5 санымен таныстыру

Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: «5 санымен таныстыру»
Мақсаты: Балаларды 5 санымен таныстыру. 1-5 ке дейінгі сандарды атап, оларды ажыратуға үйрету. 1-5 ке дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету.
Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, мадақтау.
Көрнекіліктер: сандардың суреті, дидактикалық материалдар, ойынға қажетті материалдар.
Құрал-жабдықтар: Себет, жемістер, хат
Оқу қызметінің барысы:
Мотивация
лық-қозғаушы
лық

-Балалар бүгін бізде ерекше оқу қызметі, себебі бізге көптеген қонақтар келіпті. Қанекей, қонақтармен амандасайық.

Қанекей барлығымыз шаттық шеңберін орындайық.
Шаттық шеңбері:
Аманбысың, Алтын күн,
Аманбысың, жарқын күн.
Бізге жылу,жарық бер,
Қуаныш пен шаттық бер!

Здравствуй, день, здравствуй, друг,
Здравствуй, песен щедрый круг.
Здравствуй, мир, здравствуй, век,
Здравствуй, добрый человек!
-Сәлеметсіздерме!
-Здравствуйте!

-Балалар тәрбиешімен бірге шаттық шеңберін орындайды.

Ұйымдас
тырушы
лық-
ізденістік

-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде неше ай бар?
-Күз мезгілінің айларын атайықшы
– Өткен оқу қызметімізде қандай санмен таныстық?
-Қане, 4 ке дейін санайықшы.
(Тура және кері санаймыз, көршісін атаймыз)
Жарайсыңдар, балалар! Бүгін 5 санымен танысатын боламыз.
-5 санын ауада салайықшы.
Ғажайып сәт:
Есік қағылады. Себет толы жемістер сыйлыққа келеді.
-Балалар қараңдаршы бізге сыйлық келіпті, бұл жемістер кімнен келген екенін білу үшін ішіндегі хатын оқып көрейік.
-Бұл хатты «Күз ханшайымы» жіберген екен.
Ол біздің білімімізді сынау үшін әр түрлі тапсырмалар дайындаған екен. Тапсырманы дұрыс орындасақ сендерге жемістерді сыйлыққа береді екен.
«Күз ханшайымының» тапсырмаларын бірге орындаймыз ба?
-Ендеше, 1 тапсырмаға назар аударайық.
1 тапсырма: «Сиқырлы пойыз»
Шарты: Пойыздың вагондарын сандардың ретіне байланысты орналастырады. Сандарды тура және кері санайды.
-Балалар, жарайсыңдар! Сендер Күз ханшайымының 1 тапсырмасын дұрыс орындадыңдар. 2 тапсырмасы қандай екен, бірге орындап көрейікші.
2 тапсырма: «Сандарды жемістермен сәйкестендір»
Шарты: Сандарды жемістердің санына қарай сәйкестендіреді.
-Жарайсыңдар, балалар! Сендер бұл тапсырманыда дұрыс орындадыңдар.
Тапсырма орындап шаршаған шығарсыңдар, бір сергіп алайық.

Сергіту сәті: «Алма кетті домалап»
-Балалар сергіп алған болсақ, Күз ханшайымының 3 тапсырмасын орындайық.

3 тапсырма: «Сандарды үйшікке орналастыр»
Шарты: Сандарды үйшіктердің дөңгелектеріне қарай орналастырады.
-Жарайсыңдар, балалар! Сендер Күз ханшайымының барлық тапсырмасын дұрыс орындадыңдар. Осымен біздің орындайтын тапсырмамыз аяқталды. Сендерге күз ханшайымының сыйлығын табыстайтын боламын. Сендердің тапсырманы жақсы орындағандарыңды айтып, күз ханшайымына хат жолдаймын.
-Күз мезгілі
-3 ай бар
-Қыркүйек, қазан, қараша

-4 санымен

-4ке дейін санайды.

-5 санын ауада салады.

-Тәрбиешінің айтқандарын мұқият тыңдайды.

-ия.

-Күз ханшайымының 1 тапсырмасын орындайды.

-Күз ханшайымының 2 тапсырмасын орындайды.

-Тәрбиешімен бірге сергіту жаттығуын орындайды.

-Күз ханшайымының 3 тапсырмасын орындайды.

Рефлексия
лық-
түзетушілік

Қорытынды.
-Бүгінгі оқу қызметінде қандай санмен таныстық?
-Біз кімнің тапсырмаларын орындадық? Бізге кім хат жолдады?
-Сандар туралы қандай тапсырмалар орындадық?
– Жарайсыңдар, балалар! Сендер бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Тапсырмаларды керемет орындадыңдар. Сабаққа белсенді қатысқандарың үшін мен сендерге көңілді жұлдызшалар беремін.
-Ендеше, келген қонақтарымызбен қоштасайық. -5 санымен

-Күз ханшайымының

-Балалардың жауабы

-Қонақтармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: 5 цифры туралы, 5 саны көлемінде санауды;
Игереді: Сандар мен сан санына сәйкес суреттерді сәйкестендіруді;
Меңгереді: Сандарды ретімен санап, орналастыруды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *