Бұқаралық іс-шаралар бойынша жарты жылдық есеп

№42 Е.Қашағанов атындағы орта мектеп

 

 

 

 

 

Бұқаралық іс-шаралар бойынша жарты жылдық есеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәлімгер: Абдрахимова А.А.

 

 

 

 

 

Кенен ауылы

2019-2020 оқу жылы

 

Қыркүйек айы білім күнінен басталды. 1 қыркүйек «Білім күні» мектепте «Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие жүйесінің рөлі» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынға 1-11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері, мектеп мұғалімдері түгел қатысты.  Мерекеге Кенен ауылдық округінің әкімі Жаманкөзев Нұркен Аманкелдіұлы, ақсақалдар алқасының төрағасы Құттымбетов Мергенбай ағай, ардагер ұстаз Елубаева Алма апай шақырылды. Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының  мемлекеттік  туы енгізіліп, әнұранымен басталды.  Мектеп директоры Ғалия Сатыбалдықызы барша оқушыларды, ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтап, сәттілік тіледі. Өткен оқу жылында жеткен жетістіктерімізбен осы оқу жылындағы өзгерістерге тоқталып өтті.

Қыркүйек айының алғашқы  күндерінен бастап 2019-2020 оқу жылына «Жас Ұлан» мен «Жас қыран» ұйымының жоспары құрылды. Жоспарға сәйкес мектепте төмендегідей жұмыстар атқарылды:

  • Мектепте «Жас Ұлан» балалар ұйымының банк деректер жасалынды;

— Ұйымның сандық, сапалық құрамы жасалынды; (Жас Ұландықтар   саны- 56; жас қырандықтар-21)

  • «Жас Ұландықтардың» визиттік карточкасы жасалынды;
  • Ұйымның алғашқы кеңесі өткізілді.

Кеңесте: сайлаудан көп дауыс жинап «Ұланбасы» сайланған 10 сынып оқушылары – Желеу Мадина мен Төлеу Аружан  жайлы оқушылар толық мәлімет алды. Әр сынып оқушылары, министрлер, көмекшілер өз міндеттерімен таныстырылды. Мектептің  жұмысына бекітілді және «Жас Ұлан» клубы  құрылды.

Ай соңында «Жас Ұлан» БЖҰ мектеп кеңес отырысы өтті. Отырысқа барлық министрлер түгел қатысты. Әрқайсысы осы айда атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Алдағы айда өткізілетін іс шаралармен мектеп тілімгері таныстырып, арқайсысының атқаратын қызметін бөліп берді.

Қыркүйек айының оны күні 5-11 сыныптар арасында «Тіл-халықтың жаны» тақырыбында мектеп акт залында іс шара өткізілді. Іс шараға мемлекеттік ту енгізіліп, ән ұран орындалудан басталды. Мерекелік іс шара үш тілде ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде жүргізілді. Патриоттық әндер орындалып, көрініс қойылды. Оқушылар үш тілде өлең шумақтарын оқыды. Мерекелік іс шара өз деңгейінде өткізілді.

Қазан айының бесі күні «Ұстаз- ұлы тұлға» атты мектеп акт залында  мерекелік іс шара өтті. Шараға мектебіміздің ардагер ұстаздары Шәйіпбек ағай,Мергенбай ағай, Алма апай, Тұрсынбай ағай, Тынышкүл апай, Қабира апай, Жанат апай, Роза апай, Райхан апай, Жүзімхан апай, Нәсіпкүл апай, Жеңіскүл апай, Алғакүл апайлар қатысты. Аяла би тобының «Қазақ» биімен ашылған шарада ауылымыздың әкімі Нүркен Аманкелдіұлы барша ұстаздарды төл мерекесімен құттықтап, құттықтау мадақтамасын тарту етті.Мектебіміздің директоры Ғалия Сатыбалдықызы құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздарды мерейлі мерекелерімен құттықтап, ұстаздарға ерен еңбегі үшін мадақтамалармен марапаттады. Ардагер ұстаздарымызға мектеп ұжымы атынан сыйлықтар табысталды.Келесі кезекте Болат Мөлдір өз шығармашылығынан ұстаздар қауымына өлең жолдарын арнады. Шара соңы мерекелік дастархан мен мектебіміздің 11 сынып оқушыларының концертіне ұласты.

Қазан айының жоспары Салауат бағыты  бойынша «Көңілді жарыстар» тақырыбында эстафеталық  жарыстар өтті.

Мақсаты: Балаларға денені шынықтырудың пайдасын, адамның дені сау сергек болуына көмектесетінін түсіндіру. Балалардың көтеріңкі көңіл — күйде болуын қалыптастыру, тепе — теңдікті сақтау, шынықтыру жаттығуларына, сайыстың шарттарына деген қызығушылықтарын арттыру.

Жоспарға сай мектепте оқушылар  арасында  «Көңілді старт» эстафеталық  жарыс өткізілді. Жарысқа 6 «а», «ә», «б» 7 «а», «ә» сынып оқушылары арасынан  4 команда «Қыран» тобы, «Спорт» тобы, «Жүйріктер» тобы, «Бүркіт» тобы қатысты. Жарысты денешынықтыру пән мұғалімдері Сатыбалдиева Ләззат тәтей Төле Нұрболат ағай және тәлімгер Абдрахимова Асел өткізді.  Әділқазы мүшелері болып мектеп психологі Жуманова А, әлеуметтік педагок Қарашанова Н, зертханашы Қарабекова Г. Және денешынықтыру пән мұғалімі Садырбай Аянғали ағай болды. Жарыс 6кезеңнен тұрды. 1 кезең таныстыру. 2кезең жүгіру. 3кезең доппен жүгіру. 4кезең кедергілерден өту. 5 кезең қаппен жүгіру. 6 кезең арқан тартыс. Барлық команда жақсы дайындықпен келген. Жарыс жақсы, тартысты, көңілді өтті. Әділқазы шешімі бойынша 7 «а» сынып «Алаш» командасы 3 орынды, 6 «б» сынып «Барыс» командасы 2 орынды иеленсе, 7«ә» сыныбы, яғни  «Атамекен» тобы 1 орынға ие болды. Және ерекше өнер көрсеткен 6 сынып оқушылары Самат Ерасыл, Аманкелді Нұркелді,Тұрсынбай Назерке, Ерлан Құндыз,Шыныбеков Бек осы оқушыларымыз мадақтамалармен марапатталды. 6-7сынып оқушылары арасындағы Отар аймақтық «Көңілді старт» атты спорттық байқауда 3-орын иеленгені үшін №42 ОМ «Атамекен» тобы марапатталады. Ойын сынып жетекшілердің де көңілінен  шығып, жиі осындай байқаулар өткізіліп тұрса деген ұсыныстарын білдірді.

Қазан айының Эсетикалық тәрбие бағыты бойынша 7-9 сынып қыздары арасында  мектепішілік «Күз еркесі» атты байқау өтті. Байқауға 8 аруымыз қатысты. Бірінші орынға ие болған 8 сынып оқушысы Белек Нұрсауле аудандық «Күз еркесі-2019»  байқауына жолдама алып, аудандық байқауға қатысып, 34 мектептің ішінен «Инабатты ару» номинациясына ие болдық.

Қараша айының 22 күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында мектебімізде  «Алтын күз-2019»  тақырыбында байқау өтті.

Мақсаты:

—         Жас  ұрпаққа  қоршаған  ортадағы  түрлі  құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға,табиғатты  сүйюге,сақтауға  үйрету

—         Инабатты,иманды,іскер,  мәдениетті,жеке  тұлғаны  қалыптастыру.

—         Ұқыптылыққа,шымырда  шапшаң  ой  жүйріктілігіне,  талғампаздыққа, таза  әдемі  болуға  тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  Сахнада күз көріністері, нақыл  сөздер,  шарлар.

 

Кешке 9сыныптан 1жұп, 10-сыныптан 2 жұп, 11-сыныптан 2 жұп , барлығы 5 жұп қатысты.

Кешті 11-сынып оқушылары Абдрахман Ермахан мен Ахмет Аяжан жүргізді.

Кештің басты мақсаты күз ханзадасы мен күз ханшайымын анықтау. Байқау 7-кезеңнен тұрды.1-кезең «Кел танысайық» әр жұп өздерін таныстырады.

2-кезең «Викторина» сұрақ-жауап.

3-кезең «Өнерлі өрге жүзер» (әр жұп өз өнерлерін көрсетеді)

4-кезең «Сиамдық егіздер»(қағаздан белгілі бір өрнекті қию)

5-кезең «Сұлулық сыры» (сәндік киім үлгісі)

6-кезең Үй тапсырмасы «Күзгі экибана»

7-кезең Ас мәзірі.

Әр жұп өздерін тақпақтап, өлең шумақтарымен мәнерлеп таныстырып шықты. «Викторина» кезеңінде де қойылған сұрақтарға мүдірмей тура жауап берді. 3-кезеңде әр жұп өз өнерлерімен барша көрермендерді тамсандырды. Бір жұп би билесе, екіншісі бейнебаян түсіріп ән айтып, келесі жұп мәнерлеп өлең шумақтарын оқыды.  5-кезеңде «Сиамдық егіздер» кезеңінде екі жұптың біреуінің оң, екіншісінің сол қолы байланады. Оң қолы бос оқушы қолына қайшы ұстайды, сол қолы бос оқушы қолына қағаз бетіне түсірілген өрнекті ұстайды.Екеуі бірігіп қағаздағы өрнекті қиып шығуы керек болатын. Барлық жұп әдемі, артық сызығын шығармай кесіп шықты.

6-кезеңде үй тапсырмасы оқушылар өз қолдарымен дайындаған экибаналарын, қалай дайындағандарын айтып өтті. Осылай «Алтын күз» байқауы өз мәресіне жетті. ІІІ-орынға Рахметолла Бағжан мен Ермекбай Эльнура, , ІІ-орынға Ырғабай Саят пен Қалияс Дильназ, І-орынға Ботабай Мадияр мен Серікбай Зарина ие болса, қалған үш жұп номинациямен марапатталды.Сонымен күз ханзадасымен ханшайымы да анықталды. «Алтын күз» байқауының Ханзадасымен ханшайымы болып Ерекше өнер көрсетіп,бас жүлдеге ие болған, жақсы дайындықпен қатысқан Ботабай Мадияр мен Үшкемпір Ұлжан және Рахметолла Бағжан мен Жұмабек Аружан болды. Және Мұқаш Дияс пен Имаш Құндыз 1-орын,

2-орынға ие болған жұбымыз Үшкемпір Нұрдаулет пен Санақова Айсулу және 3-ші орынға ие болған жұбымыз Жұмахан Айбек пен Кәнәлбек Қарақат және барлық жұпқа сыйлықтар берілді.

Қараша айының 23 күні дәл осы тақырыпта «Алтын күз -2019» бастауыш сынып оқушыларымен өтті. Кешті 10-сынып оқушылары Ботабай Мадияр мен Ахмет Аяжан жүргізді.

Кештің басты мақсаты оқушыларды әдептілікке,инабаттылыққа,ізеттілікке баулу мақсатында 4сыныптар арасында өткізілген күз ханзадасы мен күз ханшайымын анықтау. Байқау 7-кезеңнен тұрды.1-кезең «Кел танысайық» әр жұп өздерін таныстырады.

2-кезең «Викторина» сұрақ-жауап.

3-кезең «Өнерлі өрге жүзер» (әр жұп өз өнерлерін көрсетеді)

4-кезең «Сиамдық егіздер»(қағаздан белгілі бір өрнекті қию)

5-кезең «Сұлулық сыры» (сәндік киім үлгісі)

6-кезең Үй тапсырмасы «Күзгі экибана»

7-кезең Шаш өру.

Байқауға бастауыш сынып оқушылары да жақсы дайындықпен келген. Ата-аналар да ат салысты. Байқау тартысты өтті. Бас жүлдені Төлеу Ералы мен Серік Нұрай ерекше өнерлерімен, тапқырлығымен жеңіп алды. І орынды 4 а сынып оқушылары Отгонбай Бексұлтан мен Уксикбай Арай иеленді. ІІ орынды 4 «ә» сынып оқушылары  мен Сатылған Амина иеленсе, ІІІ орынды 4б сынып оқушылары Алсай Мәди мен Маратбек Нұргүл мен 4ә сынып оқушылары Желеу Ерали мен Ғабит Айым иеленді.

Қараша айының 27 күні Руханият бағыты бойынша  «Дос болайық бәріміз» атты тақырыпта мүгедек балалармен концерттік бағдалама өтті. Мектеп бойынша мүгедек оқушы бесеу оның ішінде біреуі үйден оқытылады. Инклюзив білімімен қамтылған оқушылар саны алтау. Коцертті Жас Ұлан ұйымының мүшелері Ұланбасы мектеп тәлімгері және мектеп психологі мен әлеуметтік педагог ұйымдастырды. Ал концертті өткізу мен жүргізу мектептің өзін өзі басқару мүшелеріне жүктелді. Концерттік бағдарламаны Ұланбасы Желеу Мадина мен білім министрі Серікжан Ерасыл жүргізді. Кеш Жас Ұлан ұйымының министрлерінің «Флешмоб» биімен ашылды.

Алғашқы орындаушымыз Тойлыбай Аружан «Менімен биле» әнін орындады. Ауманқұл Қанағат пен Сабырқұл  Мейірім «Бала тілегі» әнін орындады. Ғанибекұлы Ақылбай мен Жайлаубай Айболсын тақпақтар оқыды.

Ертай Рамазан мен Ахмет Жанель «Танго» биін, Ермекбай Аделя мен Ермекбай Сезім «Қуыршақ» биін тамаша би билеп шықты. Концерт соңында өзін өзі басқару мүшелері мүгедек оқушылармен «Көңілді күн» әніне тамаша биледі. Кеш соңында мектеп директоры оқушыларды осындай сахнаға шығуымен құттықтап, оқушыларға ақ жол тілеп, бұдан да биіктен көрінулерін тіледі.  Жеке кәсіпкер Ғ.Дүйсенбаевтің демеушілігімен алынған ойыншықтарды сыйлап көңілдерін көтерді.

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай мектепте бастауыш сыныптармен бөлек, 5-11 сынып оқушыларымен бөлек лездеме өткізілді.Лездемеге Қазақстан Республикасының туы енгізіліп,  әнұранын орындаумен басталды. Елбасы К.Тоқаевтың өмірбаяны, қызмет жолы, жетістіктері мен шығармалары, шетелдерде Назарбаевтың құрметіне орнатылған ескерткіштер мен көшелер туралы, Тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен қазіргі таңда қол жеткізген жетістіктері туралы түсінік беріліп, слайд арқылы көрсетілді. Ералы Мұхит «Мен қазақпын» әнін орындады. 9-11 сынып оқушыларымен әдеби монтаж ұйымдастырылып, 10-сынып оқушылары Болат Мөлдір, Ботабай Мадияр және 9 сынып оқушысы Желеу Мадина Елбасына арнап өз шығармашылықтарын оқыды. Оқушылардың жазған өлең жолдары өте жоғары дәрежеде болды.

16-желтоқсан  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 28 жыл толуына орай желтоқсан айының 13 күні мектеп акт залында бастауыш сыныптар бойынша «Тәуелсіз ел-Қазақстан» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Акт залы безендірілген. Оқушылар патриоттық әндер, желтоқсан оқиғасы туралы тақпақтар айтып, көріністер көрсетті. Желтоқсан айының 14 күні 5-11 сыныптар арасында «Тәуелсіз елдің рухты жастары» тақырыбында  мектеп акт залында салтанатты жиын өткізілді. Жиынға мемлекеттік ту енгізіліп, ән ұран орындалудан басталды. Патриоттық әндер, көріністер мен өлең шумақтары, слайд қорғау түрлері болды. Салтанатты жиынға 9 сынып оқушылары, әсіресе ұлдары белсене араласты. «Қайсар рухты — Қайрат» көрінісі қойылды. Мектебімізде 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасының күәгерлері болған 6 ұстазға сыйлықтар берілді. Ұстаздар көргендерін оқушылармен бөлісіп, оқушыларға жарқын болашақ, ақ тілектерін білдірді. 9-10 сынып оқушылары өз шығармашылықтарынан өлең шумақтарын оқыды. 9 сынып оқушысы Желеу Мадинаның өз шығармашылығы өте жақсы жазылған. Салтанатты жиын өз деңгейінде өткізілді.

2019-2020 оқу жылында  желтоқсан айында аудан әкім шыршасы  мерекесіне көп балалы отбасынан бастауыш сынып оқушылары қатысты қызықты өткен. Сыйлықтар (Планшет, жылы киім, кітап, тәттілер) берілген.

27 желтоқсан күні Қордай ауданы әкімінің шырша мерекесіне 3 оқушы қатысты. Олар: Мустафа Ұлмекен,Исмайлова Тамирис,Сапарғали Осман барды. Шырша өте қызықты және шырша мерекесіне  бұл оқушылар да мерекелік костюммен барды.

Мектебіміздегі шырша мерексінің ұйымдатырылуы және өтілу барысына келер болсақ:

Мектебімізде желтоқсан айының 27-29 күндері жаңа жылдық шырша мерекесі өтті.Мерекеге 0-11 сынып аралығында жаңа жыл шыршасын өткізу кестесі жасалды.Жаңа жыл мерекесі өз деңгейінде өтті.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *