Үй жануарлары.

Ермахан Ақмөлдір

Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас»

Білім бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Үй жануарлары.

Мақсаты: Үй жануарларының мекен ету ортасы, қоректенуі туралы түсінік беру. көрнекіліктер пайдалана отырып, төлдерінің аттарын атай және ажырата білуге үйрету. Үй жануарларына сүйіспеншілікпен қамқор болуға тәрбиелеу.

 Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, тапсырма беру, ойын.

Тәрбиеші:  Балалар, таңертең көзімізді ашып оянғанда терезеге қарасақ, ең алдымен біз нені көреміз?

Балалар: Күнді.
Тәрбиеші: Дұрыс, күнді көреміз.
—    Күн бізге не береді?

Балалар: Жылу береді, нұр береді.

Тәрбиеші: Олай болса бір-біріміздің қолымыздан ұстап бүгін бізге келген қонақ-апайлармызға жылы лебізімізді білдірейік.
Шаттық шеңбері:

Балалар: Армысың алтын күн!

Армысың жер ана.

Армысың достарым,

Сендерді көрсем қуанам.

Тәрбиеші: Ал, балалар бүгінгі оқу іс-әркетіміз ерекеше болмақ. Себебі, -Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз «Үй жануарлары» туралы болмақ.

Мына суретке қарайықшы бұл не?

Балалар: Сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы.

Тәрбиеші: Бұл жануарлар орманда өмір сүре ме, әлде үйде ме?

Балалар: Үйде өмір сүреді.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.

-Балалар, қараңдаршы үй жануарлары үйде мекен етеді екен.
Үй жануарларының тұратын жерін не деп атаймыз?

Балалар: Қора.
Тәрбиеші: Үй жануарлары немен қоректенеді екен?

Балалар: Жем, шөп жейді.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.

Балалар сиырдың баласын біз бұзау деп, ешкінің баласын лақ деп, қойдың баласын қозы деп, жылқының баласын құлын деп, түйенің баласын бота деп атайды екенбіз.
-Мынау- сиыр, ол бізге не береді?

Балалар: сүт, май, қаймақ, айран, ірімшік береді.

Тәрбиеші: Ал, мынау жылқы, халқымыз жылқы малын керемет бағалаған.

-Жылқының бізге қандай пайдасы бар, бізге не береді? .

Тәрбиеші: Мінсе-көлік болады,қымыз береді, етін жейміз.
-Мынау- қой, ол бізге не береді?

Балалар: Етін жейміз, жүнінен киімдер тоқимыз.

Тәрбиеші: Мынау- түйе, оның дене құрылысы ерекше, ол бізге не береді?

Балалар: Қымыран ішеміз, жүні өте пайдалы.
Тәрбиеші: Ал, мынау –ешкі, ол бізге не береді?

—Сүтін ішеміз, етін жейміз.

-Жарайсыңдар! Үй жауарлары адамдарға  пайдасы өте көп екен.

Тәрбиеші: Төлін тап.

Серкіту сәті:

Балалар: Қорбаңдаған аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.

Тікірейіп құлағы,

Менен бұрын тұрады

Бойын жазып керіліп

Беті-қолын жуады.

Ойын: Жануардың суретін құрастыр.

Қортынды: балалар бүгін біз қандай жануарлармен таныстық?

Балалар: Үй жануарлары.

Дұрыс айтасыңдар. Балалар біздің ұйымдастырылған оқу сағаты аяқталды. Сендер бүгін  ұйымдастырлған оқу сағаттарына өте белсенді, жақсы қатыстыңдар жарайсыңдар деп, сендерге күлімсіреп тұрған смайлик берем!

 

  

Оставьте комментарий

Прокрутить вверх