Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша 13-16 жаттығулар. 3-сынып. Қазақ тілі

Пән: қазақ тілі

Бөлім: Сәулет өнері

Мектеп: №177 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Калымбетова А

Күні: 04.12.2019ж
Сабақ тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

13-16 жаттығулар

Сынып: 3 г Қатысқандар:                                       Қатыспағандар саны:
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы(қоғамдық ортада) қатысымдық əрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу;

3.3.7.2 мұғалімнің көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу жəне қою;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық жəне стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:

– сөйлем ішінен тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;

– бастауыш пен баяндауышты ажырата алады;

Оқушылардың көбі:

– жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық жəне стилистикалық қателерді таба алады, түзете алады;

Оқушылардың кейбірі:

-бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын біледі, сәйкес жай сөйлем құрастыра алады және тыныс белгісін қолдана алады.

Бағалау критерийлері Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтайды.

Сөйлемнің  тұрлаулы  мүшелерін (бастауыш, баяндауыш) анықтайды. Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық жəне стилистикалық қателерді тауып, түзетеді;

Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қояды.

Құндылықтарды дарыту ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол, зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлғаны қалыптастыру
Пәнаралық байланыстар Әдебиеттік оқу, көркем еңбек, жаратылыстану
Алдыңғы меңгерілген білім Сөз таптары.Сөйлем. Сөйлем мүшелері.Бастауыш.Баяндауыш.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет 

 

Ресурстар
Сабақтың басы

7 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі.

–          оқушылармен амандасу,түгендеу;

–          оқушы назарын сабаққа аудару;

Психологиялық дайындық:

Қайырлы күн достым

Қайырлы күн болсын

Сәрсенбінің сәті

Сәттілікке толсын

Біздің алар бағамыз

Кіл бестікке толсын!

«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен сабақты қорыту

–          Сөйлем дегеніміз не?

–          Сөйлем неден құралады?

–          Сөйлем неше сөзден құралады?

–          Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?

–          Тұрлаулы мүшелерге нелер жатады?

–          Бастауыш деген не? Баяндауыш деген не?

ҚБ: Мадақтау арқылы

Балалар біз қандай тарауды бастап едік? Біздің елімізде сәулет өнеріне бай қандай қалаларды білеміз?

Оқушыларды қима қағаздағы сәулетті ғимараттар арқылы 3 топқа бөлу

1-топ: «Бәйтерек» монументі тобы

2-топ: «Тәуелсіздік» монументі тобы

3-топ: «Мәңгілік Ел» монументі тобы

Топ ережесін сақтау, ережені қайталау

Оқулық, жұмыс дәптері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұндық суреттер

 

 

 

 

Топ ережесі жазылған қағаз

Сабақтың ортасы

5 мин

 

 

 

 

 

 

7 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 мин

 

 

 

 

 

 

3 мин

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

Топтық жұмыс: «Ойлан, жұптас, бөліс » әдісі арқылы

Әр топқа сөздер беріледі. Берілген сөздерден сөйлем құрап, сөйлем мүшелерін табады.

1-топ: Алма пайдалы жеміс

2-топ: Сазан дәмді балық

3-топ: Алматы әсем қала

ҚБ: «Бас бармақ» арқылы

Топтық жұмыс:

Оқулықтан 13-жаттығу орындалады. Мәтінді оқушылар іштей оқиды. Дауыстап оқиды. Содан соң оқушыларға тапсырма беріледі.

 

Сөздікті пайдаланып, сөздердің мағынасын түсіндіреді: мыс_________________________________________

мүсін_______________________________________

Содан соң мәтінге сүйеніп, кестені толтырады.

Қай жануарға ескерткіш орнатылған?  
Ескерткіш қай жерде орналасқан?  
Ескерткіш қай металдан құйылған?  
Құлагер кімнің тұлпары?  
Ол кім?  

Дескриптор:

– сөздік арқылы жаңа сөздердің мағынасын анықтайды;

– мәтіннен қажетті ақпаратты анықтап,кестеге түсіреді.

Мұғалім оқушылардың жұмысын қадағалайды. Көмек қажет ететін оқушыларға жәрдем береді.

Саралау. Оқушылар сөздің мағынасын сөздіктен табуға көмек береді. Жұмысты мұғалім бағалайды. Оқушылардың жұмыстары жинап алынады. Неліктен Құлагер, Астана, Көкшетау, Ақан сері сөздерінің бас әріппен жазылуы сұралады.

ҚБ: Смайлик арқылы

Жаңа сабақты түсіндіру. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

 

 

 

 

 

 

Самат кім?

зат есім    зат есім

Самат оқушы.

 

Самат – оқушы.

 

 

 

  Алма не?

зат есім    зат есім

Алма пайдалы жеміс.

 

Алма – пайдалы жеміс.

 

  Алтынай кім?

зат есім       зат есім

Алтынай  биші.

 

Алтынай – биші.

 

 

   

Сазан не?

зат есім    зат есім

Сазан  балық.

 

Сазан – балық.

 

 

   

Алматы не?

зат есім                     зат есім

Алматы  әдемі қала.

 

Алматы – әдемі қала.

 

Анықтама: Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша қойылады.

Сергіту сәті: Қимыл қозғалыстарын жасайды.

Шаршасаңдар, тұрыңдыр,

Қолды қолға ұрыңдар.

Басты төмен бұғыңдар,

Жұдырықты жұмыңдар.

Алақанды ашыңдар,

Құстай ұшып шығыңдар.

Жұптық жұмыс:

15-жаттығу: Берілген мақалдардың қатесін түзеп, көшіріп жаз

1) Отан-қуат, отбасы-шуақ.

2) Мектеп-кеме, білім-теңіз.

3) Ас атасы-нан.

ҚБ: Мадақтау арқылы

Жеке жұмыс: «Шығармашылық үзіліс»

16-жаттығу:Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, өлеңді жазу

Қасқырдың қаруы-

Есектің қаруы-

Бүркіттің қаруы-

Жыланның қаруы-

ҚБ: Смайлик арқылы

Қима қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

Үлестірме қағаздар, мәтін мазмұнына сай суреттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үлестірме қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс: «Бақыт құсы» әдісі арқылы

Оқушылар сөздерін «Маған бүгін бақыт құсы қонды, себебі……….» деп бүгінгі сабақтан алған білімдерімен бөліседі

 

Үй тапсырмасы: 

14-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып келу

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *