«Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік»

«Балбөбек» жеке бөбекжайы

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік»

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген: Жумагулова Л. Е.

 

 

 

 

 

2019 – 2020 оқу жылы

Білім беру саласы:  Таным

Бөлімі:  Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы:  «Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік»

Мақсаты:  Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, еске сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыдарын қалыптастыру, жол ережісін білудің маңызды екенін түсіндіру.

Көрнекі құралдар:
Жол ережесі туралы суреттер, сызылған жол, бағдаршам, жол белгілерінің макеттері.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, сахналау.

Өтілу барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері

Тәрбиеші:
Құрметті балалар, біз бүгін жолда жүру ережесін қаншалықты білеміз, жол белгілерін айыра аламыз ба, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба осы тақырыпта ой бөлісеміз.
Жалғайтын достастырып бар елменен

Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Бүгінгі бізге келген қонақтармен
Ойынымыз басталсын сәлемменен
Бүгінгі «Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік» атты ұйымдастырылған оқу іс-әрекет сабағымызға  автоинспектор келіп отыр. Сөз кезегін берейік.

Автоинспектор:

– Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мен сендерге жұмбақ жасырайын.

«Үш көзі бар қаз – қатар
Кезек – кезек ашады
Үшеуінен байқасам
Үш түсті нұр шашады»

Тәрбиеші:
– Біздің балалар көліктер туралы көп мағлұмат біледі.

(велосипед, самокат, машинасы бар балалар келеді)

Автоинспектор:

Ей, неге жолда иіріліп тұрсыңдар, қағып кетсе қайтесіңдер?
– Әр түрлі көліктерің болғаны жақсы екен, бірақ жол ережесін сендер де білулерің керек. Кәне таныс болайық. Балалармен танысу.

Зуылбек:
– Менің атым, Зуылбек. Велосипедпен үнемі зуылдап жүремін. Ал мына белгілер көшеде қаптап тұр. Мен оларды қайтем, мен оларсыз – ақ зуылдатам.

(Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек белгідегі велосипедті көреді)

Зуылбек:
– Әй, мынау қандай белгі, мынау менің велосипедім емес пе? Мен үшін жасалған белгі ме?

Автоинспектор:

– Ия, сен үшін, бұл белгінің аты -«Велосипед жүрмейді»

Зуылбек:
– Жүрмейді, тапқан екенсіңдер, мен жүрмейтін жер жоқ, білдіңдер ме, мен үшін көше де, саяжай да, арық, аула бәрі ашық. Сендерше айтқанда, қалай еді?… Зеленный свет
(Сақтандыру белгі ұстаған балаға келеді)
– Мұны да белгі дейді – ау, көшеге пәтердің жылу батареясы белгісі не үшін керек?

Автоинспектор:

– Зуылбек – ау бұл да саған керек белгі. Айталық сен велосипедпен зуылдап келесің дейік, қарсы алдыңнан осы белгі кездесті, ендеше алдыңда темір жол бар деген сөз. Ұқтың ба?

Зуылбек:
– А.. аа Бұл белгінің де қажеті бола қоймас, салдырлап – гүлдірлеп поезд жеткенше өтіп үлгерем.
(Адам сұлбасы салынған көк нұсқау белгісі жанына келеді)
– Ал, мына белгі не үшін керек?

Автоинспектор:

– Қара, бұл адамдар өтеді.

Зуылбек:
– Велигім тұрғанда мұны қайтем?

(Автоинспектор басын шайқап)

Автоинспектор:

Балалар, жолда жүру ережесін, белгілерді Зуылбекті үйретейік. «Сақтансаң сақтаймын» деген сөз бар.

 (Айналасы қызыл жолақпен көмкерілген, үшбұрыш)

 Ескерту белгісі :
Қып – қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам
«Қауіптен сақ бол»- деп сәт – сапар жолдағам
Аман – сау жүреді жаяу да көлік те
Мен берген белгіні Сақтағың, қолданғын.

(Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек)

Тиым салу белгісі:

 Қызылмен боялған, шеңберлі аумақты
Тиымшыл белгімін, қаталмын, салмақты
Мен тұрған жерлерде қақың жоқ жүруге
Қауіп бар бағдарла, көз салып жан – жаққа.

(Көк түсті төртбұрыш)

Нұсқау белгісі:

 Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын
Үн – түнсіз жөн айтып, жол нұсқап тұрамын
Күндіз де түнде де от болып жанады
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.
Зуылбек:
– Балалар сендерге көп рахмет, мен зуылдайын. Сау болыңдар. Сау болыңыз, аға автоинспектор.
Автоинспектор:

– Балалар сендер бұл белгілерді біліп жүріңдер. Ал, енді қауіпсіздік ережелерін есімізге сақтайық
1. Жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жерден өт
2. Жолдан өтерде алдымен солға ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара
3. Жолдан бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өт
4. Егер, жаяу жүргіншілрге арналған жол болмаса жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жолмен жүруге тиісті.
5. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.
6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесіп жүгірме.
7. Машинадан түскенде артынан айналып өту керек.

Бағдаршам:
– Бір көзім «кідір» дейді,
– Бір көзім «жүгір» дейді,
– Бір көзім «абайла» дейді,
Карап ал маңайға дейді.

(Ортаға үш бала алып шығып)
Бағдаршам:

Қызыл көзін ашқанда, Амина
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда, Мақсат
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда, Анель
Жүре бергін жасқанба.

Ал қазір «Жолдан дұрыс өт» ойынын ойнайық.

(Балалармен бірге жолдан өтеді)

Жарайсыңдар, балалар! Бәрің де жолдан дұрыс өттіңдер! Жолда үнемі осы жүргіншілерге арналған жол арқылы жүріп, жол ережесін есте ұстаңдар.

Бәріміз бірге:

«Көшеде сақ бол!»
Көшеде біз сақ болайық, Жібек

Қайғырмасын ата – ана.
Жолда сен бол лайықты,
Балалар атына.
Жолда жүру ережесін,
Білгенің бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың,
Сен өзіңді сау сақтап.

Тәрбиеші:

Рахмет, жарайсыңдар, балалар! Сендер үшін қуаныштымын.

                       

Болжамды нәтиже:

Қабылдайды: Көлік түрлерімен танысады.Жол жүру ережелерін біледі.

Түсінеді: Жол үстінде ойын ойнауға болмайтынын игереді.

Қолданады: Әр-бір көлік  түрлерінің өз атқаратын қызметі болатынын меңгереді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *