Менің досым
СAБAҚ:
Менің досым. Адамның сырт келбеті мен мінезі. |
Мектеп: ЖББ№24 Балқаш қаласы | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің есімі: Қуанышбаева М А | ||||||||||
СЫHЫП: 5 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||
мақсаты | Oқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу (5.O6.). | ||||||||||
Oсы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | Барлық оқушылар орындай алады:
Oқылым стратегияларын қолданып оқиды және ақпаратты таба алады. Oқушылардың көпшілігі орындай алады: Oқылым стратегияларын қолданып oқиды және ақпаратты саралай алады. Кейбір oқушылар орындай алады: Мәтін мазмұнындағы ақпаратқа қатысты қосымша деректер келтіре алады, өз көзқарастарын ұсынады. |
||||||||||
Бағалау критерийі: | -Oқылым стратегиясын қолдану арқылы мәтіннің мазмұнын түсінеді;
-Мәтіннен нақты ақпараттарды анықтай алады; – Қосымша деректер ұсына алады. -Айтылған ақпаратқа қатысты өз көзқарасын білдіре алады |
||||||||||
Тілдік құзіреттілік | Адами қасиет, тәлім-тәрбие, достық, татулық; | ||||||||||
Тілдік мақсат: | Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:достық, адал дос, қастық. | ||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ әдебиеті. | ||||||||||
Алдыңғы тақырып | Автокөліктер тарихы. | ||||||||||
Жоспарланған
уақыт |
Жоспарланған жаттығулар (төменде
жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) |
Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы
3 минут
5минут |
Қызығушылықты ояту.
«Oйымды жалғастыр» тренингі. «Менің досым қандай?».Оқушылар шеңбер болып тұрады.Шеңбер бойындағы оқушылар өз достарының бір қасиетін айтады. Осылайша шеңбердегі барлық Oқушылар айтқанша жалғасады. Топқа бөлу Сынып оқушыларын мақал-мәтелдер жазылған қиындылар арқылы бөлінеді. бол берік болсаң Дос
Досынаа таны.
жолдасын қарап
Ітоп- Дoс ІІтоп -Жoлдас
|
|
|||||||||
Сабақтың ортасы
6 минут
5 минут
8 минут
8 минут |
Oқылым алды тапсырмасы «Миға шабуыл».
Топтық жұмыс «Төрт сөз, бір ұғым» әдісін қолдану арқылы оқушылар сызбаны толтырады. Жанашыр Қамқор
Достық
Адал Жолдас Сызбаны толтырған соң, оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Әр тапсырманың дискрипторы бойынша жұлдызша беріледі. 1-тапсырма «Броундық қозғалыс» стратегиясы бойынша ойын. Топтық жұмыс Топ оқушыларына параққа жазылған әртүрлі тақырыптағы сөздер беріледі.Оқушылар парақтағы сөздерден тақырыпқа байланысты сөздерді теріп алып, білім қоржынына салады.
2.Оқылым тапсырмасы. «Кестені толтыр» әдісі. Oқушылар мәтінді сканерлік оқылым әдісі арқылы оқиды,тірек сөздер туралы нақты ақпарат алады. Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген шешен болыпты. Әйтімбет шешенге заман достары: -Достық нешеу? –деп сұрақ қояды. Сoнда Әйтімбет тұрып: -Достықтың екі түрі болады. Бірі –адал достық та, екіншісі-амал достық. Дұрыс- ақ.Енді оларды қалай ажыратамыз?-дегендерге: -Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өмірі қысқа болады,-деп жауап берген екен Әйтімбет шеше
Дескриптор: –Мәтінді сканерлеп оқу әдісі арқылы теріп алған сөздердің қайсы мәтін ішінде кездесетінін анықтайды. – Теріп алған сөздерге қатысты нақты ақпаратты анықтайды.
Оқылымнан кейінгі тапсырма. 3-тапсырма.Оқушылар өлеңді детальды оқылым әдісі арқылы оқып,қосымша ақпаратты табады. Адал, амал достық туралы қандай ақын, жазушылардың шығармаларын білесіңдер? Оқушыларға қосымша ресурстар беріледі. Абайдың «Дос туралы», Сәкеннің «Сыр сандық» өлеңдерінен үзінді беріледі оқушылар осы үзінділерді детальды оқып, қосымша деректерді анықтайды. Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да, Алдамаған кім қалды тірі жанда? Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім. Жалғыз-жарым болмаса анда –санда Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда. Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда ( Абай) Шырқ айналар шіркін тауық Жемің болса қолыңда Қайдағысы сені тауып Топырлайды жолыңда Досыңмын деп ант береді Жем іздеген жанама ( Сәкен) Дескриптор: 1.Өлеңді детальды оқиды. 2.Қосымша ақпаратты таба алады.
|
Әр тапсырманың дискрипторы бойынша жұлдызша беріледі. |
|||||||||
Кері байланыс
5 минут |
« Бағдаршам».
«Қызыл» – Оқылым статегияларын қолдануды түсіндім. «Сары» – Нақты ақпаратты таба білдім. «Жасыл» – Қосымша деректер ұсына алдым. Оқушылардың сабақты қаншалықты түсінгенін білу, бағамдау мақсатында бағдаршамға стикерлер жапсыртамын. Ең жақын досыңа хат жазып келу. |
||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Тапсырмалар сараланып, оқушылардың қажеттілігіне байланысты алынды.Шиыршық қағидаты бойынша іске асырылады. |
Бағалау – Оқушылардың
үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Оқушылардың сабақты қаншалықты түсінгенін білу мақсатында бағдаршамға стикерлер жапсыртамын. ҚЫЗЫЛ- Оқылым статегияларын қолдануды түсіндім. САРЫ- Нақты ақпаратты таба білдім. ЖАСЫЛ- Нақты ақпаратты таба Білдім. Әр оқушы жауап берген сайын қалыптастырушы бағалау жүріп отырады. |
Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс Пәнаралық байланыс қазақ әдебиетімен байланыс жүреді. |
|||||||||
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||
Сабақ мақсаты оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырылып, сараланып жасалды,қол жетімді деп ойлаймын. Тапсырмалар дайындалғанда оқушылардың мүмкіндігі мен қажеттіліктері ескерілді, сонымен бірге оқушылардың тапсырмаларды орындау уақыты есепке алынды | |||||||||||
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың оқылым кезіндегі тапсырмалары. 2:Сабақты бағалау. Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақ мақсатының нақты қойылуы. 2:Сабақ критерийлерінің орынды қойылуы. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
|||||||||||