Тақырыбы: «М дыбысы және әрпі»

Күні: 22.01.2020 ж

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: «М дыбысы және әрпі»

Мақсаты:

М дыбысы және әрпімен таныстыру.Дауысты,дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерімен таныстыру.Ұсақ қол маторикаларын ,тыныс алуын,артикуляциялық ауыз,тіл бұлшықеттерін арнайы жаттығулар арқылы дамыту.Үш дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасау,айтылу ерекшелігін талдау.Қолды жазуға  дайындау, қағаз бетінде  бағдарлау.

Ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа,тазалыққа,әдемілікке  тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап,үлестірмелі материалдармен жұмыс,жұмбақтар.

Көрнекілік құралдар:балықтар,тыныс алу жаттығуына арналған суреттер,әріптер,таяқшалар.

Жылулық шеңбер:

-Сәлеметсіздер ме,балалар?

Қане ,шеңбер басында тұрып,бүгінгі күнмен сәлемдесейік.

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын алайық

Жүрекке жылу салайық

Жиналған жылу шуақты

Бір-бірімізге шашайық.

-Рахмет балалар.

Ұйымдастыру,іздену.

Парта саған төсек емес жатуға,

Түзу ұста,тік отыр сен партада.

Бойды түзе,көтер басты жоғары,

Сымбаттылық болсын сенің бойыңда.

-Өте жақсы,балалар!Бүгін біздің оқу қызметімізге арнайы қонақтар келіпті.

-Балалар бір жылда неше мезгіл бар? Қане,атайықшы?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыста неше ай бар? Қыс айларын атайық.

-Қазір қай ай?

-Бір аптада неше күн бар? Ата

-Аптаның қай күні?

-Қыс мезгілінің ерекшелігін айта қояйық.

Қане балалар, олай болса мен сіздерге дыбыстар қандай өмір сүреді екен, сол туралы ертегі айтып берейін. (Ертегі оқып беру)

Ертегі:

Әлдеқандай патшалықта емес, мемлекетте емес,өзіміздің аузымызда дыбыстар өмір сүріпті.Олардың үйі осы аузымыз болыпты.Үйдің төбесі тандай, едені төменгі таңдай, үйдің екі қабырғасы екі жағымыз болыпты .Ал үйдің есігі екі ерін,оның ішінде есік мықты болу үшін қойылған сүйек шарбақтары бар екен,олар тістер болыпты.Бір күні осы үйге барлығын

басқаратын бастық пайда болыпты.Ол тіл екен.Оның көңіл-күйі жақсы болса дыбыстарды емін еркін өткізіп жібереді екен.

Мысалы былай: А,О,Е,И,Ы,Ы,У. Бұл дыбыстар үстіне қызыл көйлек киіп,есіктен емін еркін кіріп-шығып жүреді екен.Ал,кейбір дыбыстарға кедергі жасап,шығуына бөгет болады екен немесе есікті жауып қояды екен.

Мысалы былай: п-п-п; н-н-н; т-т-т дыбысы шығар кезде тіпті таңдайға жабысып қалады екен.

Есік қағылып әже келеді.

Әже:

-Балалар мен сендерге мына сандықпен сыйлық алып келе жатып, сандықтың кілтін акварумға түсіріп алдым. Енді сандықты аша алмай отырмын. Ал кілтті алу үшін мына тапсырмаларды орындау керек екен.Сендер маған тапсырманы орындап, кілтті алуға көмектесіңдер,келісесіңдер ме?

Балалар:

Әрине

(балалар балықты аулау арқылы тапсырмаларды орындайды)

1 балық Тыныс алу жаттығуы

«Шәйді суыт»

Шарты: кеседегі шәйді балалар үрлеп суытады. Ондағы шәйдің ыстық екендігі айтып түсіндіріледі.Суытып болған соң оны ішіп,дәміне тамсанады.

2 балық

1 тапсырма

-Балалар дыбыс дегеніміз не?Дыбысты айтамыз естиміз.

-Әріп деген не?Әріпті жазамыз, көреміз.

2 тапсырма

-Дыбыстар нешеге бөлінеді? 2-ге

-Қандай ,қандай? Дауысты және дауыссыз.

-Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз? Қызыл.

-Ал дауыссыз дыбыстарды ше? Көк текшемен белгілейміз.

3 балық. Сергіту сәті.

Қолға қалам алайық,

Дәптерімізді ашайық.

Әдемі етіп жазайық,

Салақтықтан қашайық.

Әуен арқылы сергіту жаттығуын орындау

4 балық

1 тапсырма

Әріптік диктант

Әріптер таяқшалары арқылы өткен әріптерден диктант жазу.

5 балық Саусақ жаттығулары

Не қалай айтады?

 

 

Қайшы қиып айтады (балаң үйрек пен ортан терек саусақтарын қайшыдай ұстау).

Ине кіріп айтады (бас бармақ пен балаң үйрек саусақтарын қосу).

Балға ұрып айтады (сол қолды жұдырықтап қою,оң қолмен жұдырықтап соғу).

Біз тесіп айтады(сол қолдың балаң үйрек саусағын, оң қолдың балаң үйрек саусағымен тесу).

Пышақ кесіп айтады (саусақтарымен кезектеп кесуді көрсету).

6 балық  М дыбыс мен әрпі

1тапсырма

Жұмбақ   

Мұртын сипап тілімен

Бетін сусыз жуады

Тышқанды аңдып түнімен

Көзі оттай жанады. (Мысық)

Жұмбақтың шешуі мысық екен. Олай болса мысық деген сөз қандай дыбыстан басталып тұр.

М дыбысынан басталып тұр.Жақсы балалар бүгін біздер М дыбысымен әрпімен танысамыз.

М-м-м деп айтып көрейікші,қалай айтылады дауысты ма дауыссыз ба?

Қандай текшемен белгілейміз?

2тапсырма

М әрпін ауада,қағазда жазу.

7 балық Кілт

Буындар оқу.

АТ, ДА, НА, ҚА, ТА, ТУ, ЛА, МА, МУ, РА, РУ

Кілтті алып әжеге тапсыру.Әже сандығын ашып сыйлық беру.

Сабақты қорытындылау.

Балалар бүгін бізге кім келді?

-Біз қандай тапсырмалар орындадық?

-Қандай әріп өттік?

-Сабақ сендерге ұнады ма?

-Сабақ сендерге ұнады ма?

МАДАҚТАУ.

 

Тәрбиеші :Асенова Бораш

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *