – пятиугольник – star

Көпбұрыш – многоугольник – polygon

Сопақша – овальное – oval

-Бөліктер туралы түсінік беру. Тақтада көрсету.

-Ой шақыру.

Міне Нұр-Сұлтан қаласына да келіп жеттік. Енді Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлеріне саяхаттайтын боламыз. Адасып кетсек не істейміз деп ойлайсыңдар?

Ал ондай болмас үшін біз не істеуіміз керек?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Жылулық шеңберін 3 тілде орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар өз ойларын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Жұмбақтардың шешулерін табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

-Видео көреді.

-Геометриялық фигуралар деп айтады.

 

 

 

 

-Блингвальді компонентін айтып үйренеді.

 

 

 

 

 

 

-Түсінік алады.

 

 

-Өз ойларын айтады.

  ІІІ.Негізгі бөлім.

-Бәйтерек монументіне саяхат.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-тапсырма.

-Жапсырмадан алып Нұр-Сұлтан қаласының суретін құрастыру.

-«Бейбітшілік пен келісім сарайына» саяхаттайық.

2-тапсырма.

Машинаның жолын салу.

-«Ақорда» резиденциясына саяхат.

Дидактикалық ойын: «Мынау қай пішін?»

Шарты: бір баланы шығарып көзін байлап қолына фигура ұстату. Бала ол қандай фигура екенін тауып айтуы керек.

-Сергіту сәті:

Бойды сергек тік ұста
Емін еркін тыныста
Деміңді ішке тез алда
Оң қолыңды соз алға
Қол ұшына қарада
Үш бұрыш сыз ауада
Сол қолың да бос тұрмасын
Шеңбер жасап тынбасын.

Топқа бөлу.

Кесілген суреттерді алу арқылы 4 топқа бөлемін.

1-топ: «Шаршы»

2-топ: «Үшбұрыш»

3-топ: «Шеңбер»

4-топ: «Тіктөртбұрыш»

-«Думан ойын-сауық кешеніне» сахаттайық.

Топтық жұмыс.

1-топ: шаршының суретін салады.

2-топ: берілген суреттерден пазл құрастырады.

3-топ: ермексаздан шеңбер жасайды.

4-топ: таяқшалардан тіктөртбұрыш жасайды.

 

Бағалау. Топтар бір-бірін бағалайды. (смайлик арқылы)

-«Мәңгілік ел» ғимаратына саяхат.

-Тақтамен жұмыс.

(шеңбер, шаршы) сөздеріне дыбыстық талдау жасату.

-«Ханшатыр» ғимаратына саяхаттайық.

Дид/қ ойын: «Кім зейінді?»

Шарты: берілген суреттерден пішіндерді топтастырады.

-«Қазақ елі» монументіне саяхат.

3-тапсырма.

Фигура бөліктерін тауып тиісті түспен боя.

 

 

 

 

-Жапсырады.

 

 

 

 

-Жолын салады.

 

 

 

-Ойынды ойнайды.

 

 

 

 

-Қимыл-қозғалыспен көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

-3 топқа бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

-Топтық  жұмыстарды орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Дыбыстық талдау жасайды.

 

 

-Ойынды ойнайды.

 

 

 

-Бөліктерді сәйкес түспен бояйды.

  Қорыту.

-Біз қайда саяхатқа бардық?

-Саяхат ұнады ма?

-Сонымен қандай фигураларды білеміз?

Дид/ ойын: «Қандай пішін шықты?»

Шарты: ақ парақ пен қиылған фигура бөліктері беріледі. Солардан фигура құрастырып, ақ парақ бетіне жапсыру.

 

-Өз ойларын айтады.

 

 

 

 

-Ойын шартына сай ойнайды.

  Рефлексия.

«Көңілді фигуралар»

 
  Мадақтау.

«Фигуралар» арқылы.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *